«Сарыарқа самалы» газетасы жайында
1919 жылы Павлодар уезінде ана тілінде газет шығару әңгіме болды. 1922 жылы 17 тамызда « қазақ газетін шығаруды қолға алу ұсынылсын»деген қаулы алғанымен, тек 1928жылдың желтоқсанында «Кеңес туы» атты газет шығаруды ұйғарып, оның штатын бекітті.
Газетте редактор етіліп орталықтан Бейсенбай Кенжебаев жіберілді. Хатшы міндетін Самат Нұржановқа жүктеп, әдеби қызметкер етіп Уәлихан Омаровты белгіледі.Олар «Кеңес туы» газетінң бірінші нөмірін 1929 жылы 15 ақпанда жарыққа шығарды. Біраздан соң газетке редактордың орынбасары болып Сұлтан Лепесов, әдеби қызметкері етіліп Әбзали Қарасартов, хат көшіруші ретінде Балтабек Асанов келген. Тілші болып Жұмат Досқараев, Әбілқайыр Баймолдин,Зейін Шашкин араласқан. 1930 жылға қарай колхоз құрылысының проблемалары күн тәртібіне қатты қойылды. Колхоздасу ұраны өмірдің өзекті мәселесіне, істің түйініне айналды. Осымен байланысты «Кеңес туы» газеті атын «Колхоз»деп өзгертті. Кейінірек бұрыңғы округкомның бірінші секретары Н.Жигаров «Колхоз» деген аттан қазақша газет екені көрінбейді, басқаша атау қажет дейді. Сонымен енді оны «Қызыл ту» деген атпен шығара бастайды 1930 жылдың күзінен ол Павлодар облыстық газеті болды. Қазіргі күнде бұл газета «Сарыарқа самалы» деген атпен бүкіл облысымызға рухани азық беретін ақпарат құралы. Мұнда әсіресе оқушылардың сүйіп оқитын «Айналайын» беті бар. Газеттің редакторы Мұхит Мүрсалимұлы Омаров. Біз редактордың қабылдауынболып, газета жайында көптеген мәліметтер алдық.
Букаева Диана