Дәріс мақсаты: Еуразиялық идеяның қазіргі заманғы күрделі үрдістермен астасуын қарастыру.
Тақырыпқа қатысты сұрақтар:
1.Еуразияшылықты дүниеге айрықша қатынас түрі
2. Еуразияда, бүкіл дүние жүзінде өзара түсіністік пен рухани келісім салтана құрған ғасыры.
3. Қазіргі заманғы күрделі үрдістерді жоюды ұйымдастырушылар.
Тақырыптың қысқаша мазмұны (тезистер);
Қазіргі заманның еуразияшылдығының сипаттамасына әртүрлі көзқарастар қалыптасып келе жатқанын атап өтуге де болады. Еуразияшылдықты тек оң мағынадағы құбылыс деп бағалаудан түбегейлі теріске шығаруға дейінгі аралықтағы пайымдауларды ғылыми әдебиеттерден кездестіреміз. Әрине, ол көзқарастардың бар, немесе жоқ екендігіне қарамастан, өзара әрекеттесу мен ықпалдасу үдерістері объективті түрде жүріп жатқаны да белгілі. Ал енді Ре- сейдегі кейбір сыңаржақты тұжырымдарды насихаттаушы теоретиктері бұл идеяның маңызын терістей алмайды. Тек рухани діңгегін нығайтқан құбылыс қана тарихта өзінің орнын лайықты түрде ала алады. Еуразиялық идеяның ең негізгі қағидатынан ауытқымауды көздеуіміз шарт. Оны басымдылықта ұстау үшін оның жалпы бағытын құптайтын әлеуметтік, тарихи субъектілердің өзіндік егемендігіне, дербестігіне нұқсан келтірмеуі тиіс. Бұл кеңістікте жүзеге асатын экономикалық, мәдени және саяси өзара қатынастар, өзара әрекеттесулер, ықпалдасулар әрбір ұлттың өзіндік “Менін” құрметтей отырып қана жүзеге асуы тиіс. Содан кейінгі мәселе әрбір ұлттың рухани жетілу мәселесі болып отыр. Онсыз олар толық тарихи-әлеуметтік субъект деңгейіне көтеріле алмайды, көбінесе маргиналдық жағдайда қалып отырады. Сондықтан рухани кемелденудің тетіктері толық қосылмай, ұлттың өзіндік этностық төлтумалығы, тарих сахнасындағы өзіндік келбеті туралы жартымды сөз қозғаудың өзі қиынырақ.
Аймақтық еуразиялық интеграия, Еуразия кеңістігіндегі мемлекеттердің өзара интеграиялық қауымдастығы олардың әрқайсысының ұлттық егеменділігі иен тәуелсіздігін, тұрақтылығы мен қауіпсіздігін одан әрі қамтамасыз ету үшін өте-мөте қажет. Президент Н.Ә.Назарбаев ұсынған еуразиялық идея мен әлемдік дағдарыстан шығудың көрсеткен қазақстандық жолы арасында тығыз байланыс бар. Сондықтан еуразияшылдықтың, еуразиялық экономикалық интеграияның болашағы өте зор. XXI ғасыр – осы Еуразия кеңістігіндегхалықтардың көпшілігі мойындап, болашақта еуразиялық идея үлкен материалдық күшке айналып, Еуразияда, бүкіл дүние жұзінде өзара түсіністік пен рухани келісім салтанат құрған ғасыры болмақ.
Өзін-өзі бақылыауүшінтапсырмалар:
4. Еуразияшылдықты дүниеге айрықша қатынас ретінде нены айтуға болады. Еуразияда, бүкіл дүние жүзінде түсінік пен рухани келісім салтанат қүрған ғасырда болып жатқан қандай нәтижелерді көрсетуге болады.
5.Әдебиеттер: 1,4,5,6.