1922 — 1924 ЖЖ. Ақша реформалары.
Ақшареформасынөткізудіңқажеттігі. РеволюцияғадейінгіҚазақстандажүргізілген 1895-1897 жж. ақша реформалары нәтижесінде алтын монета айналысы бар алтын монометаллизм жүйесі енгізілді. Айналыста алтын, күміс және мыс монеталар жүрді. Негізгі ақша белгілеріне 92% алтынмен қамтамасыз етілген Мемлекеттік банктің несиелік билеттері жатты. Ақша массасының басты бөлігін алтын монеталарға ауыстырылатын айналыс құралдары құрады, сондықтан да оларға деген халықтың сенімі болды.
1917 ж. жазда ,Уақытша үкімет 20 және 40 рубльдік ақша белгілерін шығарды, олар шынының бетіне жабыстырылған этикеткаларға ұқсас, бұны халық арасында «керенки» деп атады. Несиелік ақшалар мен «керенкилерден» басқа Уақытша үкімет айналысқа суррогаттың әр түрін енгізді: мемлекеттік қазынаның қысқа мерзімді міндеттемесі, займ купондары.
Мемлекеттік шығыстарды жабу мақсатында үкімет ірі купюрада қағаз ақшаларды шығарды. Ұсақ ақшалар ролін чектер, бондар, маркалар және басқа да ақшалай суррогаттар атқарды. Ресейде ақша жүйесінің жалпы құлдырауы басталып, оның Қазақстанға да өзіндік ықпалы болды. Қазан революциясынан кейін ақша айналасының жағдайы біршаманашарлай түсті. Үш жыл ішінде (1913-1920) айналыстағы қағаз ақшаларының массасы 48 есеге дейін өсіп кетті. Ақша 10 мың есеге құнсызданды. 1919 ж. алғаш рет кеңестік мемлекеттік билеттер, кейіннен РСФСР-дің есеп айырысу белгілері айналысқа шығарылды. Түркістанда, Солтүстік Кавказда, Кавказда, Қиыр Шығыста және баска жерлерде жергілікті ақша белгілерін шығаруға рұқсат берілді. Ақша массасы сан алуан түрлі болды. Жергілікті ақша белгілері Жетісуда, Верный қаласында (қазіргі Алматы) шығарылды. Жетісулық несиелік билеттер Мемлекеттік банкте апиынмен сақталған және Жетісу облысының барлық байлығымен қамтамасыз етілді. Бұл туралы несиелік билеттің бет жағында көрсетілген жазу куәландырады. Дүние жүзілік тәжірибеде мұндай жағдайлар болған емес. Жергілікті билік органдарының иелігінде мұндай бағалы дәрәлік шикізаттың 275 пуды болды, олар елдің байлығы болып саналды. Бірақ бұлар қаржылық жағдайды нығайта аламады. «Верненск рублі» күн сайын құнсыздана бастады.
Азамат соғысы мен шетел интервенциясы жағдайында интервенттер, шетелдіктер және ақ гвардия «үкіметі» өздерінің ақшаларын басып шығарды. Олардың бағамдары әр түрлі болды, және олар тезірек құнсыздаңды.
Ақшаның қатты кұнсыздануының нәтижесі: шаруашылық қатынастардың натуралдануы мен ақшаның айналыстан шығарылуы болып табылды.
1920 ж. соңынан бастап «еңбек паегін» ақысыз беру басталды. Келесі жылдары пәтерақы және қоммуналдық қызметтер үшін төлем төлеу алынып тасталды. Оқушыларға тегін киім берді. Базарлардың өзіңде азық-түліктермен алмасу ақшасыз, яғни кездейсоқ айырбас эквивалент (мысалы, етік жұбы 30 фунт крупаға, немесе 1 пуд қара ұнға, немесе 3 фунт махоркаға және т.б.) түрінде жүзеге асырылды.
1921 ж. наурызда болған РКП(б)-ның X съезінде жаңа экономикалық саясат (ЖЭС) қабылданды. Шаруалар өнім салықтарын мемлекетке төлегеннен кейін, артық өнімдерін базарға сатуға мүмкіндік туды. Қала мен ауыл арасында нарықтық қатынас дами бастады. Жеке меншік капиталдың саудаға және ұсақ өнеркәсіпке араласуына жол берілді.
Біртіндеп еңбекақыны ақшамен төлеу калпына келтірілді. Егер, 1921 ж. көктемінде ақшалай еңбек ақыны төлеу тек 10% құраса, онда 1923 ж. бірінші тоқсанында, ол — 80%-дан астамын құрады. Бұл ақша реформасының арқасында ғана мүмкін болды.
1921 ж. қазанда Ресей Кеңестік Федеративтік Социалистік Республикасында Мемлекеттік банкі ұйымдастырылып, ол елдің басты эмиссиялық орталығы болып саналды. Мемлекеттік банктің басты міндеті ақша реформасын жүргізуге дайындық жасау болды.
Ақша реформасын өткізудің экономикалық алғышарттарына ЖЭС жүргізудің нәтижесіндегі шаруашылық жағдайдың біршама жақсаруы: әр түрлі өнеркәсіп саларындағы өнімдер көлемінің өсуі, еңбек өнімділігінің артуы, ауыл шарушылығының басты өнімдерінің өсуі (бидай, мақта), тауар айналымының артуы жатады.
Тауар шаруашылығындағы ақша айналысының бірқалыпты болуының екінші бір алғышарты — бұл ақшаның алтынмен қамтамасыз етілуі. 1.01.1922 жылдан 1.01.1923 жылдар аралығында Мемлекеттік банктің алтын валюта резерві 6,7 млннан 31 млн рубльге дейін өсті. 1922 ж. сәуірде бағалы металдарды және тастарды еркін түрде иеленуге рұқсат берілді, оған дейін халық оларды мемлекетке тапсыруға міндетті болатын. Бағалы металдардан жасалған монеталар мен шетел валюталарын сатып алу мен сатуды Мемлекеттік банктің өзі ғана жүргізуге монополиялық құқығы болды.
Ақша айналысын қалыпқа келтірудің басты бір қадамына
1922 ж. мемлекеттік ақша белгілерін шығару жатты. Мұндағы 1 рубль бұрын шығарылған 10 мың рубльге теңесті. Ақшаларды қайта есептеу олардың төрт нолін сызып тастау (деноминациялау әдісі) арқылы жүргізілді.
1922 ж. 1 мамырынан бастап, барлық есептесулер жаңа ақшалармен жүзеге асты. Айналыстағы ескі ақша белгілерін 1923 ж. 1 қаңтарына дейін кассаларда қабылдады.
Екінші рет деноминациялау барысында 1923 жылғы үлгідегі 1 рубль 1922 жылы 100 рубльге немесе бұрынғы кеңестік ақша белгілерінің бір миллионына теңесті.
Деноминациялар ақшаны есепке алуды оңайлатты, ақша айналысын бір қалыпқа келтіру жөніндегі ұмтылыстарды куәландырды. Әйтсе де рубльді тұрақтандыру мүмкін болмады. Мемлекеттік бюджеттің тапшылығы жағдайында жаңа ақшалар үсті-үстіне шығарыла бергендіктен де, олар тезірек құнсыздануға ұшырады.
Ақша реформасының мазмұны. Ақша реформасы екі кезенде жүргізілді. 1922 ж. 25 шілде және 11 қазанда Кеңхалком декретімен Мембанкке 1, 2, 3, 5, 10, 25 және 50 червонец тұрғысындағы банктік билеттерді шығару туралы құқық берілді. Бір червонец соғысқа дейінгі алтын монетадағы (7,74234 г алтын) 10 рубльге теңесті. Мембанк червонецтерді кәсіпорындарда вексельдік және тауармен қамтамасыз етілген қарыздар беру арқылы шығарып отырды. Бұл тауар айналысынын қажеттілігімен байланысты червонецтерді шығаруға мүмкіндік берді.
Червонецтерді эмиссиялаудың несиелік сипаты олардың қарызды өтеу барысында банкке қайтарылуына кызмет етті. Вексельдер мен тауарлы-материалдык бағалылықтардан баска да червонецтер эмиссия сомасынан 25% алтынмен және шетел валютасымен қамтамасыз етілді. Банктік билеттер алтынға айырбасталмады, бірақ банк червонецтердің алтын рубльдегі бағамының сақталуын бақылап отырды. Кеңес мемлекетінің барлық тарихында червонец жалғыз ғана тұрақты валюта болып табылды.
Сауда-саттыктың және банктік несиелердің ұлғаюына қарай червонецтер де айналыста қолданыла бастады. Олар айналыстағы барлық ақша массасының нақты құнынын 1.04.1923 ж. — 15%, 1.07.1923 ж. — 37%, және 1.10.1923 ж. -74% құрады. Кәсіпорындар арасындағы барлық ақшалай есеп айырысулар, мемлекеттің кірістері мен шығыстары және басқа да төлемдер червонецтермен бейнелене бастады.
Червонецтер ірі ақша болғандықтан да олар көбіне көтерме шаруашылық айналымына қызмет етті. Кеңестік ақша белгілері өздерінің ұсақ құндылығына қарамай, олар ұсак бөлшек’ сауда және базар айналымында қызмет ете берді. Шын мәнісінде елде екі валютаның қосарлы айналысынының жүйесі қалыптасты: Мембанктің несиелеу барысында шығарған червонецтері және Халықаралық қаржы комитетінің бюджет тапшылыгын жабу мақсатында шығарған кеңес ақшасының белгілері.
Екі валютаның қосарлы айналысы — халық пен елдін экономика жағдайына қатты есер етті. Жалақы червонец түрінде есептелгенімен кеңестік ақшалық белгілерінде берілді. Шаруалар өздерінің өнімдерін құнсыз кеңестік ақша белгілеріне сатқылары келмеді. 1.05.24 жылы айналыстағы ақша массасы астрономиялық санға — 762,3 квадрильон рубльге (квадрильон — бұл 15 нолі бар акша бірлігі) жетті. Бұл ақша массасының нақты құны (червонецтегі) 15,2 млн рубльді құрады.
Кеңестік ақша бірліктерінің құнсыздануы шаруаларға үлкен зиян әкелді. Червонецтер қаланың валютасы болды, іс жүзінде олар ауылдарға жетпеді. Ауыл шаруашылығы өнімдерінің тауарлығы төмендей бастады. Мұның бәрі ақша реформасын тезірек аяқтауды талап етті. Бұған деген өзіндік экономикалық алғышарттары болды: бюджет тапшылығы 15%-ға дейін қысқарды, өндіріс пен тауар айналымының өсуі байқалды, алтын қоры ұлғайды (1.01.1923 ж. 10,9 млн рубльден, 1.02.1924 ж. 153,6 млн рубльге дейін). Бірақ алтын корының сомасы Ресей патшалығы соғысының карсаңындағы болған алтын қорына қатынасты алғанда 9%-ға жуығын құрады. .
5.02.24 ж. Орталық атқару комитеті (ОАК)»және Халық Комиссарлар кеңесі (ХКК) декретіне байланысты ақша реформасы тоқтатылды. Айналысқа 1, 3 және 5 рубльдегі қазыналық билеттер шығарылды, мұндағы 10 қазыналық рубльдің құны 1 червонецке теңесті. Кеңес ақша белгілерін шығару тоқтатылды. Олардың қаржы Халық Комиссариатының қорында болған қоры жойылды. 22.02.24 ж. бастап 10, 15, 20 және 50 тиындық күміс монеталар жэне 1, 2, 3 және 5 тиындық күміс монеталар шығарылды. 1924 ж. бастап айналыстағы ақшаның кеңестік белгілерін нақты бағаммен сатып алу басталды, 1 рубльдік қазыналық билет 50 мың рубльге теңесті. Қазыналық билеттердің шығарылу шамасы айналыстығы червонецтер сомасының жартысынан аспауға тиіс болды.
1888ж. дүниеге келген Григорий Яковлевич Сокольников (Бриллиант) 1922-1924 жж. ақша реформасын ұйымдастырушы және теоретигі, болды. 1921 ж. қараша айынан бастап, ол қаржы Халық Комиссариатын басқарған болатын. Оның жетекшілігімен бөлінген қаржы-несие жүйесі қалпына келтірілді. Не бары 3 жыл ішінде, 1924 жылдың аяғында, мемлекетік бюджет тапшылықсыз болды. Бұл кеңестік ақшабелгілерінің эмиссиясын қысқартып, тұрақты червонецтерге өтуге мүмкіндік жасады. Ол 1922 ж. басынан бастап валютаның тұрақтылығы елдің экономикалық өрлеуінің қажетті шарты деп дәлелдеді. Қаншалықты сырты сауданың дамуы ішкі айналымдағы ақшалар мен дүниежүзілік нарықтағы ақшалар арасында тұрақты қатынастың болуын талап ететіндіктен де, алтынға байланысты ұлттық валютаның тұрақты бағамы болуы қажет.
Червонец тарихқа «алтын» деген атпен кірді. Мемлекеттің нарықтағы алтын және шетел валютасына деген сұраныс пен ұсыныс қатынасына араласуын валюталық интервенция деп атай отырып, ол өз қезегінде червонец позициясын нығайтуға, оның бағамын арттыруға мүмкіндік берді.
Сонымен қатар, червонецтер кеден баждарын төлеуге де қабылдаңды. Червонецке тұрақты бағамда валюта алу мүмкіндігі, сондай-ақ червонецтегі бағалардың тұрақтылығының қамтамасыз етілуі, оған деген «сенімді» арттырып қоймай, оның пайдалану аясын кеңейте түсті. 1.07.1923 ж. червонецтер елдегі ақша массасының 45%-ын құрады. Ең басты червонецтер тұрақты қорлану құралы болып табылды. Валюталық нарыққа алтынның және шетел валюталарының қатты құйылымы басталды.
1922-1924 жж. ақша реформасында көптеген адамдар құнсыз қағаз ақшалардың орнына мыс монеталардың келуі таңғажайып нәрсе деп баға берді.
Ақша айналысын реттеуді, ақша белгілерін эмиссиялауды катаң орталықтандырып ¥лы Отан соғысына тұрақты ақша жүйесімен қадам басуға мүмкіндік жасады.
1947 жылғы ақша реформасы.
Үлы Отан соғысы елге — 679 млрд рубльге шығын әкелді, оның ішінде әскери шығындар 551,1 млрд рубльді құрады (соғысқа дейінгі бағамен есептегеңде).
Өндіріс пен халық тұтынатын тауарлардың сатылу көлемінің аяқ асты қысқаруы мемлекеттік бюджеттің табыстарын азайтты. Осы уақыт ішінде әскери шығыстар өсе бастады. Оларды жабу мақсатында халықтан алынатын табыс салығына қоса әскери салық, баласыз адамдарға салық, шағын жанұялыларға салық және жалғыз басты азаматтарға салынатын салықтар енгізілді. Халық арасында мемлекеттік
займдарға ерікті түрде жазылу және әскери техникаларды құрауға ерікті жарналар беру жұмыстары ұйымдастырылды. Соғыс уақытында халықтан барлығы 270 млрд рубль немесе мемлекеттік табыстардың 25,4% шамасында қаражаттар түсті.
Бюджет тапшылығы эмиссиялау есебінен жабылды. Өндіріс көлемінің қысқаруымен айналыста ақша массасы жоғарылады. Бұл ұйымдастырылмаған (колхоз) нарықта бағаның көтерілуіне әкелді. Мемлекеттік сауданың тұтыну заттарына соғысқа дейінгі бағалар сақталды. Бұған халық тұтынатын тауарларды сатуда карточкалық жүйе арқылы қол жеткізді. Рубльдің сатып алу қабілеттігі төмендей берді.
Соғыстың зардаптарын жою үшін экономика облысында рубльдің тұрақтылығын және оның сатып алу қабілеттігін көтеру қажет болды. Өнеркәсіпте және ауыл шаруашылығында өндіріс көлемінің ұлғаюы, тауар айналысының, мемлекеттік кірістердің көбеюі ақша реформасын жүргізуге (КСРО Кеңес министрлігімен РБКП(б) ОК қаулысына сәйкес 1947ж. 14′ желтоқсанда «Ақша реформасын жүргізу туралы және азық-түлік пен өнеркәсіп тауарларына карточкаларды алып тастау туралы») мүмкіндік берді. Айналысқа жаңа ақша бірліктері 1, 3, 5, 10, 25, 50, 100 номиналдық купюрлар шығарылды. Қолма-қол ақшалар ескі ақшаларға 1:10 қатынаста айырбасталынды. Бұндай жолмен айналыста ақща массасы 10 есеге азайды. Мемлекет жасанды ақшалардан құтылды. Халықтың жинақ кассаларындағы 3000 рубльге дейінгі ақшалары қайта бағалауға ұшыраған жоқ, 3000-нан 10000 рубльге дейін 3:2 жеңілдік арақатысымен, 10000 жоғары 2:1 арақатынаспен қайта бағаланды. Мемлекеттік кәсіпорындар мен ұйымдардағы ақша қаражаты қайта бағаланбады. Колхоздардың, кооперативтік кәсіпорындардың және несиелік мекемелердің шоттарындағы ақша қаражаты жеңілдік қатынаспен 5:4 есебінде айырбасталды. Ақшаның айырбасталуы қысқа мерзімде 15-20 желтоқсан аралығында жүзеге асырылды. Ол арнайы ұйымдастырылған айырбас пункттерінде жүрді. Бұрынырақ кезде шығарылған металдық монета айырбасталуға жатпады және айналыста номиналы бойынша қала берді. Желтоқсанның бірінші жартысы үшін жалақы бұрынғы мөлшерде жаңа ақшамен төленді.
Реформаның басты элементерінің бірі бұрынғы шығарылған мемлекеттік займдарды (1947 ж. займнан басқасын) 1948 ж. біртұтас 2%-дық займға конверсиялануы болды. Барлық бұрынғы займдағы облигациялар 3:1 арақатынасымен айырбасталды.
Ақша реформасын жүргізумен қатар, барлық азық-түлік және өнеркәсіп тауарларына деген карточкалық жүйе алынып тасталынды және карточкалық жүйемен салыстырғандағы нанның бағасы 10-12% төмендеді.
Еркін мемлекеттік сауданың ықпалымен колхоз нарықтарындағы бағалар төмендеді. 1948 ж. бірінші тоқсанында рубльдің сатып алу күші 1947 жылдың бірінші тоқсанымен салыстырғанда 41%-ға өсті.
1947 ж. ақша рефомасы ақша жүйесінің түбірімен қайта құруылуын білдірген жоқ. Оны жүргізгеннен кейін де, реформаға дейінгі болған ақша айналысының құрылымы сақталды. Бұның сәл айырмашылыға сол, Мемлекеттік банктің билеттері червонец емес рубль түрінде шығарылатын болды.
Реформа ақша жүйесін нығайта отырып, ақшаның барлық қызметтерінің маңызын арттырды. Бұл реформа өз кезегінде бірнеше рет төлем қабілетті бар сұраныс пен тұтыну саласында ұсыныс арасындағы тепе-тендікті сақтап қала алды. Бірақ бұл елуінші жылдардың басында-ақ бөлшек сауда бағаларын төмендетудің ойланбаған саясатының әсерінен бұзылды.
Рубльбағамының жоғарылауы және оны 1950 жылы-алтын базасына өткізу.
1947 ж. ақша реформасынан кейін алғашқы жылдары экономиканың дамуындағы қол жеткізген жетістіктер және карточка жүйесінің алынып тасталуы өнімнің өзіндік құнының төмендеуіне, дүкендерде азық-түліктердің көбеюіне жол берді. Жыл сайын бөлшек сауда бағаларының төмендеуі басталды. Әдетте ол, 1948 ж. көктемінен 1954 ж. дейін жүргізілді. Бұл уақыт ішінде азақ-тулік тауарларының бағасы
2,6 есе, өнеркәсіп тауарларының бағасы 1,9 есеге төмендеді1. Әйтсе де бағаның төмендеуі халықтың телем қабілетінің сұранысы, өндірістің, әсіресе ауыл шаруашылығы өндірісінің мүмкіндіктерінен асып түсуіне әкелді.
Айналыстағы ақша массасының өсуін тежеу мақсатында халықтың жұмыс жасайтын барлық категорияларының жалақыларынан «халық шаруашылығын қалпына келтіруге және дамытуға» арналған облигациялық займдарды төлеуге 10% ұсталып отырды.
Үкімет рубльдің бағамын шетел валюталарына қатысты көтеру және оны алтын базасына өткізу қажеттігін мойындады. Оған дейін рубльдің шетел валюталарына қатысты бағамы алтын базасында емес, қандай да бір алтындық құрамы бар және алтынға айырбасталатын шетел валютасының базасында белгіленіп келді.
Бастапқы кездері рубльдің бағамын анықтау үшін база ретінде француз франкі қабылданған болатын, себебі Франция валютасының тұрақты алтындық құрамы болды, ал доллар және функт стерлинг болса, олар 1931-1933 жж. девальвацияланған болатын. Бірақ 1936ж. француз франкі де девальвацияланды, сөйтіп оның бағамы біршама түсіп кетті. 1937 ж. рубльдің бағамын АҚШ долларының базыңда есептеу енгізіліп, 1 доллар = 5 рубль 30 тиын болды.
1950 ж. 1 наурыздан бастап үкімет рубльдің алтындық құрамын (баға масштабы) 0,222168 г таза алтынмен белгіледі; Осы бекітілген алтындық құрамына байланысты рубльдің шетел валюталарына қатысты бағамы анықталды. Осылайша бұрынғы 5 рубль 30 тиынның орнына — 1 доллар (доллардың алтындық құрамы ол кезде 0,888671 г алтынды құрады) үшін 4 рубль болып жаңа бағам белгіленді. Ағылшын фунт стерлищіне қатысты алғанда — бұрынғы 14 рубль 84 тиынның орнына 11 рубль 20 тиын бекітілді. Соған сәйкес басқа да шетел валюталарына қатысты бағам өзгерді. Шетел валюталарының алтындық құрамы немесе олардың бағамдарының кейінгі өзгерістері болған жағдайларды КСРО Мембанкі өзінің түзетуін енгізуге тиіс болды. Рубльдің қатаң белгіленген алтындық құрамы оны халықаралық есеп айырысуларды пайдалануын кеңейтті.
1961 жылғы деноминация.
Рубль бағамын алтын базасына өткізгеннен кейінгі он жылдың ішінде (1950-1960жж.) елдің ақша айналымы, мемлекеттік бюджеттің мөлшері, сондай-ақ өндіріс, ұлттық табыс келемі және т.б. шамадан тыс өсті. Экономикалық қызметтердің көптеген көрсеткіштері жүздеген миллиардтармен және триллиондармен бейнеленді. Осындай үлкен сомалардағы шоттармен жұмыс жасау іс жүзінде қаржы-банктік және шаруашылық органдардың жұмысын қиындатып жіберді. Баға масштабы өте ұсақ болып қалды. Сондықтан да үкімет баға масштабын 10 есеге ірілеңдіру, рубльдің алтындық құрамын көтеру және айналыстағы ақшаларды жаңаға айырбастау туралы шешім қабылдады.
1961 ж. қаңтарынан бастап, айналысқа жаңа үлгідегі мынадай ақша бірліктері шығарылды: 1, 3, 5 қазыналық билеттер мен 10, 25, 50 және 100 рубльдегі мемлекеттік банк (банкнот) билеттері, сондай-ақ 1, 2, 3, 5, 10, 15, 20 және 50 тиындық монеталар. Ескі үлгідегі ақша билеттері және монеталар жаңа үлгіге 1:10 арақатынасымен ауыстырылды. 1, 2, 3, 5 тиындық монеталар айырбастауға жатпағандықтан, айналыста номинал бойынша қала берді.
Айырбас 3 ай ішіңде 1961ж. 1 қантарынан бастап 1 сәуір аралығында ешқандайда шектеусіз жүргізілді. Сондықтан да 1961ж. Iтоқсаныныда айналыста ескі және жаңа ақшалар қаа тар жүрді. Барлық ақшалай операциялар 1:10 арақатынасымен жүргізілді. Сонымен бірге осындай арақатынаста тауарлар мен қызметтер бағасы, жалақы тарифтері, зейнетақы мөдшері, степендия, барлық төлемдік міндеттемелер, келісім-шарттар және т.б. жүргізілді.
Баға масштабын ірілендіру ақша есебін және олардың техникалық қызмет көрсетуін жеңілдетті. Ақша билеттерінің пішіндері шагын болып келуі, оларды айналыста қолайлы етті.
Баға масштабын ірілендірумен бірге рубльдің алтыңдық құрамын көтерді және оның шетел валюталарына дегенбағамын жоғарлату жүзеге асты. 1961 ж. 1 қаңтарынан бастап, рубльдің алтындық құрамы 0,222168 г орнына 0,987412 г етіліп қайта белгіленді.
Рубльдің жаңа алтын құрамы рубльде бейнеленген алтынның ресми дүниежүзілік бағасын тауарлар бағасымен теңестіріп, мемлекеттік бюджетпен сыртқы сауда арасындағы күрделі қайта есептеулерді қалыпқа келтірді.
1964 ж. Экономикалық ынтымақтастықтың халықаралық банкінің. құрылумен байланысты, 1991 ж. дейін Экономикалық өзара көмек кеңесіне мүше елдердің арасында көп жақты клирингтік есеп айырысулар үшін қолданылатын ақша бірлігі — аудармалы рубль енгізілді.
Қазақстан Республикасының 1993 жылғы ақша реформасы.
Бір адамның ауыстыратын ақшасының ең жоғары мөлшері 1000 рубльден аспады. Ал зейнеткерлерге 200 рубльден аспайтын мөлшерде айырбастауға рұқсат етілді. Белгіленген лимитен жоғары сомада ақшасы бар адамдарға табыс көздері туралы декларациямен арнайы комиссияға бару керек болды.
1991 ж 23 қаңтардан бастап бір уақытта салымдарды беруге де шек қою енгізілді. Салымдарды тек қана жинақ банктері арқылы тұрғылықты жеріне байланысты айына 500 рубльден аспайтын сомада бере отырып, ол туралы төлқұжаттарына белгі қойылды.
«Павловск» реформасы нәтижесінде айналыстан 8 млрд рубль алынып тасталып, оның иелік ету заңдылығы дәлелденбеген болытын.
Бірақ бұл шара рубльдің сатып алу қабілетінің ұлғаюына әсер етпсді. Бағаның жіберілуі ақшалардың ұстамсыз өсуінде байқалды.
Қайта құру жағдайында өндірістің құлдырауымен бірге айналыстағы ақша массасының өсуі қатар жүрді. Тауарлар мен азық-түліктер көбіне шетелден сатып алынды. Бұл үшін қажетті валютадағы 1,63 млрд доллар сомасын алтынды сатудан түсірді: 1989 ж. — 300 т., 1990 ж. — 234 т.’.
1990 ж. нақты ақшаның эмиссиясы 25 млрд рубльді құрады, бұл 1981-1985 жж. қоса алғандағыдан біршама үлкен. Қыруар ақша массасы бос тұтыну нарығына сәйкес келмеді.
1991 ж. қаңтарда «1961 жылғы 50 және 100 рубльдік үлгідегі ақша бірліктерін КСРО Мембанкінде төлем ретінде қабылдауды және олардың айырбастау тәртібін тоқтату мен азаматтардың салымдарынан қолма-қол ақша беруді шектеу туралы» Президенттің Жарлығы мен КСРО Министрлер Кабинетінің қаулысы қабылданды. Айналысқа 1991 жылы шығарылған жаңа купюралар енгізілді. Жеке тұлғаларға ескі ақшаны жаңа ақшаға айырбастауына не бары үш күн берілді.
КСРО ыдыраған соң кеңес валютасы — рубль бірінші кезеңде, ТМД-ға кірмейтін елдерді қоса алғанда, тәуелсіз мемлекеттер аумағында айналыста жүре берді. Әр түрлі себептерге байланысты, ең бастысы, жаңа мемлекеттердің саяси тәуелсіздікке ұмтылысы, сондай-ақ тез қалыптасып үлгерген заңдармен экономиканын социалистік директивті үлгісінен нарыққа өтуі мүмкін еместігіне байланысты бір-тұтас валютаны сақтау аумағы сәтсіз үзілді.
КСРО ыдырағын соң ақшаны дезинтеграциялау процесі өте күрделі жүргізіліп және бұрынғы кеңес мемлекеттерінің меншікті ұлттық валюталарын енгізілумен аяқталды.
КСРО республикаларының егемендігі жариялағаннан кейін барлық 15 ұлттық банктер бір-біріне тәуелсіз түрде орталық банктер ролін атқара бастады. Мұндай салдардың біріне несиелік экспанциялау жатты. Мысалы, Украина Ұлттық банкі 1992 ж. маусымда несие беру көмегімен кәсіпорындардьщ міндеттемелері бойынша өзара есеп айырысуды өткізді. Бұл мысалды ТМД елдердің көптеген орталық банктері қайталады. Ресей қолма-қол рубльді шығаруда монокомитетке айнал-ғанымен де кейбір КРСО-ның бұрынғы республикалары өздерінің ішкі тұтыну нарығын басқа республикалардың сатып алушыларынан «қорғау» мақсатында өздерінің валюталарын айналысқа шығаруға тырысты. Мұндай жағдайлар, Украинада, Литва, Латвияда және Әзірбайжанда болды.
1992 ж. шілде айында Орталық банктердің корреспонденттік шоттарындағы ақша қаражаттар көлемінде жәнеРесей мен бұрынғы кеңес мемлекеттері арасындағы төлемдерді күнделікті екі жақты өзара есеп айырысу талабын ескере отырып, енгізілгенде ғана бұл іс жүзінде ұлттық қолма-қолсыз рубльдердің құрылуына әкеліп соқтырады.
1992 ж. бірінші жартысында-ақ Қазақстан Республикасының жетекшілері ендігі жерде рубльден күдер үзіп, өз валютасын шығаруға бетбұрыс жасаған болатын. Жаңа ақшаларды шығаруға ағылшынның «Хариссон» фирмасымен шарт жасалды. Сөйтіп, 1993 ж. 1, 3, 5, 10, 20, 50 және 100 теңгелік ақшалар Қазақстанға жеткізіледі. Оларды колдан жасаудан қорғанатын 18 дәрежесі бар.
1993 ж. 12 қарашада Қазақстан Республикасының Прези-денті Н.Ә.Назарбаев «Қазақстан Республикасына Ұлттық валютаны енгізу туралы» Жарғыға қол қойды. Осы жарғымен 1993 жылы 15 карашада сағат 8-ден бастап ұлттык валютаға тенге енгізілді.