Ғ.Мұстафиннің «Шығанақ» романы

Жазушы романның арнайы тапсырмамен жазылғанын айтады.1941 жылы Ленинградты қорғаушыларға арналған азық-түлік эшелонын апарып тапсырушылардың ішінде С.Мұқанов болады. Ақтөбеде бұларға Шығанақ Берсиев қосылады. Екі айға созылған бұл сапарда С.Мұқанов Шығанақты әкесіндей жақсы көріп кетеді. Шығанақпен С.Мұқанов екінші рет Москва ауруханасында кездеседі. Сонда Ш.Берсиев жазушыға мынадай өтініш айтады: «Бірнеше жыл бағып өсірген шаруам бар еді, сол шаруа халықтың есінде сақталу үшін сипатталып жазылғаны мақұл болар еді. Осыны ұйымдастыруыңызды өтінем».

С.Мұқанов Москвадан Алматыға келгеннен кейін шығанақтың диқаншылық өмірі жайлы шығарма жазуды Ғ.Мұстафиннен өтінеді. Жазушы Шығанақты көре алмай қалады. Романға материал іздеп Ойылға барады. Жазушы атақты диқаншының шәкірттерімен, туыстарымен сөйлесіп, дән еккен алқаптарды аралайды.

«Шығанақ»  романында екі жүйе бар. Оның бірі – колхоздан қашқан Олжабектің басынан өткен оқиғалар. Екіншісі Шығанақтың диқаншылық еңбектерімен сабақтасады. Шығанақ – романдағы басты тұлға. Жер жүзіне аты әйгілі тарихи адам. Тары өнімінен дүниежүзілік рекорд жасап, әлемді таң қалдырған. Романда Шығанақтың үй ішін қағыс қалдырмай, бар мәзірмен суреттеген. Обкомның секретары үйіне қонақ боп келгенде Шығанақтың екі әйелі бар екенін аңғарып қалады. М.Хасеновтің пікірінше, осы ескіліктің сарқыншағы жазушы тарапынан сынға ұшырамаған. Қайта бәйбіше, тоқалдың әзілдері жарасып, бірі үйде, бірі жұмыс басында жүреді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *