Тасмола мәдениеті

ерте темір дәуіріндегі Орт. Қазақстанды мекендеген тайпалардын мәдениеті. Тасмола қойнауының атына сәйкес аталды. Оны ерекше бөліп алуға тастар тізбегі бар – «мұртты обалар» деп аталатын ерекше үлгідегі ескерткіштер себеп болды. Обалардағы материалдар бойынша Т. м. тайпаларының үш даму кезеңі шартты түрде бөлінген. Бірінші кезең б.з.б. VII–VI ғ–ларды қамтиды. Бұл кезең туралы Тасмола 1–5, Қарамұрын–1, Нұрманбет–4 қорымдары едәуір толық мәліметтер береді. Екібастұздан Солт.–Батысқа қарай, далалық Шідерті өзенінің оң жағасындағы әр түрлі кезде жерленген Тасмола–1 кұрылыстар тобы (19–оба) жатады. Зерттелген бір қабірде әйел жерленген. Оның қасынан жерге төселген қамыс үстінде қола айна, темір пышақ және қайрақ тас және малдардың әр түрлі сүйектері табылды. Қарамұрын қорымынан б.з.б. VII–VI ғ–ларға жататын жебелердін жиынтығы жиналды. Обаға жерленген жауынгерлер мәйіттері мен қанатты ұңғылы және үш қалақты келте қола ұшы бар 46 жебе салынған, жылқы терісінен жасалған қорамсақ көмілген. Нұрмамбет–4 қойнауындағы жауынгерлер жерленген бейіттер де тасмолалық ескерткіштерге тән. Бұл жерден бір бума жебе, мүсінді сабы бар қоладан жасалған ауыр ақинақ–қанжар мен сабы сақиналы пышак ілінген, металдан жасалған құрастырмалы шомбал белдік табылды. Тасмола мәдениетінің алғашқы кезеңінін обаларынан табылған заттар жиынтығы тұрақты болып келеді; ұңғылы, қос қанатты және үш қалақты жебе ұштары, сабының жоғ. ұшы кесек немесе саңырауқұлак тәріздес қаптамасы бар акинақ–қанжарлардың айрықша түрі тек осы кезеңге ғана тән. Сондай–ақ, жолбарыстың алтыннан соғылған мүсіндері, қос доңғалақты арбаны безендіріп тұрған таутекелердің қола мүсіндері, қола айнаға бедерлеп салынған қабан мен бұланның мүсіндері, бұратылып жаткан қабандар түріндегі сүйектен және мүйізден жасалған тоғалар да Т. м–не тән ескерткіштер. Жерлеу ғұрыптарындағы осынша алақұлалық пен карама–қарсылық көрініс б.з.б. 1–мыңжылдықтың соңғы ғасырларында аймақта орын алған күрделі саяси жағдайды бейнелейді.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *