ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ЭКОНОМИКАДАҒЫ ОРНЫ
1. Меншіктің экономикалық және құқықтық маз¬мұны. Кез келген өндіріс сипаты, көлемінен тәуелсіз бола отырып, меншіксіз әрекет ете алмайды. Меншік — ол иеле-ну, билеу, басқару, пайдалану, меншіктену құқығы, яғни мүліктік құқық. Меншік бұрынғы, қазіргі және болашақ¬та¬ғы кез келген экономикалық жүйенің қызмет етуінің негізі болып табылады.
Меншік, маңайында барлық тұрақты қоғамдық қаты-настар қалыптасып және дамып отыратын қоғамдық ұмты-лыс болып табылады. Меншік формасынан көбінесе шаруа¬шылық өмірдің құбылыстарын ғана емес, сонымен қатар қоғамдық тетік, мемлекеттік институттар, қоғам өмірінің әлеуметтік және мәдени деңгейі тәуелді болып келеді.
Меншік қатынасының сыртқы көрінісіне дәстүр мен әдет-ғұрып, адамгершілік, мәжбүр ету, құқық жатады. Дәл осы құқықтық (заңдық) жоқ меншік құқығын заңды түрде реттеп, өзгерістерді есепке алуға (пайда болу, шеттеу, тоқтатылу және меншік құқығын қайта қалпына келтіру) мүмкіндік береді.
Меншік қатынастарының мазмұнын өндіріс, бөлу (қайта бөлу), өнімдерді айырбастау және тұтыну бойынша адамдар арасындағы экономикалық қатынастар құрайды. Бұл экономикалық теория пәні ретіндегі меншік қатынас-тарының ең орталықтандырылғаны болып табылады.
Меншіктік қатынастар экономикалық теориясының пәніне барлық өсуші масштабтардағы олардың қайталану-шылық, ұдайы өндірушілігінің нәтижесі жатады.
Сәйкесінше, меншіктік қатынастар — бұл өндіріс құралд¬ары, сонымен қатар олардың күшімен өндірілетін тұтыну заты ретіндегі иелену, бөлу, басқару, пайдалану және меншіктену құқықтарымен тығыз байланысты, адам-дар арасындағы жүйелі түрде қайталанатын, ұдайы өндірі-летін қатынастар.
Меншіктің заңдық қатынастары — бұл иелену құқығы. Мен иеленемін. Иелену меншіктің бірінші және басты себебі. Бірақ өзінен-өзі иелену меншіктің экономикалық мазмұнын сипаттамайды. Меншік субъектісін фиксациялап, пассивті түрде де иеленуге болады. Заңды түрде оны қол-данбауы әбден мүмкін, яғни өндірістік қатынастар пайда болғанша. Меншік иесі өз меншігін толық билеуі мүмкін — он босату, сыйға тарту, мұрагерлікке беру және т.б. бірақ барлық осы қатынастарда экономикалық қатынастар туындамайды.
Өндірістік қатынастар экономикалық түрде меншік иесі өз мүлкін пайдаланған кезде ғана көріне бастайды, яғни ол жұмыс күшін жалдайды, оны өндірістік мақсат¬тар-да өз меншігімен біріктіріп, басқарады, сонан соң өндіріс нәтижелерін иеленеді. Бұл меншіктік қатынастарды эконо-микалық өткізу болып табылады.
Осылайша меншіктік қатынастардың экономикалық мазмұны бұл:
— өндіріс құралдарын жұмыс күшімен біріктіру, яғни өндіріс процесін ұйымдастыру;
— өндірістің қоғамдық қаражаттары мен жұмыс күшінің пайда болуы;
— қоғамдық маңызды материалдық игіліктерді (тауар) және қызмет көрсету.
3.2 Меншіктің құрылымы мен формалары
Өндіріс жағдайы бойынша пайда болған өндірістік қатынастардан өнімді өткізу, оны тұтыну, табысты бөлу бойынша тағы бір қатынастар түрі туындайды. Түйін, біреудің мүлкін пайдалану бойынша қоғамдық өндірістік қатынастар¬дың туындауымен меншік негізінде экономи-калық қатынастар пайда болады. Осылайша адамда өзі, оның жанұясы тұратын үйі пайда болады. Бұл үй — оның дербес (жеке) меншігі. Бірақ үй иесі өз үйін жалға беруді шешті. Клиент тауып, шарт жасасты, жылды төлемді анық-тады, 5 жыл мерзімге нотариалды түрде келісім жасады, жаңа жалға алушы үйге көшіп келді. Үй иесі пәтерлік қызметтер көрсете бастады. Сәйкесінше, үй иесі мен пәтер жалдаушы арасында үй жалғасы бойынша, қоғамдық қатынастар туындайды. Оның иесі және оның жанұясынан басқа ешкіммен пайдаланылмаған дербес меншік, қоғам-дық мәнге ие жеке меншікке айналады. Осы қызмет түрімен, пәтерді қажет ететін әрбір адам пайдалана алады. Жекеден дербес меншіктің айырмашылығы — оның экономикалық мәні болып табылады. Осылайша, байлық — оны қажет ететіндерге билік беріп, банкирдің қоғамдық қатынастары туындайды.
Сонымен, меншік формасының құрылымы үш сөзбен сипатталады: мен иеленемін, пайдаланамын және билеймін.
Сәйкесінше, өндіріс — бұл түрлі меншік иелері, эконо-микалық субъектілердің өзара қатынасы. Немесе, өндіріс — бұл араласуымен өз қажеттіліктерін қанағаттан¬ды¬ра¬тын қоғам мүшелерінің, жеке меншік иелерінің қызметі.
Нарықтық экономикада дәстүрлі түрде меншікті мемлекеттік және мемлекеттік емес деп бөледі.
Мемлекеттік емес жеке меншікке — нақты субъектіге меншік объектісін пайдалану құқығы мен тиімділікті алуға мүмкіндік беретін оның түрлі модификациялары жатады.
Қатынастар жүйесі ретінде мемлекеттік меншік жал-пы ұлт мүдделерін есепке ала отырып барлық экономи¬ка-лық жүйенің өмірге бейімділігін қамтамасыз етеді.
Жеке меншік ерекшелігіне меншік иесінің иелену, билеу, басқару, пайдалану және меншіктену құқықтарын іске асыруы жатады. Ол объективті заңдары бар, қатал бәсекелестік үстемдік ететін нарықта өз үрейімен, тәуекелі¬мен әрекет етеді. Нарықтағы табыстылық, көп пайдалы¬лық карьера; осының барлығы — жеке меншік иесінің (еңбе¬гі 1 кесте) еңбек нәтижесі (1 кесте).
Сонда тікелей
Кері тікелей
1 сызба
Бірақ нарықта сұрапылдық пен анархия үстемдік етеді. «Көрінбейтін қол» деп А.Смит қоғамды мақсатқа сәйкестік пен тиімділікті қорытындылай отырып айтқан. Сондықтан меншік нарығында егер есептеп, ойланбасаң, өз кінаңнан ұтыласың. Жеке меншік иесі оқуға, ізденуге, тануға, ойлап табуға, сатып алуға, өз қызығушылығындағы ғылыми зерттеулерді қаржыландыруға, өндірістік күштерді дамытуға мәжбүр. Мұнда жеке меншіктің терең және прогрессивті мағынасы жатыр ол адамдар мүмкіндіктерін, біліктілігі мен білімін максималды түрде шоғырландырады.
3.3 Меншік көп түрлілігінің объектіивті қажеттілігі
Жеке меншікке негізделген — датталған емес. ХІХ ғ. не әлеуметтік қорғау, не дамыған кәсіподақтар, не жоғары деңгейі, жұмыс күнінің 14-18 сағатқа созылуы тән болған. Мұндай жағдайларда тек коммунисттер ғана емес, сонымен қатар, социал-демократтар, түрлі партиялар мен қозғалыс¬тар теңсіздік пен жеке меншіктің орнына қоғамдық мен¬шікті құру үшін күресті.
Қоғамдық меншік негізіндегі адамзат қоғамын ұйым-дастыру логикасы меншіктің жалпы халықтық және мемле-кеттік формасында құрылып, іске асырылады. Оның форма¬ларының көп түрлілігі де мүмкін болуы шарт.
Қоғамдық меншік бірігіп иелену, билеу, пайдалануды бол¬жайды. Егер қоғамдық меншік — ортақ, бірігіп иелену бол¬са, онда ол өндіріс құралдарына қатысты барлығын теңесті¬ре¬ді. Бұл қоғам мүшелерінің теңдігі, осымен адам мен адамды қанау сияқты капитализмнің басты кемшілігін кері ысырып тастайды. Сәйкесінше, оңай табылатын табыстарды алу да жойылған. Барлығы үшін тіршілік ете-тін қаражаттардың жал¬ғыз қайнары, жалпы және міндетті сипатқа ие жеке еңбек болады. Осыдан бөлудің социалис-тік принциптері шығады: «кім жұмыс істемейді, сол тамақ ішпейді». Бұл, социализм өндіріс құралдарына қоғамдық меншік¬ке негізделген. Мұнда жаман ештеме жоқ.
Алайда, өндіріс құралдарына қоғамдық меншіктің ал-ғаш¬қы қалыптасуынан-ақ оған шешілмейтін қайшылық¬тар жүктелген болатын: иеленуге мүліктік құқықтың болмауы (2 сызба). Қоғамдық меншікті іске асыру.
Қоғамның барлық мүшелері меншік иелері. Бірақ біреуі өндіріс қаражатын, құралдарын билеп, басқарып немесе өнді¬ріс пропорцияларын анықтау керек. Ешкім жеке өзі, дербес, мұны істей алмады. Сонда теңдік негізінде құрылған қоғам «басқару аппаратын» құрды. Ол халықтың атынан — өндіріс қара¬жаттарының меншік иесінің атынан иелену, пайдалану және меншікті билеуді жүзеге асырады. Бірақ қоғамның эконо¬микалық қайшылықтары, бара-бара шешіл¬мейтін мәселе бола бастады. Мемлекеттік билік ауқымды шаруашылықты басқару мүмкіндігін жоғалтты, саяси және экономикалық биліктің өзі ликвидтеле бастады. Меншік құқығы тікелей емес басқару аппаратының араласуымен іске асырылады.
Қоғам үшін қиын жағдай биліктің партиялық мемле-кеттік, шаруашылық, заңдық, атқарушылық формаларының объек¬тивті ұлғаюы болды. Биліктің бұл аппараты тек халық¬тың атынан ғана емес, сонымен қатар халықтың өзін өндіріс қаражаттарын экономикалық, әлеуметтік және идеологиялық басқаратын корпоративті күшке айналды.
Тағы бір әлеуметтік және экономикалық тосқауыл на-рық қызметтерін реттеп, ынталандыратын маңызды эконо-ми¬калық категорияның біртіндеп ыдырауы болды. Жай түсі¬нікте нарық болған жоқ, оның «көрінбейтін қолы», тәуекелі, ынта¬сы, ізденушілігі, тұтынушыға жұмысы жоға-лып кетті. Осының барлығын ештеңемен ауыстыруға бол-майды. Нарық қатаң бәсекелестік жағдайында әрекет ететін табысты, ынталы, есепті өндірушілерді таңдады және таңдайды.
Қоғамдық меншік — нарықты реттеп, ынталан¬ды¬ра¬тын рольдерін жоспармен ауыстыру. Тәуекел, ынта, ізденушілік — орының барлығы жоспарда қарастырылуы керек. Егер жоспар ғылыми негізделсе, ол оның орындал-маушылығы мен асыра орын¬далуын болдырмайды. Халық шаруашылығы — баланс¬та묬ған. Өндіріс монополизациясы дамып, бәсекелестік, тәуекел жойылуда.
Өзін өзі реттейтін жүйе ретінде нарықтан айырылып, социалистік экономика еңбектің қоғамдық қажетті шығын-дарын (ЕҚҚШ) есептеуге қызығушылығын жоғалтты. Ішкі салалық және салааралық бәсекелестегі нарық осы ЕҚҚШ анықтау нәтижесінде, өз дербес шығындары мен жеке кәсіпкер капиталын салыстыратын есептеу ақпаратын береді.
Осылайша, қоғамдық меншікке негізделген ішкі қайшылықтар социализмді капитализммен экономикалық жарыста ұмтылысқа әкелді. Капитализмдегі материалдық қызығушылық кәсіпкерді іздеуге, жаңа технологияларды енгізуге, білікті жұмысшы күшін тартуға, маркетингті оқу-ға мәжбүр етеді. Социализм осының барлығынан айрылды, ол экономикалық шешімдер шығындық сипат негізінде қабылданды.
Осының барлығы социалистік меншіктің ауысуына әкелді.
3.4 Қазақстан Республикасындағы меншіктік қатынастардың қайта құрылуы
Бұрынғы КСРО кезінде қоғамдық меншік біртіндеп дамып және өндірістің барлық өмірлік маңызды фактор-ларын қамти отырып, қоғамда меншік формаларының ауысуына әкелді. Меншіктік қатынастардағы революция-лық өзгерістер тек бұрынғы КСРО-да ғана емес, сонымен қатар нарықтық жүйесі құрылған көптеген дамыған елдер-де де болды. Егер ТМД елдерінде меншіктік қатынастар «нарыққа оралу» принципі бойынша дамыса, ал батыста меншікті қоғамдастыру процесі жүріп жатыр. Мысалы, АҚШ-та 10 млн-ға жуық адам толық немесе жартылай жұмысшы ұжымдарына жататын кәсіпорындарда жұмыс істейді.
Әлемде қазір меншіктік қатынастардың өзгеруі жекешелендіру мен мемлекет иелігінен алу негізінде өтуде. Меншікті мемлекет иелігінен алу экономикалық реформа жүргізу кезеңінде пайда болған «Отандық өндіріс» термині. Барлық басқа елдерде мемлекеттік меншікті қайта құру процесі жекешелендіру деп аталады.
Мемлекет иелігінен алу — бұл мемлекетті экономи¬ка-лық өмірді жоспарлау жөніндегі қамқорлығы мен жауап-кершілігінен босату және тікелей шаруашылық басқару қызметінен босату болып табылады.
Мемлекет иелігінен алудың негізгі принципі — бұл еріктілік, еңбек ұжымдары мен жекелеген азаматтардың экономикалық қызығушылығы, жариялылық, мемлекет пен халық қызығушылықтарын сақтау. Барлық осы шаралар ұйымдастырылу, басқару және жұмысшылардың материал-дық қызығушылығын тудыру негізінде еңбек өнімділігінің өсуіне әсер етуі керек.
Мемлекет иелігінен алудың бір бағыты — ол жеке¬ше-лен¬діру. Жекешелендіру — бұл ақысыз тапсыру, сату, акцио¬нерлеу, жеке тұлғаларға және тұлғалар топтарына жалға беру, т.б. жолымен монополистік мемлекеттік меншікті демонтаждау. Жекешелендіру нәтижесінде мемлекет бұрынғы өзінің меншігінің объектілерін иелену, билеу және басқару құқығын жоғалтады.
Жекешелендіруді кейде әлемді жаулап алатын тын¬ыш революция деп те атайды. Негізінде қазір бұл процеске түрлі әлеуметтік экономикалық қатынастардағы әлемнің 50-ден астам елдері қатысады. Осы қайта құрулардың ұмты¬лу¬шы¬лығы, әлемде әсіресе 1981 жылдан бастап күшей¬ді және қазір олар меншіктің жаңа қатынастарын құрудың өзекті процесі ретіндегі даудың кез-келген дең-гейі мен идеологиялық бағыттарынан тәуелсіз барлық елдерде жүргізіледі.
Жекешелендірудің негізгі себебіне мемлекеттік кәсіп-орындар тәртіп бойынша ұлттық байлықты жұмсаушы болып табылатын, бюджеттік дағдарыстар әсерінен болған қаржы тапшылығы жатады.
Жекешелендірудің басты мәселесі — экономиканың жеке секторында тауарлар мен қызметтер өндірісінің ба-сым бөлігі орталықтанатын институтционалдық өзгерістерді қамтамасыз ету. Мақсаты — мәжбүрлі мемлекеттік тапсыр¬ма¬ны қысқарту, тауарлардың нарықта еркін сатылуын кеңейту, бағаны бейтараптандыру, тауар өндірушілердің бәсекелестігі мен олардың экономикалық жауапкершілігін қамтамасыз ету. Алайда, осының барлығы экономикалық және заңды нормативтер негізінде мемлекетті реттеушілік қызметтен босатуды білдірмейді. Жекешеленген кәсіп¬орын¬дардың барлық жеке және заңды иелері тек эконо¬ми¬калық және заңды борыштарды атқаруға ғана емес, яғни сақталуы, көбеюі, меншік объектілерінің тиімді қызмет етуін қамтамасыз ету ғана емес, сонымен қатар нарықтық жүйе инфрақұрылымын құруға келісті. Алайда түрлі ел¬дердегі жекешелендірудің нақты қадамы түрлі нәтижелер берді.
Қазақстанның меншік иелеріне, оларды қиын өтпелі экономикада қарау, псевдонарықтық жағдайларға бейім¬де-лу және оларға нарыққа психологиялық қатынастар және меншіктің түрлі формаларына психологиялық қатынастар құру маңызды болды. Мемлекет халықты реформаны өт¬кі-зу¬дің қажеттілігіне сендіру, нарыққа қызығушылық қатынас¬тарына тәрбиелеу үшін барлығын істеуі керек еді. Осының барлығына уақыт керек еді, ал ол болған жоқ.
Мемлекет иелігінен алу және жекешелендіру бойынша ҚР бағдарламасы үш кезеңде жүргізілді:
1. жаппай жекешелендіру;
2. шағын жекешелендіру;
3. дербес жобалар бойынша жекешелендіру.
Жаппай жекешелендіру 1991 жылдан басталды. Мемлекет иелігінен алу және жекешелендіруді 3 кезеңде 31 мың кәсіпорындарда жүргізу болжанды. Бірінші кезеңде (1991-92 жж.) шағын жекешелендірудің 50% объектілерін жекешелендіру болжанған.
Екінші кезең (1993-96 жж.) орта және ірі кәсіп¬орын-дарды жекешелендіру. Алайда, 1991-93 жж. жекешелендіру нәтижелері бойынша тиімсіз, ақысыз жіберілетін объекті¬лер саясатынан 1994-96 оларды өткізуге ауысты. Осы уақыт ішінде әр түрлі көлемдегі 20 мыңнан аса кәсіп¬орын¬дар жекешелендірілді. Жекешелендірудің дербес жобасы бойынша үшінші кезеңі әлі жалғасуда.
Қазір осы қабылданған заңдарға кәсіпкерліктің бар-лық формаларын қорғауға арналған заң актілерін қабылдау қажет, яғни тек меншіктің барлық формаларының теңдік декларациясы ғана емес, сонымен қатар даму және жеке меншікті заңдық және қаржылай қолдау қажет. Әлемде мемлекет иелігінен алу және жекешелендіру нәтижесінде меншіктік қатынастар аралас экономикалық жүйені құру мен нарықтық қатынастарға көшу жағына қарай дамуда деп сенімділікпен айтуға болады.
Мемлекеттік меншікті мемлекет иелігінен алу және жекешелендіру нәтижесінде қазір ҚР-да меншіктің жаңа қатынастары пайда болды. Олар:
— жеке мүлікті — жеке тұлға ретінде кәсіпкер иеленеді;
— ұжымдық тұлғалар тобы мен ұжымдар мүлкінің иелері (заңды тұлға ретіндегі жалдық және халық-тық кәсіпорындар, қоғамдық шаруашы¬лық¬тардың формасы);
— мемлекеттік — мемлекет пен оның халқының меншігі, оны үкімет басқарады.
Республика заңымен жеке және заңды тұлғалар мүлкін біріктіру егізінде меншіктің аралас формаларын құруға болады, сонымен қатар мемлекеттік меншікті (бірлескен кәсіпорындар құру). Қазір әлемде мемлекет иелігінен алу және жекешелендіру нәтижесінде меншікті қатынастарға көшу жағына қарай дамуда деп сенімділікпен айтуға болады.
Республикадағы аралас экономикалық жүйе моделі (үлгісі) мемлекетке пайданың шексіз қорын алуға мүмкін-дік бермегендіктен, «әлеуметтік нарықтық экономика» түріне ие. Өндірістің меншік иелерімен осы принципті бұзу қоғамдық шиеленіске, әлеуметтік жағдайды нашарлатуға, үкіметке сенімді жоғалтуға, көп ұлттылық пен мемлекет иелігінен алу жағдайында қоғамдық қорғанысты әлсіретуге әкелуі мүмкін.
Республикада жүргізілетін реформалардың мақсаты — мемлекет экономикалық субъект болып, бөлу қатынас-тары¬ның монополиясын жүзеге асырмай, меншіктің барлық объектілерін бақыламайтын қызмет етудің нарықтық принципіне бағдарланған меншіктік қатынастардың өзгеруі.
Әлемдік тәжірибе негізіндегі республикадағы жүргі¬зі-лген реформалардың нәтижелі негізі келесі әдістермен іске асырылған:
— нарықтарды бейтараптандыру;
— аралас кәсіпорындарды құру үшін жағдайлар жасап, оларды дамыту;
— бәсекелестік ортаны қалыптастыру;
— мемлекеттік кәсіпорындарды жекешелендіру жолымен меншікті мемлекет иелігінен алу.
Реформа кезінде Қазақстан бейтараптандырудың жоғарғы дәрежесі мен экономиканың ашықтығына жетті, жеке меншік жалпылық сипатқа ие болды. Жүргізілген жекешелендіру еңбек өнімділігі мен құндылықтардың күрт төмендеуіне әкелді.
ҚР-да жүргізілетін экономикалық реформаның мәселелеріне мыналар жатады:
1. Шаруашылық субъектілеріне шаруашылық форма-сы менменшік формасының ерікті және саналы түрде таңдауға мүмкіндік беру. Меншік оны кім билейтініне қарамастан жұмыс істейді, ал ол жұмыс жасаудан бас тартты деген пікірлер туындаған. Меншік жаңа иелерінің көзқарастары тұрғысынан, қазір оларға тұру тиімді және олар фермерлік жерлер сиқты тұр.
2. Меншікті қатынастар меншік субъектісі мен объектісін жақындату жағына қарай жүру керек. Субъектіге еңбек етушілер, жеке меншік иелері, кәсіпорын ұжымдары жатады. Егер меншікті шеттету жеңіп шығарылмаса немесе осы жеңіп шығу тек жазу түрінде ғана болса, онда қазіргі меншік өзінің мотивациялық күшінен айрылып, шығармашылық ынтаның бастаушысы болуын доғарады. Нарық пен жеке меншіктің басты артықшылығы — бөлу және ынталандыруды жоғалтып, нарықтың өзін-өзі реттеушілік заңы «көрінбейтін қол» әрекетін жою.
3. Жеке кәсіпкерді заңдық және қаржылық қатынастарда қолдау қажет — меншік иесін, шағын және орта бизнесті, оларды жеңілдетілген несие, шикізат, материалдарға жеңілдікті жалгерлікті қамтамасыз ету жолымен.
4. Қазақстандағы көшпелі экономикадағы меншік формалары қатынастарының өзгеруінің ең қиын мәселесі — мемлекеттік меншікті билейтін органдарға бақылау жүргізу болып табылады. Олар мемлекет иелігінен алу мен жекешелендіруді жүргізе отырып, еңбек етушілер сияқты кешегі меншік иелерінің қызығушылықтарын қорғау ісіне үнемі қатыспайды. Экономикалық қылмыс, алдау, сатып алу қылмыстың жай түрлеріне айналуда. Осының барлығын жеңу үшін қандай тәсілдермен болмасын «өзін сыйлауға» мәжбүр ететін күшті және беделді мемлекеттік билік қажет. Ол үшін, ол меншіктік қатынастардың тиімді және әлеуметтік әділ жүйесін құру керек.
Түйін
Меншік қоғамдық өмір мен өндірістің жақтасы болды, болып отыр және болады. Меншік формаларынан тек өндірістік қатынастар ғана емес, сонымен қатар қоғам¬дық өмір, қоғамның әлеуметтік және мәдени тетік¬тері мен мемлекеттік институттар тәуелді.
Кез-келген меншік екі қасиетпен көрінеді: заңдық — иелену, билеу, басқару, пайдалану, меншіктену, мүлік құ-қық¬тық, экономикалық неғұрлым өспелі масштаб¬тар¬да¬ғы жалпылылық, қайталанушылық ұдайы өндірістік қатынас-тар.
Қоғамдық-өндірістік қатынастар меншік формалары-ның түрлі мазмұндарымен және ерекшеліктерімен анықта-лады: жеке, қоғамдық, кооперативтік, ұжымдық, корпора-тивтік, мемлекеттік т.б.
Меншіктің екі анықтаушы формаларына (жеке және қоғамдық) жеке меншік — тікелей, ал қоғамдық жанама болады.
Меншік формаларын өзгертуде жүргізілетін эконо¬ми-калық реформа, мемлекет иелігінен алу және Қазақстан-дағы меншікті жекешелендіру маңызды орын алады.
Жаңа терминдер мен түсініктер
Меншік
Меншік субъектісі
Меншік объектісі
Құқық
Билеу
Басқару
Меншіктену
Тікелей
Жанама
Шеттету
І. Практикум.
1. Неге меншік адамзат қоғамының өндірістік-экономикалық қатынастарының негізі болып табылады?
2. Қоғамдық меншікке негізделген экономикалық жүйе неге капитализммен экономикалық жарыста объективті ұтылысқа ие болады?
3. Меншіктің әр формаларының кемшіліктері мен артықшылықтарын айыра білу
4. Меншіктің қай формасында адамзат қоғамының болашағы дамитынын дұрыс дәлелдеу
5. Меншік формаларының бір-бірінен табанды айырмашылықтарын білу
6. ҚР-ғы жекешелендіру мәселелерінанықтау
ІІ. Қайталауға арналған сұрақтар
1. Меншік формаларына анықтама беріңіз?
2. Меншіктің заңдық және экономикалық жақ¬та¬ры¬ның айырма-шылықтарын анықтауға қандай факторлар әсер етеді?
3. Адам мен қоғам өміріндегі меншіктік қатынас¬тар-дың ролі мен мәнін негіздеңіз?
4. Мына ойды қалай түсіндіруге болады: «Жеке мен-шік — жекеленген, ал қоғамдық — иесіздендірілген»?
5. Сіздер қалай ойлайсыздар, болашақта ҚР-да мен-шік¬тің қай формасы бекітіледі?
6. К.Маркс түсінігін негіздеңіз — «Шенеуініктер жеке меншік сияқты мемлекеттік және саяси билікті меншік-тенеді?
Ш. Өз білімін бақылауға арналған тестілер
1. Меншіктік қатынас — бұл құқық. Иелену құқығына ие болу деген не? Өндірістік қатынастарсыз иеленуге бола ма?
2. Меншік — адамдар арасында тарихи өзгеретін жүйе:
а) өндіріс процесі мен қызмет көрсетудегі объективті
қатынастар;
б) материалдық игіліктерді бөлу және оларды тұтыну;
в) қоғам мүшелерінің еңбек қызметінің арасындағы
айырбас;
г) жеке кәсіпкерлер мен өндіріс қаражаттарын меншіктену;
д) а, б, в жауаптары дұрыс;
е) барлық жауаптар дұрыс.
3. Қорлар мен өндіріс факторларының меншік иесі болу деген не?
а) қорларды иелену құқығы;
б) қорлармен өндірілген тауарлар мен қызметтерді билеу
және меншіктену;
в) шешім қабылдау құқығы — не және кім үшін өндіру;
г) материалдық игіліктерді кім үшін және қанша өндіру;
д) а, б жауаптары дұрыс;
е) барлық жауаптар дұрыс.
4. Меншіктің қоғамдық формаларының теориялық негізін құрды:
а) У.Петти;
б) А.Смит және Д.Рикардо;
в) В.Ленин;
г) К.Маркс;
д) Ф.Энгельс;
е) Дж.Кейнс.
5. Меншіктің жанама қатынасы іске асырылады:
а) экономикада нарықтың реттеу және ынталандыру
қызметтері жүзеге асырылмағанда;
б) керісінше экономикалық категориялар жүзеге асыры¬-
лады — нарықтың реттеуші және ынталандырушы
қызметтері;
в) тәуекел, ізденушілік, ынта кәсіпорын қызметін
басқарғанда;
г) керісінше, тәуекел, ізденушілік, ынта болмағанда;
д) а, г жауаптары дұрыс;
е) б, в жауаптары дұрыс.