- Үркер туса сорпа да – ас.
- Үлкен пышақ ұялғаннан өтеді.
- Үлкен қазанда қайнағанның шикісі жоқ.
- Үш қайнаса сорпасы қосылмайды.
- Шөлдеген адамға сағым дария су.
- Шуда жіптен бау таққан жейдең құрысын,
Сары майдан дәм еткен кеудең құрысын. - Шайнаған бұырған емес, жұтқан бұйырған.
- Шай ішіп үйренген, қымыз сұрап қыстамайды.
- Шай, шай ішсем көңілім жай.
- Шажырқайда май болмас
- Ыстықтан ет күйеді, ұяттан бет күйеді.
- Ісі жоқтың асы жоқ.
- Ішкенге мәз, жегенге тоқ.
- Ішілмеген ас умен тең,
Кісі кірмеген үй көрмен тең. - Ішер астан жиренбе, қарның одан да жаман.
- Ішіп тоймаған жалап тоймас.
- Ішкен ас түске жетпес, ықылас естен кетпес.
Ат, жылқы туралы - Аттан аттың несі кем, өзі тарлан көк болса.
- Аламаннан қашқанн құтылмас.
- Атың барда есек мінбе.
- Аласаны атқа санама.
- Арғыаққа оқ тисе,
Мәстектей туламас.
Сыпайыға оқ тисе,
Жамандардай жыламас. - Арық аттың бабын тапсаң – тұлпар,
Күйкентайдың күйін тапсаң – сұңқар. - Айғыр ит сау иттен сауға сұрапты.
- Айғыр қандай болса, құлыны сондай.
- Ай шайлағанда тұрып ат іздеген азабың құрсын.
- Арыған ат шұқанақ санайды,
Ашыққан ат қолыңды жалайды,
Жараған ат көзіңе қарайды. - Ат жүйрігін түлкі сүймес.
- Ат онында , жігіт отызында толады.
- Асау атты таға тоқтатады.
- Атқа бергісіз құнан бар, қызға бергісіз жуан бар.
- Ат иесі айқайлайды, өгіз иесі өңмеңдейді.
- Алпысқа келгенше адамның алты түрлі реңі,
Айнымайды жылқының торы менен күреңі. - Аттылыға еріп жаяудың таңы айырылыпты.
- Ауыл толы етектен арық та болса ат артыққ.
- Ат қадірін білмесең жаяушылықта білерсің.
- Алпыс қарсақ ат болмас.
- Атын жаман болса қырын кетер,
Балаң жаман болса арың кетер. - Аталы жетім – арсыз жетім,
Атасыз жетім – ерке жетім. - Атты аладан мінесің.
Айғырды құладан салсаң
Атты құладан мінесің. - Атың болмаса, аяғыңа жалын,
Аяғың болмаса, таяғыңа жалын. - Алдымен атыңды тұсаула,
Кейін құдайға тапсыр. - Айғырды неден салсаң атты содан аларсың.
- Атдорба түбін иіскемей ат тоймайды.
- Ат айында, бие жылында құлындайды.
- Атпен ойнаған тайдың жілігі сынады.
- Аты семіздің жолы тегіс.
- Ат ұстаған азабынан құтылар,
Ер ұстаған бейнетінен құтылар. - Аттан аттың несі артық бір аттаған бұты артық.
- Арғымақ жалсыз ер малсыз.