Тұлға

біртуар Мен ретінде алынған жеке адам. Т. ұғымы «идивид», «адам» ұғымдарымен салыстырыла анықталады.«Адам» ұғымы барлық адамдарға тән қасиеттер мен қабілеттерге мінездеме беру үшін қолданылады. Бұл ұғым адамның жануарлардан, өсімдіктерден, машиналардан  т.б. айырмасын атап көрсетеді.  Индивид – адамзаттың  дара өкілі, адамдық ақыл, ерік–жігер,  көзқарас  т.б. да әлеум.–психологиялық сипаттармен анықталушы жан иесі. Т. болып туылмайды, Т. болып өсу барысында қалыптасады. Жас нәресте – адам, бірақ жеке тұлға емес, себебі ол өзінің іс–әрекеті үшін әлі жауап бере алмайды. Т. болу дегеніміз өзінің ешкімге ұқсамайтындай бірегей ішкі рухани дүниесін құрай білу, қалыпты дамып, өмір тәжірибесі мен өзіндік қасиетке ие болу, әлеуметтік ортадан өз орнын таба білу.  Адамның Т–лық қасиеттері оның іс–әрекеттегі белсенділігінің өрістеуіне ықпал етеді. Адамның белсенді қимыл–әрекеті оның мінез–құлқынан, ниет–тілегі мен бағыт–бағдарынан айқын байқалады, сөйтіп жеке адамның ішкі дүниесінің сыры, жан сарайы сыртқа білініп тұрады. Т–ның қасиетті құпиясы оның еркін рухында жатыр. Соның арқасында адам өзіне дейінгі ұрпақтар мұрасын – мәдениетті жасампаз түрде қайта қарап, өзгертеді. Т–ның шынайы айқындалатын саласы – адамгершілік, мораль. Сыртқы мақсаттарға бет бұрмай өзінің рухани еріктілігін ізгі ықтиярымен тоғыстыра білу Т–ны танытушы іс. Осы жайында неміс классикалық философиясының ірі тұлғасы – Кант былай деген:“Адамзатқа, оның ішінде өзіңе де, басқаларға да барлық уақытта мақсатқа жетудің тек бір құралы емес, тек мақсат деп  қатынас жасап, әрекет істе”. Т.–ны зерттеуде З.Фрейд, К.Юнг, Н.Бердяев, А.Камью, Ж. Сартр, М. Хайдеггер, К. Ясперс, Х. Ортега–и–Гассет, Э. Фромм, М. Бубер  т.б. көп үлес қосты.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *