ШАЛКИІЗ ТІЛЕНШІҰЛЫ (1465-1560 жж.)
Лекция мақсаты: Шалкиіз жыраудың шығармашылығымен таныстыру, толғауларының мәнін көрсету.
Жоспар:
Шалкиіз (Шалгез) жырау Тіленшіұлы (1965-1560) өмірінен мәлімет.
Мұрасының зерттелуі.
Шалкиіздің өзінен кейінгі ой мен сөз шеберлеріне әсері.
Қазақ поэзиясының атасы — Шалкиіз жырау 1465 жылдар шамасында Жайық бойында дүниеге келген. Ата-анасынан ерте айрылса да, арабша оқып, хат таныған. Өзге түркі тілдес халықтарға қарағанда шығармалары қазақ арасында ең көп сақталған жырау есімі «Шалгез» аталып кеткен. (Сал — кез, Шәлі — киіз аталуы туралы аңыздар). Шын аты Телағыс екен. Қазір бізге белгілі Шалкездің мұрасы 760 жолдай. Оның 500 жолдайы қазақ арасынан, 260 жолдайы ноғайлар арасынан жиналған. Жырлары түгелдей азаматтық, әлеуметтік лирикаларға жатады. Шалкиіздің бір шоғыр жыры Темір биге арналады. «Би Темірге айтқаны», «Би Темірді қажы сапарынан тоқтатуға айтқаны», «Тор балаң құсты қолға алып», «Арық хан», «Боз үстінде от жаққан», «Мен иемнің күнінде» т.б.
Оның барлық толғаулары – заман, өмір, мораль туралы дидактикалық шешендік туындылар. Шалкиіз шығармаларынан айқын аңғарылатын сыр —оның логикалық жағынан жүйелі келуі. Жырау туындыларына ұйытқы болған оқиғалар аса көп емес, әйтсе де оның өмір кезеңдерін, дәуірге көзқарасын өлең-толғауларына қарап мол сезінуге болады. Шалкиіз жырларында суреттелетін адамдар —Темір, Азике, Мансұр, Арық хан және жыраудың өзі. Шалкиіздің өзін біз көбінесе лирикалық «мені» арқылы танимыз. Өз тұсындағы әміршілердің ешқайсысының да шашбауын көтермеген, турашылдығынан танбаған. Жырау туындылары көңіл пернесін дөп басар әсерлілігімен, көздегенін орып түсер өткірлігімен, аз сөзге көп мағына сыйғызған нақтылығымен, сұлу сазды көркемдігі, асау серпімді қуатымен ерек-шеленеді. Шалкиіз — көбі мақалға айналып кеткен талай афористік сөздердің авторы.
(Жаман туған бар болса, жаман жолдас көп болса, жазаны содан көрерсің т.б.)
Ел әңгімелерінің айтуынша, Шалгез батыр болған. Жауынгер, жорықшы жырау болғандығы оның өз шығармаларынан да көрінеді. Шалгез поэзиясы белгілі дәрежеде жаугершілік поэзиясы. Мұның куәсі жыраудың ескілік қаруы имек садақ пен қайқы қылыштан тым аулақ тұрмағанын көрсететін өлеңдерінен-ақ байқауға болады. («Аспанды бұлт құрсайды», «Балпаң-балпаң басқан күн», «Асқар, асқар, асқар тау» т.б.).
Қазақ батырларының өзіндік орын-үлесін, белгі-ерекшеліктерін көрсететін «Ер Шобан» жырында Шалкиіз елдік, ерлік мәселелерін көтереді. Шын мәнісіндегі жыраулық поэзияны жасаушы болған Шалгез дидактикасын кейінгі жыршылар да азық етті.
Сондықтан да жыраулық поэзияның гүлдену дәуірі Шалгезбен байланысты, өйткені ол — қазақ әдебиетіндегі ерекше құбылыс.
Өзін-өзі бақылау тапсырмалары:
Шалкиіздің арнау толғауларына талдау жаса.
Би Темірге айтқан шығармаларының мәні.
Шығармаларындағы жауынгерлік рух, шешендік нақыл сөздер, афоризмдер.
Жырау есіміне байланысты ақиқат пен аңыз.
Әдебиет:
Ай, заман-ай, заман-ай. А., 1991.
2. Бектуров Ж. Художественно-композиционные особенности поэзии
жырау и акынов. (Автореферат дисс.) А., 1990.
3. Бес ғасыр жырлайды. (екі томдық). А., 1989.
4. Кенжебаев Б. Қазақ әдебиеті тарихының мәселелері. А., 1973.
5. Мағауин М. Қобыз сарыны. А., 1968; Ғасырлар бедері. А., 1991;
Қазақ тарихының әліппесі. А., 1994.
6. Мәдібай Қ. Хандық дәуір әдебиеті. А., 1996.
7. Сүйіншәлиев Х. Қазақ әдебиетінің қалыптасу кезеңдері. А.,1967
Қазақ әдебиетінің тарихы. А., 1997.
8. Сыдықов Қ. Көркемдік өрнектер. А., 1992.
9. Тұрысбек Р. Қазақ хандығы дәуіріндегі әдебиет (Оқу бағдарламасы).
А., 1998; ХVІІІ-ХІХ ғғ. қазақ әдебиеті (әдістемелік нұсқау) А., 1998.
Шалкиіз Тіленшіұлы
Шалкиіз Тіленшіұлы (1465-1560 ж.ш.) – жырау, орта ғасырлардағы қазақ поэзиясының көрнекті өкілі. Жыраудың әкесі, сахара феодалдарының бірі болса, шешесі Кіші жүздің ұйтқысы болған, орыс деректерінде Сыртқы Орда аталатын ұлыстың әмірі Мұса бидің қызы еді. Ол үш айлығында анасынан айрылып, нағашыларының қолында тәрбиеленді. Шалкиіз жас кезінен-ақ ер жүрек жауынгер әрі талантты жырау ретінде даңққа бөленді. Жігіттік шағы Ноғай Ордасындағы Мұса бидің маңайында өтті. Кейіннен Үлкен Орданың әміршісі Мансұрұлы Темір бидің және ноғайлы Жүсіп бидің төңірегінде, өмірінің соңғы кезін қазақ ханы Хақназар маңында өткізді.
Жырау туындылары әсерлі, өткір, аз сөзге көп мағына сыйғызған сұлу сазды көркемдігімен ерекшеленеді. Оның «Асқар, асқар, асқар тау…», «Қоғалы көлдер…», «Арғымақ ару аттар…», «Ор, ор қоян, ор қоян…», т.б. шығармаларында орта ғасырлық қарапайым көшпелілердің өмірі туралы нанымды, моральдық, этикалық түсініктер көрініс тапқан. Ал «Алаштан байтақ озбасы…», «Жапырағы жасыл жаутерек», «Ер шобан», т.б. жырлары ерлік рухқа, асқақ романтикаға толы. Шалкиіздің халық арасына ең көп тараған шығармалары ? «Би Темірге айтқаны», «Би Темірді қажы сапарынан тоқтатуға айтқан» толғаулары.
Ол ертедегі қазақ поэзиясының өлең өрнегін байытқан ақын. Оның шығармалары 19 ғасырдан бері қарай қағаз бетіне түсе бастады. Қазан төңкерісінен кейін 1875 жылы орыс және қазақ тілдерінде «Императорлық орыс географиялық қоғамы Орынбор бөлімінің жазбалары» жинағында жарияланды. Кейін аталған жинақта, «Астараханский вестник» газетінде, Ы.Алтынсариннің «Қырғыз хрестоматиясында» және басқа да жинақтарда, ал кеңес дәуірінде «Ертедегі әдебиет нұсқалары», «Алдаспан», «15-18 ғасырлар қазақ поэзиясы», «Бес ғасыр жырлайды» жинақтарында жарық көрді. Дереккөзі: Қазақстан ұлттық энциклопедиясы, 9 том
Қазақ жыраулық поэзиясының атасы Шалкиіз Тіленшіұлы Жайықтың шығыс бетінде дүниеге келген. Жыраудың әкесі, сірә, сахара ақсүйектерінің бірі болса керек, ал шешесі кейін Кіші жүздің ұйытқысы болған, орыс деректерінде Сыртқы Орда (Заяицкая Орда) аталатын ұлыстың әмірі Мұса бидің қызы екен. Болашақ жырау үш айлығында анасынан айрылады да, нағашы әжесінің қолына беріледі. Сөйтіп, Дәшті-Қыпшақ жерін жайлаған түркі руларының бірінен екіншісіне көшкен бір ғасырға жуық сапары жөргектен басталады. Мұсылманша жақсы білім, сахара салтымен тамаша тәрбие алған ол қай атырапта өсіп, ержетті — бұл жағы белгісіз. Тек айдынды аламан ғана емес, арқалы жырау ретінде де даңқы шыққан Шалкиізді 1490 жылы Ноғайлы әміршісі Темір бидің төңірегінен көреміз. Шығармаларына қарағанда, осы кезде жырау бірде әскери жорықтар сапында,бірде әміршісінің нөкері қатарында Қырым, Терістік Кавказ, Дон бойын тегіс аралап шығады. Алайда тәкаппар жырау Темірмен үнемі жарастық таба бермеген. Темір өлгеннен соң жырау (тәрізі, осы уақытқа дейін өзімен қырбай болып жүрген) Мұса ұрпақтарымен қайта табысады. Өз заманындағы саяси күрестердің ешқайсысынан сыртқары қалмаған Шалкиіз Ноғайлыда XVI ғасырдың 40-жылдары басталған Жүсіп пен Исмайылдың әйгілі тартысы кезінде Жүсіпті жақтайды. Алайда дұшпандары тарапынан қуғынға, достары тарапынан күндеуге ұшыраған жырау көп ұзамай нағашыларымен біржола араздасып, Қазақ Ордасына қайта өтеді.
Шалкиіз жырау
ХҮ ғасырда өмір сүрген көрнекті жыраулардың бірі Шәлгез (Шалкиіз). Оның шығармалары қазақ, ноғай, қарақалпақ халықтары арасына кең тараған.
Шәлгездің әкесі Тіленші аталады. Халық арасында Шәлгез әке, шешсі белгісіз, салмен ағып келіп кезігіп, Орақ, Мамайға бала болған немесе шешеден ерте айрылып, Ноғайлының ұлы биі нағашысы – Мұсаның қолында тәрбиеленген деген әңгімелер кездеседі. Ғасырдан ғасырға көшіп, аңызға айналыңқырап жеткен, мазмұны жағынан бір-бірімен сабақтас бұл әңгімелер жырау тегі туралы бізге қолға ұстатқандай нақты деректер бермегенмен, атадан балаға ұласып, халық жадында қалыптасқан шындық сілемін аңғартқандай. Ол шындық – Шәлгездің Орақ, Мамай мырзалармен не өзі қасына көп ерген Темір бимен бірге тумағандығы. Сондықтан да қанша айбарлы батыр, айдынды жырау болса да, өмір тәлкегін көп көргендігі. Қазақстан Республикасы Ғылым академиясының қорындағы Әкіш ақсақал тапсырған қолжазбада: «Шәлкез Мұсаның қызынан, Орақпен тетелес апасынан туған», — делінеді. Осы деректер негізінде бұл пікірді М.Мағауин өз зерттеулерінде келтіреді. Ғалым Ә.Дербісалин Шәлгезді Мұса бидің жиені санау жансақ пікір дейді. Ә.Дербісалин пікірінше, Шәлгез Орақ, Мамаймен замандас, жасы қатар адам. Сондықтан оның қызынан тууы мүмкін емес. Бұл әлі де анықтай түсуді қажет етеді.
Шәлгез жыраудың өмір сүрген дәуірі мен мекені туралы ел аузынан жазылған қолжазбалар мен жыраудың өз шығармалары ғана хабар береді. Ертелі-кешті жырау шығармалары жарияланған жинақтарда, қазақ ақыны Мұрат Мөңкеұлы жырлаған «Шәлгез» толғауында, сондай-ақ ел аузынан жазылған материалдарда Шәлгездің «нрғайлы» екендігі айтылады. Біздің қолымыздағы «Салкез батырдың Орақ, Мамайға айтқаны» деген қолжазбада жыраудың балалық, жігіттік шағы Орақ, Мамай маңында өткендігі, бірақ батырдың Ноғай ордасындағы бедел, құрметін күндегендер оны елден кетірмек болып, жауға жалғыз жұмсағаны, батырдың жауды жеңіп келіп, аттан түспестен, Орақ, Мамай мен жиналған жұртқа жыр толғап — өкпесін айтып, жапан-түзге кеткені айтылады. Аталмыш материалдарға қарағанда, Шәлгездің Ордада – Орақ, Мамай маңында өсіп, бедел-даңқы сол кезде белгілі болғаны көрінеді.
Шәлгез Темір биге Орақ, Мамай ордасынан кеткесін барғанға ұқсайды. «Би Темірге айтқаны», «Би Темірді хажы сапарынан тоқтатуға айтқаны» деген толғауларына қарағанда, оның Темір бидің қолбастар батыры, жұртты аузына қаратқан аталы сөз айтар ақылшы жырауы болғандығы аңғарылады. Өкпелеп, ажырап кетіп барып қайта табысады. Бұл жайды аталмыш толғаулар мазмұнынан және В.В.Радлов ноғайлар арасынан жазып алған «Шалкиіз» деген материалдан, «Шайыр» жинағындағы жырау шығармаларына берілген түсініктерден айқын көреміз.
Соңғы жылдарда табылған, яки ноғайлар арасынан жазылған Шәлкез өлеңдері де жырау өмірі туралы жаңа деректермен толықтыра түседі. Ноғайлар арасынан филология ғылымының кандидаты А.Сиқалиев жазып алып, жариялаған «Мен иемнің күнінде», «Алай жаным» деген өлеңдеріне, Үпі (Уфа) архивіндегі «Қазақ өлеңдері мен хиссалары» дәптеріндегі «Әжікам, сен Мансұрұлы Тоқусан» деген өлеңіне қарағанда, Шәлгез бірқатар уақыт Әзике (Әжіке) сырза қарамағында болады.
Біздің қолымызда бар деректерден,-деп жазады М.Мағауин, — Шалкиіздің (біздіңше, Шәлгез деген қисынды. — С.Қ.) Темір би өлгеннен соңғы өмірі Мамайдың және оның інісі Жүсіптің төңірегінде өткендігі көрінеді.
Мен жоғарыда баяндап өткен жайларға қарағанда, Шәлгездің ХҮ ғасырдың ІІ жартысы мен ХҮІ ғасырдың 70-жылдары аралығында өмір сүргені аңғарылады. Ел аузынан жиналған материалдарда Шәлгездің сәби кезінде Орақ, Мамай аты белгілі батырлар. Зерттеушілер мәліметіне сүйенсек, Алшағырұлы Орақ 1496-1548 жылдарда өмір сүрген. Мамай 1549 жылы өледі. Шамамен Орақ 20-25-терде батыр атанды десек, Шәлгез 1516-1520 жылдар дүниеге келген болады. Бірақ бұл жоба тарихи деректерге қайшы келеді. Себебі, Шәлгез ұлығылай жырлайтын Темір би 1480 жылы Угре жорығына қатысады, ХҮ ғасырдың 90-жылдары тарих сахнасынан кетеді, Ноғай Ордасын 1504 жылы оның ұлы Тәуекел билейді. Демек, Шәлгездің Темір дүниеден өткесін тууы шындыққа сәйкес келмейді. Бұған қарағанда, дәл сол тұста ел аузынан жазылған деректерге сүйенудің жөні жоқ. Себебі, тарихи деректерде Орақ, Мамай Шәлгезбен тұрғылас, тіпті бірқатар жас кіші боп та шығады.
Шәлгезді Хақназарға кетуге мәжбүр еткен Жүсіп 1554 жылы өледі. Бұл кезде жырау Орақ, Мамай, Би Темір, Тәуекел, Әзике, Жүсіп маңында болып, Қазақ хандығына барған, егдерген кезі еді. Шәлгезді ХҮ ғасырдың ІІ жартысы мен ХҮІ ғасырдың орта кезі аралығында өмір сүрген деу орынды.
Ел аузынан жиналған қолжазбалар мен ХХ ғасыр бас кезінде баспа жүзін көрген кітаптарда Шәлгез ноғайлының жырауы еді делінеді.
«Шайыр» жинағындағы Шәлгез толғауына берілген түсінікте оның Қояс руынан екені айтылады. Бұл деректі ел аузынан жазылған шежірелер де бекіте түседі. Алшын ішіндегі «ноғайлы» құрамындағы Қояс руының қариясы Ақбаев Елеш өзін Шәлгез батыр ұрпағы санайды. Елеш өз ата-тегін: Шәлгез-Ержақай-Жанғабыл-Бекболат-Аружан-Қараша-Қалмамбет-Шақа-Сақ-Сәмет-Құдайберді-Қаз-Ақбура-Байғазы-Құрманғазы-Құлмақамбет-Өтәлі-Ақбай деп таратады. Демек, Шәлгез – Елещтің он тоғызыншы атасы. Елеш қария шежіресіне қарағанда, алтыншы атасы Ақбура батырды беріш Саржала батырмен байланысты әңгімелейді.
Шәлгез шыққан Қояс руы қазіргі ноғай халқы құрамындағы тайпалар мен ру аттары арасында кездеспейді. Бұған қарағанда, Ноғай Ордасының көптеген рулары Еділдің Кавказ бетіне көшенде, Қояс руы түгелдей Алшын арасында қалса керек. Немесе Қояс руы Ноғай батыр дәуірінен (ХІІІ ғ-дан бері) Алшын арасында жүрген түрік-моңғол руларының бірі, кейін барып «ноғайлы» не «ноғай-қазақ» руы құрамына кіруі мүмкін. Демек, Қояс руы бағзы «ноғайлы» руы болсын әлде Ноғай Ордасы сарқыншағы болсын, қалай болғанда да, Шәлгез Ноғайлы елінде, Ноғайлы аймағында – Батыс Қазақстан өңірінде дүниеге келіп, бар өмірін Еділ, Жайықтан Қазан мен Түменге, Жемнен Сыр сағасына дейінгі Қыпшақ даласында өткізгендігі аңғарылады.
«…Өз заманы үшін қадірлі де құрметті кейбір шығармалары ауызша ғана тарап қоймай, жазбаша да тарағандығы туралы болжам жасауға итермелейді. Мүмкін, бізге жеткен М.Османов, Ғ.Мұштах (Ғ.Қараш) жинақтарына негіз болған ел ішіндегі қолжазбалар, Үпі архивіндегі «Қазақ өлеңдері мен хиссалары» сол дәуірдегі жазбалардан біреу көшіру арқылы жеткен мұралар болар. Мұндай жазбалар ертелі-кешті архив қазыналары мен сол кезде ноғайлы аталған аймақтан тараған түркі тілдес халықтар арасынан табылуы мүмкін.
Шәлгездің «Ғизмет иәм би Темір», «Бәйтерек», «Арық хан», «Қатынасы биік көлдерден», «Боз үстінде от жаққан», «Мен иемнің күнінде» өлеңдері мен кейбір жыр жолдары қазақ, ноғай арасынан жиналған жырау мұрасының қай-қайсысында да кездеседі. Ал Шәлгез мұрасының ең маңызды әрі көлемдісі саналатын «Би Темірге айтқаны», «Би Темірді хажы сапарынан тоқтатуға айтқаны», «Шағырмақ бұлт жай тастар» толғауларының қазақ арасынан жиналып, алды бұдан бір ғасыр бұрын (1875) жарық көрген.
Шәлгездің бізге жеткен жырлары түгелдей азаматтық, әлеуметтік лирикаға жатады. Ол өз көңіл күйін толғайтын бірділі-екілі толғауының өзінде де өмір заңдылығын, заман үлгісін қатар суреттей отырады. Жырау – «от басы. Ошақ қасының» қарапайым пендешілік халіне айналмай, өзіне дейінгі Һәм өз заманындағы қилы-қилы сырларға көз жібереді, өмірде көрген көп жайларын көңіл таразысына салып, қорыта толғайды, көсем көңілмен, өнегелі сөзбен ізгілікке үндейді.
Шәлгез шығармалары ой, мазмұны жағынан қисынды, жүйелі келеді. Мысалы, өлең жолдары бірінде аздау, кейбіреуінде көбірек он бір тирададан тұратын «Би Темірге айтқаны» толғауын алайық. Кеше ғана Темір би сарайында шалқып жүрген өзі би, өзі батыр атақты жырауды бүгін тағдыр түзге тентіретсе, жыр дүлдүлінің бақ, мансабын көре алмаған орда маңындағы «күйбеңдескен көп жаман» жанындай санап, бек сенген Темір биді бұған қарсы қойса, жырау не демек, өз көңіл күйін қалай жеткізбек? Жырау Темір биге деген өкпе-ызасын, оның маңындағы жандайшаптарға деген кекті Һәм сілтілі сөздерін бірден лақ еткізбей, алыстан орғыта, өз халін табиғат құбылыстарына ұқсата, жұптастыра, салыстыра толғайды. Шәлгез нөсер алдындағы түнерген аспанды, көкшілден соққы жеген құс еркесі қудың қайғылы халін тектен-тек айтып отырған жоқ.
Көп ішінде бір жалғыз
Көп мұңайып жылайды.
Күйбеңдеген көп жаман
Сөзі тигенге ұқсайды.
Міне, алғашқы тираданың соңғы төрт жолының өзінде де жанама хабар айтқандай, жай жоспармен, меңзей толғайды. Ал екінші шумақта өзі үшін Темір би кім еді, үшіншіде өзі Темір үшін кім еді, — соны жырлайды.
Кемел ақыл, кенен ой, бұлтартпас биік, тепсінген тегеурінмен Темір биді тізгіндеп, жуасытып алған жырау кейінгі бесінші, алтыншы, жетінші, сегізінші, тоғызыншы, оныншы шумақтарында ақыл, ғибратқа көшеді. Шәлгез бұл тұста «шамаңды біл, жасық жима, асыл жи» дегендей. Тек толғау соңында ғана тағы да бәсік көңілмен үшінші шумақта айтқан Темірге ақ-адалдығын дамыта, тереңдете түседі.
Шәлгез жырларында суреттелетін адамдар – Темір, Әзике, Мансұр, Арық хан және жыраудың өзі. Жыраудың өзін біз көбінесе лирикалық «Мені» арқылы танимыз. Осылардың ішінде жыраудың Темір би мен өзін бейнелеуінен сөз зергерлігін анық аңғарамыз.
Темірді құдіретті етіп көрсетуде жырау оны сахара аспаны астында көздеген жеміне жасындай ойнап, жайдай жарқ етер сұңқардың тегеурініне балайды. Жырау «қу сұлтаны – саһар, саһарды сайлап қаусырған боз сұңқар» — Темірді құс азғыны құладынға қарама-қарсы қойып, шендестіре суреттейді. Шәлгез бейнелеуінің әсерлілігі сол — әлгі сұңқардың сұмдық қайрат-қуаты мен қимыл-әрекетін көріп отырғандай сезінесің. Демек, бұл жырау сөзінің эмоциялық әсер-қуатының күштілігі.
Шәлгездің «Арық хан», «Боз үстінде от жаққан», «Әжіқам, сен Мансұрұлы Тоқусан», «Мен иемнің күнінде» сияқты өлеңдерінде Темір бейнесін толықтыра түсер детальдар мол. Бұлардың қай-қайсысында да Темір туралы үлкен мақтаныш сезіммен мадақтай жырлайды.
Шәлгез аталған жырларда Арық хан, Әзике, Мансұр сияқты шонжарларды Темір образына қарама-қарсы бейнеде суреттейді. Жырау бейнелеуіне қарағанда, Арық хан – Темірдің тегеурініне төтеп бере алмас төменшік адам, Әзике – қатыгез, әділетсіз мырза.
Шәлгез жырларынан жыраудың өз бейнесін де ажырата тану қиын емес. Ол Темірге арналған толғауларында өзін бидің жан аямас шын берілген ақ, адал қызметшісі – «көп құлының бірі» ретінде суреттейді. Бірақ Шәлкез мәңгі бақи сол күйде, сол көңілде қала бермейді. Оған өз жолдары куә:
Басымды менің қорласа,
Көп туғаным жоқтаман.
Аяғымнан менің басыма
Етектеп плтын құйса, тоқтаман!
Байлық мен мансап, атақ пен абырой жел айдаған бұлттай жөңкіліп жүре беріп, тар кезеңге тап болған жырау өмірінің біраз ізі осы шумақтан да байқалады. Бұл хас батырға тән мәрттік мінезбен қатар, заман тәлкегіне түсіп, неге болса да бел буып, бекінген жанның берік тәуекелі мен ашынған көңілінің ақтарылған сыры дерлік. Мұны өлеңнің тепсініп келген тегеурінді ырғағымен, күңіренісімен күші басым өлең жолдарынан мол сезінеміз. Мұндай әуен Шәлгездің әЕділім» толғауына да тән. Бірқатар жолдары Қазтуған жырына сәйкес келетін бұл шығарма – жыраудың туған жерімен амалсыз қоштасуы, «Шөбі – секер, суы – шәрбет» ата қонысты қимас сезімнен туған телегей теңіздей терең тебіренісі.
Шәлгез жырлаында философиялық толғаныс, тебіреніс ретінде келетін дидактикалық өнеге-өсиет, мақал-мәтел, ақыл-нақылды шумақтар мол. Жырау өнеге-өсиеттік бірқатар жолдарында өрісті ойларын жақсы мен жаманды салыстыра отырып суреттейді:
Құсты жисаң, бүркіт жи,
Қыс тоныңды түлкі етер.
Бір жақсымен дос болсаң,
Азбас, тозбас мүлкі етер.
Бір жаманмен дос болсаң,
Күндердің күні болғанда,
Жүмле ғаламға күлкі етер.
«Жақсыдан – шарапат, жаманнан – кесепат» дегендей, бұл шумақтағы жақсы – шарапатты шын дос та, жаман – жалған дос, екіжүзді сатқын бейнесінде.
Жырау жақсы мен жаман арқылы ер мен ез, мәрт пен нәмарт сияқты адам бойында кездесетін екіұдай кереғар қасиет-мінездерді салыстыра суреттеу арқылы дәуірден дәуірге көшіп келе жатқан көптеген өмір сырын байыпты бағалайды. Шәлгездің «Қатынасы биік көлдерден», «Тобылғының берігі», «Бостаны барды теректің», «Айдынға шүйсең, тардан шүй», «Бар күшіңді сынамай» шумақтары және «Шағырмақ бұлт жай тастар» дейтін ұзақ толғауы – не замандар бойы өмір тәжірибесінен қорытылған саралы ойлар жиынтығы, өмір аксиомасы дерлік. Бұларда ақыл-ғирбат та, өнегелі өсиет те мол. Бұл саладағы толғауларынан Шәлгездің өрісті ойларын, замана шындығын, дәуірдің елеулі мәселелерін көтере білген кемел парасатын тани түсеміз.
Міне, жырау өмірдің өзінен туындап жатқан ащы шындықты айқын көре алған да, жақын жеп жаманға жан тартуға емес, «жақсыда жаттық жоқ» дегендей адамды, азаматты, абзалдықты суюді өсиет етеді.
Атаның ұлы ерлерге
Малың бер де, басың қос,
Басыңды қос та, бек сыйлас, —
Күндердің күні болғанда,
Басың жауда қалар ма?!
Бұл жолдардағы Шәлгез ұғымындағы «Ата ұлы» адамдығы мо азамат ерлер ретінде танылады. Даңқты жорық жырауы Шәлгездің өзі де дарабоз тұлға болған. Ол — өзі заманының айтулы батыры, ақылгөй абызы.
Қорытынды
Тарих беттерін бір дүбірлеткен жырауларымыздың өмірі бізге аңыз болып отыр. Олардың өнері мен шеберлігіне қарап, жырларын сүйсіне оқығанның да өзіндік орны бар. Ақын өмірі жай адамнан өзгеше екені әркімге анық. Сондықтан да, Асанқайғы, Шаркиіз, Қазтуған сиықты жыраулар сонау заманның тылсым өмірін келер ұрпаққа өз еңбектерімен жеткізген. Әлеуметтік және саяси дүниені ашып көрсеткен.
ТАҚЫТ ЕЛІ ЖӘНЕ ШАЛКИІЗ
Едіге өлісімен Еділ-Жайық арасында Түлек-Темір ұрпағы бой көрсете бастады. Бұлар Бұлғар, Биляр, Жоукотин, Самара, Увак тарапының билеушілері еді. Әсіресе ағайынды Құдайдат пен Ұлық Мұхаммед жігер-қайратымен ерекше көзге түсті. Құдайдат ләшкерінің бас қолбасшысы уақ Ер Көкше болуы, осы әулеттен Махмутек (Мәметек) есімді хан шығуы және уақ шежіресіне Қосай, Нарық, Шора батыр¬лар есімінің енуі – увактар (уақтар) бір¬лестігінде тобықтылар (Мәметек аталары), тама, мың тайпаларының болғанын аңдатады.
1422 жылы Ноғайлы беклербегі Еді¬генің ұлы Мансұр шығыс Дешті Қыпшақ¬тан Барақты шақырғанда, Сарай тағында Құдайдат пен інісі Ұлық Мұхаммед отыр¬ды. Мансұрдың кеңесшілерінің ақылына құлақ аспай, Бараққа арқа таңуы – Түлек-Темір әулетінің дүмпуімен тікелей байланысты еді. Барақ бірнеше шайқаста жеңіске жетіп, бұл әулетті Еділдің Қырым бетіне қуып салды. 1426 жылы Ұлық Мұхаммед жасанып келіп, Барақты Сырға қашуға мәжбүр етті. Сол кеткеннен Барақ Еділ-Жайыққа қайтып оралған жоқ. Сарай қаласы, Алтын Орда иелігі Ұлық Мұхаммедтің қолына көшті.
Бұл кезде Әзітарханда жас бала Кішік Мұхаммед хан боп отырған. Ол Алтын Орда тағын Ұлық Мұхаммедке беріп, өзі кіші хан болып, бағыныштылық танытқан сияқты. Қалай дегенмен, Кішік Мұхаммед Әзітарханда, Ұлық Мұхаммед Сарайда 1437 жылға дейін соқтығыспай тыныш отырды.
Ұлық Мұхаммед шынында да тылсым қасиеттерге ие, даланың ұлы перзенттері¬нің бірі еді. Дала жұртының ата жолы, дәстүрлі салтын қатаң сақтаумен, көзсіз қиянатқа жол бермей, қайырымдық үрдістеріне мейлінше адалдығымен ел ықыласына бөленді. Орыс князьдігін қолдан шығармай, боданда ұстай білді. Бұл кезде Алтын Орданың ішкі-сыртқы тірлігі Ұлық Мұхаммедтің ұлы Махмутек, күйеу балалары Айдар, Елбердінің қажыр-жігерімен жүзеге асты.
Осы кезде Мәскеудің ұлы князі жас бала Василий мен көкесі – әкесінің інісі Юрий арасында таққа талас өрті лаулады. Ашық майданда жеңісе алмаған соң, хан төрелігіне жүгінуден басқа амал қалмады. Олар бөлек-бөлек жолдармен артынып-тартынып, Сарайға сапар шекті. Василий таққа әкеден кейін бала отыратын жаңа жарғыны, ал Юрий ағадан кейін іні оты¬ратын ескі жар¬ғыны алға тартып таласты. Ұлық Мұхам¬мед өзі төрелік етті. Н.М.Ка¬рамзин жас князьді жақтаған Иоанн есім¬ді боярдың ұтымды сөздері Василийдің мерейін үстем қылды деп бағалай келіп, сөйленген сөздің мәтінін келтіреді: “Ұлы патшамыз, біздей құлыңа жас князьге ара түсер сөз айтуға рұқсат бересіз бе? Юрий ұлы князьдікті Ресейдің көне заңнамасы¬на сүйеніп қуына¬ды, ал Русь сіздің ұлы¬сыңыз болғандықтан, жас князь өзіңіздің рақымшылдығыңыздан ғана дәметеді. Билікті кімге беру қо¬лыңызда: құқын қөлденең тартып, талап еткенге бересіз бе, жоқ жалбарынып өтін¬генге бере¬сіз бе? Патша әмірі тұрғанда шаң басқан, тозығы жеткен байырғы жол-жоралғы сөз бе екен” деп, Мәскеу ұлы князьдігін баласы¬на қалдырған Василий Дмитриевичтің мұра¬герлік өсиетін бекіткен ескі көздердің өзі емес пе? Василий Васильевичтің Мәскеу тағына отырғанына алты жыл болды, оны тағынан алып тастамадыңыз, демек, ұлы князь деп танығаныңыз ғой…” (Карамзин Н.М. Том V. 143-150-бб.).
Ұлық Мұхаммед Василийді ұлы князь деп танып, Юрийге оның атын жетектеуге әмір етті. Ұлық Мұхаммедтің тағы бір ұлы Ұлан ханзада оны Мәскеуге әкеліп, таққа отырғызып қайтты.
1437 жылы Әзітархан мен Сарай аралығы шиеленісіп тұрғанда Алтын Орда беклербегі Наурыз Едігеұлы Кішік Мұ¬ха쬬медтің пайдасына сатқындық жаса¬ға¬ны үшін Ұлық Мұхаммед оны өлтіріп жі-берді. Ноғайлы атқа қонып, өре түрегеді. Екі жақты тегеурінге шыдай алмаған Ұлық Мұхаммед Дон даласына кетті.
Алтын Орда тағы, оның ажырамас бір бөлігі Әзітарханмен бірге Кішік Мұхам¬медтің қолына көшті. Ол 1459 жылға дейін хандық құрып, өз өлімімен өлді.
Оның Ахмет, Махмұт есімді екі ұлы бар еді. Махмұт Әзітархан хандығының негізін салушы ретінде, Ахмет Русьті бодандықтан құтқарған Алтын Орданың соңғы ханы ретінде тарихта қалды. Орыс құжаттары бұл кезде Алтын Орданы Үлкен Орда деп, Қырым, Ноғайлы Тақыт елі деп атады. Онысы баяғы Алтын Орда атанған ұлылығынан айырылғандығының белгісі еді. Алтын Орда тағы Кішік Мұ¬хам¬медтің үлкен ұлы Махмұттың қолына көшті. Орыс құжаттары 1465 жылы оның Үлкен Орданың ханы екенін айғақтайды. Сол жылы ол салық төлеуден жалтарған Мәскеу князьдігіне жасанып аттанды. Қырым ханы Хажыгерей желкеден соғып, еңбегін еш қылды. Махмұт Әзітарханға кетіп, Үлкен Ордадан дербес жаңа хандықтың іргесін қалады. Осы шамадан сәл-пәл ілгерірек Қырым да дербес шаңы¬¬рақ көтерген-ді. Оның іргесін қа¬лаған Хажыгерей. Ол да Тақыт елі ханда¬ры шыққан Тоқа-Темір әулетінен. Ата-бабаларының шежірелік тізімі төмен¬дегідей: Тоқа-Темір – Үзтемір – Сарыжа — Түлек-Темір – Бастемір – Гийасаддин – Хажыгерей хан (Материалы по историй казахских ханов, XV-XVІІ веков. Алматы, 1969. 39-40-бб.).
Қырым хандығы туралы Орта Азия деректемелерінің білетіні шектеулі, есесіне Түрік және Орыс жылнамашы¬лары бұл хандықтың тарихына жетік. Н.М.Карамзин бұл екі бастауды да толық пайдаланғандықтан, тарихшының сөзіне сенуге болады.
Н.М. Карамзин Хажыгерейді Тоқта¬мыс¬пен байланыстыра сөйлеп, Литваның Троки қаласында туған дейді (М.Н. Карамзин. История государства Россий¬ского. Кн.ІІ, Т. V. Гл. V, 213-214-бб.).
Тоқтамыс та Тоқа-Темір әулетінен. Өтеміс қажының айтуынша: оның әкесі Тойқожа Маңғыстауды қоныстанып, шырын, барын, арғын, қыпшақ сынды төрт тайпа елді билеген. 1395 жылы Ақсақ Темірден күйрей жеңілген Тоқтамыс Литва князі Витовтты паналап, қайтадан ес жиып, бел көтергені белгілі. Сол кезде Қырымды біраз жыл тұрақ етті. Қырым¬ның негізгі жұрты шырын, барын, арғын¬дар Тоқтамыспен бірге барғандар. Хажы¬герейдің аталары осы тайпалардың бірінің (шырын) билеушісі болып, Тоқтамыспен бірге ілесіп баруы ақылға шетін емес. Хажыгерейдің Литвадағы қыпшақ диас¬по-расы орныққан Трокиде тууы да мүмкін.
Қысқасы, 1462 жылы он сегіз жасар жігіт Литва көмегімен Қырым тағына отыр¬ды. Литваның Днепрдегі иеліктерін қайта-қайта шауып, тыныштық бермеген Тақыт елін 1465 жылы орысқа аттанып шыққанда көк желкеден соғып, демеушісінің көңілінен шығып, Мәскеуге де ұнап қалды.
Түптің түбінде өз бастарына сорға айналар Орыс князьдігі күн санап қуат жиып, күшейіп келе жатқанда бір-біріне ата жаудан бетер төзбеушілік көрсетуінің сыры өзімшіл басшы, алауыз халықта емес, орталықтан қол үзіп оқшаулануға бет түзеген саяси құрылымның табиғи болмысы. Оларға бұрынғы билеушілері¬нен өткен жау жоқ. Жатқа жанын сатуға бар, бірақ қайта бірігуге жоқ. Оларды бе-ті¬нен бір қайтарса, тоқпақ қана қайта¬рады. Бірақ Тақыт елінде ат сабылтар қауқар жоқ-ты. Оның үстіне Тақыт елі баяғы күндей күркіреген Алтын Орда атын жамылып, төңірегін көзге ілмейтін менмен мінезден арылған жоқ-ты. Олар жаңадан құрылған Қырым хандығын мойындамады. Орайы келсе, қосып алу ниетін жасырмады.
Бағы тайғанмен, түтіні өшпеген Алтын Орданың сілемі Орысқа да, Литваға да қатер ошағындай қауіпті еді. Олар Қырым хандығын қолдап бақты. Сөйтіп, Тақыт елінің бүйірінен Қырым хандығы пайда болып, тез-ақ аяғына тұрып кетті.
Хажыгерейдің алты ұлы болды: Нұр¬дәулет, Айдар, Үзтемір, Меңлігерей, Жаң¬быршы, Мүлкаман. 1467 жылы Хажыге¬рей өлгенде таққа Нұрдәулет отырып еді, Меңлігерей тақты күшпен тартып алды. Нұрдәулет Литва мен Поль¬ша королі Казимирге қашып, қолтығынан пана тапты. Меңлігерей басты қамқор¬шысынан айырылып, жападан жалғыз қалғанда Ресей қол ұшын созды. Екі ара¬да ат ізі құрғамаған тығыз қарым-қатынас орнығып: “сенің досың – менің досым, сенің жауың – менің жауым” қағидасы не¬гізінде келісім-шарт жасалып, Меңлі¬герей қызы Мәскеу ұлы князінің ұлына айттырылды. Осы қарым-қатынастың соңы, 1502 жылы Тақыт елін түбегейлі жоюға әкеп соқтырды (М.Н. Карамзин… Кн ІІ, Том VІ, Гл. ІІ, 54-58-бб.).
Қырым хандығы ірге көтергенде Үлкен Орда немесе Тақыт елінің тізгіні Ахмет ханның қолында еді. Ол 1468 жылы Рязань өңіріне басып кірді. Бірақ ұзақ тайталас соғыста Рязаньды ала алмай, кері лықсуға мәжбүр болды. Оның беклербегі Мансұр бидің ұрпағы Темір (Би Темір) еді. Атақты Шалкиіз осы беклербектің жырауы болды. Темір Литва князі Казимирмен жақсы қарым-қатынаста болып, Руське қарсы тізе қосуға күш салып бақты. Литвадан келген елшілікпен келіссөз бір жылға созылды.
Осы кезде Ватчань тұрғындары Еділмен жүріп келіп, ханның 50 шақырым жайлауда екенін біліп, Сарай қаласын басып алып, мол дүниемен кері қайтты. Ахмет олардың ізіне түсіп, Алексин қаласына тығылған қарақшылардың 1000 адамын қылыштың жүзінен өткізді. Мәскеудің ұлы князі әлгілерді қорғамақ боп ләшкер шығарды. Жылнамашы¬лардың мәлімдеуінше: екі жақтан 180 мың ләшкер жиналды. Бірақ шайқасқа килікпей, бітіммен тарасты.
Тана қаласына тұрақтап, Еділ бойы¬мен сауда-саттық жүргізген көпес Амбро¬за Контарни Ахмет хан ордасы туралы әжептәуір жазба қалдырды. 1476 жылғы мәліметінде ол Ахметтің Тана (Азақ) қаласында отырғанын хабарлайды (Зайцев И.В. Астраханьское ханство. М., 2006. 42-б.). Ол сол жылы Әзітарханда болып, қала¬ның жай-жапсарын да баян еткен: “қала үлкен емес, Еділ өзенінде орналасқан, тұрғын үйлері аз, дені шикі кірпіштен, бірақ қала сыртынан аласа тас қорғанмен қоршалған …”.
Мәскеудің ұлы князі бұрынғыша Ахметті ұлы хан деп мойындап, азды-кемді салық төлеп тұрғанмен, бодандық қамытын сілкіп тастауға біржола бет бұрғанмен, батыл қадамға жүрегі дауаламай тұрған-ды.
Византия императорының немересі, ұлы князьдің зайыбы София оны Үлкен Ордаға қарсы итермелеп, өзі де жанталаса әрекеттеніп бағады. Үлкен Орданың елші¬лері, алым-берім сауда-саттыққа келген адам¬дары кремльдегі арнайы үйге тұрақтап, ұлы князьдің іс-әрекетін бақылайтын. София оларды кремльден шығарып тастау міндетін қолына алды. Ол Ахметтің бәйбі¬шесі Бәдке-бикеге (Ақсақ Темір ұрпағы Герат билеушісі Хусейн мырзаның әпкесі) аян болғанын айтып, елшілік үйінің орнына шіркеу тұрғызбақ ойын, ал орда елшілігіне басқа орын берілетінін айтып хат жолдады. Бәдке-бике келісім берді. Сөйтіп, ордалық¬тар кремльдегі үйінен айырылып, қорған ішіне кіре алмай қалды.
Сол кезде қалыптасқан дәстүр бойын¬ша: орда елшілері келгенде ұлы князь боярларымен жаяулап қала сыртына шы¬ғып, елшілер алып келген басма мен хан¬ның мүсініне табынып, елшілерге қымыз құйылған кубоктар ұсынып, хан жарлы¬ғын оқитын елшінің аяғы астына бұлғын терісін төсеп, өздері тізе бүгіп тағзым етіп тұра¬тын. София күйеуін осы дәстүрден бас тартуға үгіттеп, болмаған соң, әлгі жерге – Болвановкаға шіркеу салдырып тастады.
1474 жылы Ахмет ханның 600 қызмет адамы, 3000 саудагер боп, 40 мың жылқы сатып, Мәскеуді шулатып қайтты. 1476 жылы Ахмет Бөшек есімді елшісін жіберіп, ұлы князьді Азаққа шақырды, ұлы князь барудан бас тартты. Мұның соңы қарулы шиеленіске апарып соқтырары айдан анық еді. 1480 жылы Литва князі Казимирмен уәде байлас¬қан Ахмет Мәскеуді бас білгізу жорығына аттанды. Орда – Окаға, литва¬лықтар Уграға жиналатын боп келісіл¬ді. Ахмет бұл жорыққа алты ұлы, Қасида есімді немересі және өзіне бағы¬нышты бекте¬рімен түгел, тұтас қозғалды. Жаңадан шаңырақ көтерген Қырым хандығы Алтын Орданың соңғы сілемі, сілікпесі шыққан Тақыт еліне жау пиғылда еді. Ол күні үшін Мәскеудің қолтығына тығы¬лып, айтқанын екі етпей, екі етек боп отыр¬ған. Олар Литваның Подолия айма¬ғы¬на тап беріп, Казимирдің жолын бөгеп тастады. Мәскеу¬дің ұлы князі Қырымнан қашып келіп, қолында жүрген Нұрдәулет бекті Звен謬город князі Василий Ноздро¬ватый екеуін кемелерге отырғызып, Еділ¬мен Сарайға аттандырды. Қауіп ойлаған ұлы князь патшайымын балаларымен Дмитров¬қа көшірді. Орыс ләшкері Ока бойына тоқ¬та묬ға¬нын білген Ахмет Мценск, Одоев, Любутск арқылы Уграға беттеді. Иван ІІІ патша мен кеңесшілері бұл шай¬қаста мерейлері үстем болаты¬ны¬на сенімсіз еді. Жанындағы боярлар оған арқаны сырт салып, солтүс¬тік облыстарға ұзай тұруға ақыл қосты. Ақыры ол Ахмет ханға қарсы баруға жүрегі дауаламай, інісі мен баласын барлық ләшкерімен Уграға жіберіп, өзі Мәскеуге қайтып оралды. Халық наразы боп, ұлы князьді ашықтан-ашық жерден алып, жерге салды. Иван ІІІ қала төңіре¬гін өртеп, Уграға келіп, ханға сый-сияпа¬тын жөнелтіп, келіссөз бастады. Ахмет келі¬сім¬ге келмеді. “Су қатып, өзен мұзы ұстас¬сын. Қызықты сонда көрер¬сің!” деп домбытумен болды хан. Әлгі сөзден шын қаймығып зәресі ұшқан Иван ІІІ мұз қатысымен, Уграны тастап жөппелдеме кері шегінді. Ресейді үрей биле¬ді. Ахмет хан оны өз пай¬да¬сына жарата алмады. 11-ші қара¬ша¬ға дейін Уграда тұрып, ат басын кері бұр¬ды. Уәдесін жұтып, көмекке келмеген Кази¬мирге кектеніп, оған қарасты Серенск, Мценск аймақтарын тып-типыл ғып тонап кетті.
Еділмен жасырын жөнелтілген Нұр¬дәулет пен Ноздроватый жасағы қорған¬сыз қалған Сарай қаласын алып, тонауға салды. Осыған орай Н.М. Карамзин “… біздің ата жауымыздың жылы ұясын талқандап, біржола құртуға жағдай бар еді. Нұрдәулет патшазаданың Обуяз есімді ұланы қарсы болып, көлденең тұрмағанда. Ол: “Сен не істегеніңді білесің бе? – деді патшазада Нұрдәулетке. – Есіңе түсір, бұл көне орда біздің бәріміздің анамыз, біз содан туып тарадық. Сен Мәскеу ал¬дындағы міндетіңді орындадың, Ахметтің сыртынан соққы бердік, сол да жетеді, кө¬¬ненің көзін бүлдірме”, – деді (М.Н.Ка-рамзин… Книга ІІ, Том VІ, Гл. ІІІ, 99-б.).
Ахмет хан орысты үркітіп-қорқытқан¬мен, көздеген мақсатына жете алмады. Әрі-сәрі жорықтан қайтып оралып, Азақ¬қа жақын¬дап келіп, Кіші Донға тоқтап, ләш¬керін таратып, қыстау қамына кірі¬седі. Өзі¬нің бір мың жасағына ноғайлы мырза¬лары Мұса, Жаңбыршы, Абаттың 15 мың жаса¬ғын қосып алған Сібір ханы Ибақ мүлде күт¬¬¬пе¬ген тосын жағдайда Ахмет ауы¬¬лы¬ның үстінен түсті. Ханның қамсыз¬дығы сонша¬лық – тіпті Ибақ арба үстіне орныққан жы묬жымалы ақ боз ордаға басып кіріп, Ахмет ханды төсегінде тұншықтырып өлтіре¬ді. Бұл 1481 жылдың 6-шы қаң¬тарында бол¬ған оқиға. Ханды қорғау, бетпе-бет келіп қылыш сілтесу болмады, бәрі аяқ астынан ың-шыңсыз астыртын жүзеге асты. Шап¬қын-шылар 5 күн Орданы ойрандап, қыс көзі қырауға қарамай, ханның жұртын Еділ сыртына, одан Ордабазар арқылы Сібірге айдады.
Осыдан соң Ибақ та, Ноғайлы билері де Иван ІІІ-ке хат жолдап, елші жіберіп “Сенің ата жауыңды күйреттік” деп сүйінші сұрады. Сөйтіп, 250 жылдан кейін бодандық қамытынан босанған Иван ІІІ іштей қуанғанымен, сыртына сыр бермей, әңгімені естімегендей боп, өз ұяларын өздері таптаған көрсоқырларды біржола талқандауға үнсіз дайындала берді.
Ахмет ханның арқа тірек беклербегі Темір (әдеби нұсқадағы Би Темір) мырза еді. Ол – Едігенің немересі, Мансұр бидің ұлы. ХV ғасырдың басында Орыс хан ұрпағы Қазақ хандығының іргесін қалаған Жәнібек ханның әкесі Барақпен бір доста¬сып, бір қастасып, ақыры талас үстінде өлтіріліп жіберілгенде, оның ұлда¬ры Темір мен Дінсопы орыс шекара¬сына қа¬шып, айналып жүріп Қырымның ең ық¬палды руы – шырындардан пана тапқан-ды.
1394-95 жылдардан бабалары Темір-Құтлықтан бастап, Алтын Орда тағын қол¬дарынан шығармаған Тоқа-Темір ұр¬пағы Қазақ хандығымен де, олардың ықпалына ерген Төмен ханы Ибақ, Но¬ғай¬лы билері Нұра¬дын ұрпақтары Аббас, Мұса, Жаңбыр¬шылармен қас болды. Ол түсінікті де еді, үй ішінен үй тіккен дербестіктерін мойын¬дамай, реті келсе қайта қосып алуды ойла¬ды. Алтын Орда хандары Ноғайлыны әлсіретіп, екіге бөлу үшін өз хандығының беклербектігіне Нұрадан ұлдарын жолатпай, Мансұр ұлдарына ілтипат көрсетті. Сондағы бетке ұстағандары Мансұр ұлы Темір мырза еді. Олар дегендеріне жетті. Ұзақ жылдар Аббас, Мұса, Жаңбыршылар Еділ-Жайық арасына келе алмай, қазақтармен аралас-құралас қоналқы отырды.
Темір мырза өзінің қызметін Алтын Орданың құрамдас бір бөлігі Әзітархан иелігінің билеушісі Ахмет ханның ағасы Махмұттың ұлы Қасым ханның беклербегі болудан бастаған сияқты. Қалай дегенмен де, оның есімі осы лауазымда отырған кезде ауызға ілікті.
“Таварих-и гузида-нусрат-наменің” баяндауынша: 1469 жылы Әбілқайырдың немересі Мұхаммед Шайбани інілерімен Әзітархан ханы Қасымға қашып келгенде, оларды Темір бектің қамқорлығына берген-ді. Ханзадалардың ізінен қуғын салған Ибақ (Сейт-Ибраһим) пен Аббас би Әзітарханды қамағанда, жас балаларды білгізбей қашырып жіберген еді. 1470 жы¬лы Литваның ұлы князі, Польша королі Казимир ІV орысты екі тараптан шабуыл¬дау жоспарын жасап, Ордаға елшілерін жіберген-ді. Сонда Ахмет ханмен қатар Темірге де арнайы сыйлық табысталған.
Темір би есімі Батыс Еуропа, Түрік құжаттарында да ұшырасады. Ахмет ханға елшілік сапармен келіп қайтқан Венеция сенатының хатшысы Джан Баттиста Тревизан 28 сәуір 1476 жылы өз еліне қайтып оралғанда оны екі кісінің жеткізіп салғанын: бірі Ахмет ханның Темір деген батыры, екіншісі – ләшкербасы (беклер¬бек) Темірдің Бұрнақ батыры екенін айтқан. Шырын қауымның рубасы әрі Қырым хандығының беклербегі Еминек Осман түріктерінің патшасы Махмет ІІ-ге 1478 жылдың қазан айында жолдаған хатында Темір мырзаны Ахмет ханның беклербек қоймақ ойы барын, әйтпесе, Қырымға қауіп төнетінін мәлімдейді. Сондай-ақ Темірдің Литва ұлы князі Казимирге 1485 жылы жолдаған хатының да түпнұсқасы сақталған (Литовская Метрика, 1510 ж. 357-б.).
Бұған қоса Темір Қазан ханы Ибра¬һимнің, Қырым ханы Меңлігерейдің зайы¬бы болған, Қырым-Қазан-Ресей қарым-қатынастарында із қалдырған әйгілі Нұр-Сұлтан патшайымның әкесі. Замандастары Нұр-Сұлтанның адам айтқысыз сұлулығы мен ауыз ебіне тірі жан баласы арбалмай тұра алмағанын әңгімелейді.
Темір 1480 жылғы Ахметтің Ресейге сес көрсету жорығына қатысып, Уграга ләшкер бастап барды. Ал 1481 жылдың 6 қаң¬тарын¬дағы Ибақ, Мұса, Жаңбыршы¬ның тұтқиыл ойранынан жырылып шығып, Ахметтің балаларымен Қырымға қашып келді. Меңлігерей Литва ұлы князі әрі Польша королі Казимирге сол жылдың қаңтарында жол¬даған хатында: “Темір би Ахмет патша ұлдары және қызметшілерімен бізге бас¬тарын иіп келді… Ахмет балалары мен Темір¬ге ат, басқа керек-жарақ бердік, оның сыр¬тында біраз нәрсені қарызға сұрап алды” деп мәлімдейді (История Казахстана в Русских источниках XVІ-XІX веков… Том І, құжат №1, 33-б.).
Сөйтіп, Еділ судың бойында 250 жыл жасаған Алтын Орда империясы құлады. Ноғайлы Темір бидің есіміне ілтипат білдіру – оның Алтын Орданы қайтадан тірілтуге жан салуы. Ол Ахмет хан балалары Сейіт-Махмұд пен Мұртазаны Қырымнан алып шығып, ескі күлдікте қайтадан ел құрап, хандықтарының түті¬нін түтеткен болды. Алайда, қиюы қаш¬қан Тақыт елі қалт-құлт өмір сүргенмен, еңсе көтере алмады. 1485 жылғы орыс дереккөздері Мұртазаны Орда ханы атап¬ты. Бұл кезде Темірдің ұлыс беклербегі болғанында дау жоқ. Сол жылы Мұртаза қыстап шығуға рұқсат сұрап, Қырым хандығына келгенде, Меңлігерей оны ұстап алып, Тақыт еліне жорық жасап, жығылғанға жұдырықтың кейпін кигізеді. Ол өзінің хаттарында “Темір ұлысының қалған-құтқандарын таратып, қуып тастадым”, деп мақтанады. Бірақ Темір тұтқындағы Мұртазаны босатып алады.
Әбден бөлшектеніп біткен Алтын Орданың сілемдері Қырым, Ноғайлы, Әзітархан, Қазан хандықтары билеуші¬лері¬нің осы тұстардағы Орыс, Литва, Түркия патшалықтарымен қарым-қатынас қағаздарында, әлде жалған мәлімет беріп көршілерді шатыстыру, әлде өз қуатын асыра дәріптеп, дабырайтып көрсету мақ¬сатымен болмағанды болды деп домбиту етек алған. Орыс тарихшылары осы мәліметтерге иек артып, теріс байламдар жасайды. Сондай-ақ Ноғайлының соңғы қиқым билерінің Едігеден бергі аталары туралы 100-150 жыл кейінгі әңгімелері де тарихи дерек болуға осалдық танытады. Әсіресе, Ноғайлы “бабаларының орыс патшаларымен араларынан қыл өтпеген дос болуы туралы” ертегілері өзі бұлдыр шындықты одан бетер бұлдырлата түседі. Соның бір айғағы жаңа ғана алдарыңа тартқан “Темір ұлысының қалған-құтқан¬дарын таратып, қуып тастадық” деген Қы¬рым ханы Меңлігерейдің сөзі. Айтқа¬ны рас болса, қолында тұтқында отырған Мұртаза ханнан қалай айырылып қалады. Асылы, тарихи шындық беті басқаша болған сияқты. Темір ұлысы да, Тақыт елі де әлі біраз жыл жасады. Ақыры Меңлі¬герей Қазан ханының соңында қалған жесірі Нұр-Сұлтанға үйленіп, ата болған Темір биге жаңа күйеудің тісі батпай қал¬ды. Ұлы империя Алтын Орданың азып-тозған соңғы күндерін көзімен көріп, кенеуі кеткен ырың-жырыңды тыя алмай Мансұр ұлы Едіге немересі Темір би 1484-1486 жылдар аралығында дүниеден озды.
Темір тарихын термелеп отырғаны¬мыз¬дың басты себебі: ұзын-қысқа өмірі¬нің басым көпшілігін осы әйгілі беклер¬бектің қол астында өткізген ұлы жырау Шалкиіздің өмірбаяндық деректеріне барлау жасап, нақтылық енгізу. Шалкиіз туралы бұлтартпас нақты жазба дерек жоқ. Ал жырау өмірбаянына жамалып жүрген ауызекі аңыз-әңгімелердің көпшілігі күмәнді. Басы ашық, анық-қанық жалғыз дерек – жырау жырлары мен толғаулары. Міне, бізге жеткен осы шағын мұраның тінін ширатып, астарын ақтарсақ – қат-қабат жырау өмірінің кейбір қырлары сыр ашады.
“Қазақ әдебиеті тарихының” ІІІ томындағы “Шалкиіз – Мұса бидің жиені”, “Шалкиіздің Орақ пен Мамайға айтқаны”, “Шалкиіздің Орақтан Шораға кетуі”, “Шалкиіз Құлыншақұлы” сынды “өмірбаяндық деректер” шындыққа жанаспайды. Шалкиіздің Мұса бидің жиені бола алмайтын себебі: атақты жырау білек күшімен де, тіл қайратымен да қызмет еткен Темір беклербек (Би Темір) Мұсамен жау Мансұр әулетінен еді. Мансұрды Барақ өлтіргенде ұлдары Темір мен Дінсопы Мәскеуге қашып, жер айналып барып Қырымнан шығып, әулетті шырын қауымынан пана тауып, кейін солардың бетке ұстар көсеміне айналған. Осындай жағдайда “Мұса жие¬нінің” Темірді сағалауы ақылға қонбайды. Айбыны күндей күркіреген Мұса би қатарынан тіл қайраты, қол қайраты артық туысын жатқа телміртіп қоймаудың бір амалын істер еді.
Жоғарыдағы еңбекте Орақ пен Ма¬май¬дың жас батырды жаугершілік жорықтарға жұмсап, оның жеңістерінің абыройын өздері малданып, Шалкиізді өкпелетіп алғаны, “Шағырмақ бұлт жай тастар” өлеңі осы жағдайға орай айтыл¬ғаны құнтталады. Бұл да аяғы жерге тимеген көп долбардың бірі. Өйткені, Шалкиіз әбден қартайған кезде Орақ, Мамай енді ғана ат арқасына қонған жас өрендер еді. Жас шамасына қарағанда Шалкиіздің олармен кездеспеуі де кәдік. Демек, жас батырдың ол екеуіне өкпелеп, Шораға кетуі де келеге келмейді. Ал “Шалкиіз Құлыншақұлы” деу де қате. Құлыншақ атақты батыр, ол туралы аңыз да, арнайы толғанған жыр да бар. Ондай аты мәшһүр даңқты батырға қатысы болса, жырау өзі туралы:
Тіленшіұғлы Шалкиіз,
Иесі би Темірдің тұсында
Бұлтқа жете жаздар бұл мүйіз, – демес еді. “Тіленші” әкесінің шын аты емес, қайыршылыққа тап болғанда ел жапсырған лақабы сияқты.
Жырау жырларында Еділ, Жайық, Қобан – үш өзен ауызға жиі алынғанда, Еділ ерекше ілтипатпен іш тарта жыр¬ла¬нады. Соған қарап, оның шыр етіп дүние¬ге келген топырағы Еділ бойы деп шама¬лай-мыз. Шежірелер жыраудың Қояс (Құяс) руының түлегі екеніне бұлтартпас дәлелдер келтіреді. Алайда, Ноғайлы тарихында бұл есімді қауым кезікпейді. Осы атауға бір табан жақын қоянсы тайпасы бар. Қоянсы орыс құжаттарында қате әліптелген Қояс, Құяс болуы мүмкін. Қояс, Құяс, Қойыс ата¬лары Кіші жүз байұлы¬ның әр тармақ¬тарында кезігеді. Оның түп тамыры XІ-XІІ ғасырларда Чернигов князьдігіне бағы¬нышты ковуй қауымы деп есептейді орыс тарихшылары. Ал ол болса, печенег, торк, берендей руларынан құралған “черные клобуки” қауымының бір тармағы еді. Замана бел-белестерінде бөлшектеніп кеткен бүтіннің сынықтары болса керек.
Жырау шығармашылығында жалғыз¬дық сарыны шаң береді:
Көп ішінде бір жалғыз
Көп мұңайып жылайды,
Күйбеңдескен көп жаман –
Сөзі тигенге ұқсайды, – деп Темір биді алқалаған көп арасында жал¬ғыз екенінен хабар береді. Енді бірде көп¬тігін бетке тұтып, менменсіген біреулерге:
Атадан алтау тудым деп
Салмақтама немеңді,
Салмақтасаң немеңді
Тәңірі тесер төбеңді,
Бір жеке туғанға кезігіп,
Өкпесі сонда тарығар, – деп сес көрсетеді. Биге бағышталған өкпе-назының бір тұсында шамырқанған жырау:
Тебінгінің астынан
Ала балта суырысып,
Тепсінісіп келгенде
Тең атаның ұлы едің,
Дәрежеңді артық етсе, тәңірі етті, – деп те қалады.
Өмірбаяндық астары бар бұл шумақ¬тардан аңдайтынымыз: ол – дәулетімен болмаса да, батырлығымен аты шыққан текті атаның ұрпағы, өз қауымынан көз жазып қалғандықтан ғана жалғыздықтың зарын тартып, пұшайман халге душар болған жан.
Қалай дегенмен де, Еділ бойында жарық дүниеге келген жыраудың ата-бабалары бір бақытсыздыққа тап болып, жетімдік қасіретін таңдаймен татып өскені анық. “Тіленші ұлы” аталуы сондықтан. Ол жыр-толғауларында жақсы, жаман әртүрлі азаматтарға көп еріп, шет жырақ жерлердің дәмін татқанынан хабар береді. Ол бір жеке батырлық дәстүрге айналған серілік, ер-шоралық етек жайған дәуір еді. Атақ-даңқ шығаруға әуес жас ұландар жеке-жеке, кейде топ құрып, өз жұртынан кетіп, “қазақ” болып, жортуылдарға бой алдыратын.
Қырға шықпас жаманның,
Барынан да жоғы игі…
Арқаның бауырын қыдырмай,
Арғымақ ару атлар арытпай,
Жат жерлерге бармай өзін танытпай…
Атаның батыр туған ұлына
Ойда жатмақ ұсар ма, – деп түз кешкен жортуылды дәріптей келіп, “сыпайшылық”, “батыршылық”, “алдаспан”, “жағына жібек байлаған ару¬лар¬ды” жырлауы осы дәстүрдің шеңберіне сыйымды жәйттер. Осындай тірлік салтына байланысты жырауға “Салкез” (Кезбе сал) лақабы жұғысты болған сияқты – қазіргі ноғай, құмық арасында жырау Салкез атымен көбірек белгілі.
Жырауды би Темір батырлық әрі жырау¬лық даңқы дабыра болған кезде ордасына шақырып, жанына ілестіргені түсінікті. Ол Темір ордасына 35-40 жас¬тың арасында келген. Ал Темірдің есімі алғаш рет 1469 жылы хатқа ілікті. Құсшы Қараншы батыр¬дың көмегімен Мұхаммед Шайбани Әзітар-хан ханы Қасымға қашып барғанда, бекзада ұлдарды қорғауды өзінің биі осы Темірге тапсырған (Материалы по истории Казахских ханств. XV-XVІІІ веков, 1969. 100-б.).
Қасымның Әзітарханды билеуі 1466-1490 жылдар аралығы. Демек, Темір Ман¬сұр¬лының Қасым ханға беклербек болуы 1466 жылға жатады. Кезбе батыр әрі жырау Шалкиіздің Сарайға шақырылуы да осы шамада. Шырын руының басшы¬сы әрі Қырым хандығының беклербегі Еминектің 8-17 қазан 1478 жылы осман сұлтаны Махмед ІІ-ге жазған хатынан және Темірдің Польша королі әрі Литва ұлы князі Казимирге жолдауынан оның Үлкен Ордаға (Алтын Ордаға) беклербек болғанын аңдаймыз (Зайцев И.В. Астра¬ханское ханство. М, 2006. 44-б.).
Сонымен, 1476 жылдан Ахмет ханға беклербек болған Темірдің Әзітарханды тастап, Дон даласына көшкені мәлім. Шалкиіздің де өмірінің соңғы жылдары осы Үлкен Орда өңірінде өтті. Ертіс пен Дунай аралығын 250 жыл билеп-төстеп, Еуропаны қурайдай қалтыратқан ұлы державаның соңғы ақтық демін көрген де осы Шалкиіз жырау. “Би Темірге” бірінші толғауының бастапқы шумағында-ақ:
Аспанды бұлт құрсайды,
Күн жауарға ұқсайды.
Көлдегі қулар шулайды,
Көкшіліден ол айуан
Соққы жегенге ұқсайды, – деп Орда төңірегінде қалыптасқан қатерлі саяси жағдайдың бейнелі суретін береді. Үлкен Орда қаптаған жау арасында отыр¬ды. Оның басы Русь князьдігі еді. Кули¬ково шайқасында теңдік алдық дегенмен, онысы аяғы жерге тимеген көп дақпырт¬тың бірі боп, Үлкен Ордаға әлі кіріптар¬лық салығын төлеп тұрған-ды. Ал Алтын Ордадан бөлініп шыққан Қазан, Әзітар-хан, Қырым хандықтары мен Ноғайлы ұлысы бір орталыққа қайта бас июден қорқып, Үлкен Орданың көзін шұқуға дайын еді. Мәскеу айнала төңіректі айдап салып, “шоқ-шоқ” деп отырған.
…Алып, алып, ал сақын,
Аңдып жүрген дұшпаннан мың сақын,
Күле кіріп, күңіреніп
Шыққан достан мың сақын…
…Дұшпанға беліңді шешіп инан ба,
Инатып тұрып өлтірер…
(Бес ғасыр жырлайды. Алматы, 1989. 44-б.).
Бұл жеке бас біреулерге айтылған ақыл сияқты көрінгенмен, шындығында Орданың саяси дұшпандарына меңзеу. “Далада сұңқар түлесе, жүніне қарға жолар ма?” дегендей, Үлкен Орданың байырғы дақпыртынан бұққан айнала төңірек еңкейіп келіп-кетіп жүргенмен, жең ішіндегі жұдырықтары түюлі еді.
1465 жылы Үлкен Орда тігіліп Орыс князьдігіне аттанғанда, Қырым ханы Хажыгерей желкеден соғып, сәтсіздікке ұшыратады. Ол жорыққа Шалкиіздің қа¬тыс¬қан-қатыспағаны белгісіз. 1480 жылғы жорыққа қатысқанының басы ашық. Ашық майданға шықпай сес көрсетумен тынған Угра текетіресінде Ахмет ханның жанында Әзітархан ханы Қасым да, бек¬лербек Темір де болды, демек бұл белгілі жорыққа Шалкиіздің қатысқаны шәксіз.
Жыраудың “аңдып жүрген дұшпаннан мың сақын” дегені айна қатесіз келді: жорықтан оралып, Танға (Азауаға) жақын жерде қыстап отырғанында Алтын Орда¬ның соңғы ханы Ахметті Сібір ханы Ибақ пен қазақ даласымен жапсарлас отырған Ноғайлы билері Мұса мен Жаңбыршы екі су өтіп келіп, төсегінде өлтіріп кетті.
Темір мен Шалкиіз көне күлдікті қайта көтеруге күш салды. Қашқан-пыс¬қан жұрттың басын жиып, Ахметтің үлкен ұлы Мұртазаны хан қойды. Бірақ бұл Алтын Орда да, Үлкен Орда да, Тақыт елі де емес, солардың алыс жаңғырық көлең¬кесі сияқты қалт-құлт еткен, аты бар да, заты жоқ құрылым еді. Алтын Орданың соңғы беклербегі Темірдің төңіректен түңіліп, қартайған шағында қажыға баруға жиналғаны осы кез. Бидің аузына қараған ызғындай жұрттың тағдырын зар ғып жырлаған Шалкиіз оны Мекке сапарынан тоқтатты.
1485 жылы Меңлігерей ат ойнатып, өзі қалт-құлт еткен Орданың берекесін кетірді. Шалкиіздің “Арық хан” толғауы осы оқиғаның жаңғырығы.
Ноғай ғалымы Сикалиев жиып, бастырған Шалкиіз жырларында:
Әзіке Мансұр күнінде
Бұқа міндім ноқталап.
Әзіке Мансұр күнінде
Быламық іштің былғалап, – деген жолдар кезігеді. Әзікені жағымсыз кейіпте суреттеу өзге де толғауларда бар.
Бұл Әзіке кім? 1486 жылдан кейін есімі хатқа ілікпейтін Темірді о дүниелік болды деп есептеуге негіз бар. Оның орнына Ордаға Темірдің інісі Дінсопы ұлы Жанқуат би болды. 1490 жылдан бастап сахнаға оның інісі Әзіке шықты. Ол сол жылдың қыркүйегінде адалдыққа ант-су ішіп, Қырыммен келісім-шартқа отырды. Қырым ханы оларға жерлерінде қыстап шығуға рұқсат етті. Сөйткенде Әзіке бастаған ордалықтар барып елін талап, ауа көшіп, іргені аулақ салып Днепрге ұзады. Әзіке онымен де қоймай Иван ІІІ-ті Қырымға қарсы достық одақ құруға шақырып, елші жіберді (В.В.Трепавлов. История Ногайской Орды. М, 2002. 124-125-бб.).
Осының ақыры 1502 жылғы Меңлі¬герей¬дің қарсы жорығына ұласып, Тақыт елінің тарихтан ізі өшуіне әкеп соқтырды. Шалкиіз теріс пікірде болған Әжіке осы кісі. Жырау Үлкен Орданың соңғы күндерін дәл басып айтқан:
Ақсүйектер әрі-бері тартысса,
Әзіз орда абырарға ұқсайды.
Әзіз орда алып болып таралса,
Ауыр Ноғай аз боларға ұқсайды
(Қазақ әдебиетінің тарихы. Алматы, 2000. Том ІІІ. 324-б.).
Шалкиіз Тақыт еліне Әзіке беклербек болған соң, ол жұртты тастап шыққан.
Отың секер, суың шәрбәт,
Көп Ноғайлы көп жайлаған жерімсің.
Талайсыз Шалкиіз бұл күнде
Қазақ шығып барады,
Біздей болған жырауға,
Жолың болсын дермісің? (Сонда, 223-б.).
Сонымен беклербек болған Әзікемен келісе алмай, 1490 жылдары Шалкиіз Ордବдан ірге айырды деуге негіз бар. Ол Әзі¬¬тар¬хан хандығына көшіп, Еділдің шы¬ғыс бетіндегі Бозан суын жайлаған Қон¬ды-рау ноғайларының арасына қоныс тепкен.
Жоғарыдағы жырлар Шалкиіздің соңғы жырлары сияқты. Жырау шығарма¬ларының ішкі тынысы 1440-1490 жылдар¬дың арасын қамтиды. Соған сүйеніп, ол 1420-1500 жылдар аралығында өмір сүрді деп шамалаймыз. Жырау шығарма¬шы¬лығында 1490 жылдан беріге жатқыза¬тын өлең жолдары жоқ.
Оның бақилық орнын Астрахан об¬лысы, Володар ауданының көне зират¬тары¬нан іздеген жөн.
Тарихи және шежірелік деректер Шал¬киіз ұрпақтарының Астрахан іргесін¬дегі Бозан суы бойында, қазіргі Володар ауданының жерінде болғанын айғақтайды. Астрахан іргесінде “тұмақ”-жатақ боп отырып қалған Ноғайлы ауылдарына орыс әкімшілігі “сенімсіздік” білдіріп, 1740 жылы Сақмар өзеніндегі Озерный бекінісінің қарамағына көшіруге шешім қабылдайды. Зорлап көшірілген жерлері-нен 25 отбасы, 138 адам 1745-47 жылдары қашып, қазаққа келіп қосылады. Орынбор отаршылары оларды ұстап алып, қоныста¬рына қайтаруды Нұралы ханға тапсырады. Нұралы жоқты-барды сылтау айтып жүріп, аяқсыз қалдырады (История Казах¬стана в русских источниках XVІ-XX веков. Алматы, 2005. Том ІІІ. 420-б.).
Бұл оқиға Кіші жүз қазақтары арасын¬да жақсы белгілі. 1810 жылдар шамасында Махамбеттің әкесі Өтемістің, Бөкей хан ордасында отырып ноғай-қазақ Шомбалға бағыштап айтқан сөзі ел аузында сақталған: “Мына отырған Шомбал ғой, елінен қашқан домбал ғой. Асылы оның Орауыл, Орауылдан қашқан он ауыл. Арбасының ізі жосылған, Байұлына келіп қосылған. Құдай бақ берген соң ханның оң тізесі орын болды оған” (Ә.Сарай. Екі тарлан. Алматы, 2003. 89-б.). Бұл әңгіме Ығыл¬ман Шөрековтің “Исатай-Махам¬бет” дастанында да бар. Қояс руының шежіресі 25 үйді алып қашып, қазаққа қосқан Аружан батырды Шалкиіздің ұрпағы деп біледі. Олар Беріш Саржала батырды паналап, өсіп-өніп, енші алғанға дейін беріш арасында болған. Осы рудың өкілі Елеш Ақбаевтың шежіресінше, Қоястан – Шалкиіз – Ержақай – Жанғабыл – Бекболат – Аружан – Қараша – Қалмамбет – Шақа – Сақ – Байғазы – Құрманғазы – Құлмұхамбет – Өтелі – Ақбай боп келеді.
Торы айғыр тоқпақ жалды тоғайда бар,
Хас сұлу көзі күлім Ноғайда бар, –
деп шырқалатын өлең жолдары осы ауылдың сұлуларына бағышталған.
Беріштер беріге дейін оларды ағайын тұтқан. 1835 жылы Исатай өз ағайыны Балқы биді кетіріп, орнына Шомбалды қоюға әрекеттенген.
Сонымен тарихи деректер негізінде Шалкиіздің өмір сүрген кезеңі мен ортасын анықтаудың сәті түсті.
Жырау өлеңдерінен:
Шағырмақ бұлт жай тастар
Шағырмақ бұлт жай тастар,
Ағытқан қойды жол бастар,
Ақ желкенді жел бастар,
Ғадыл төре ел бастар,
Батыр жігіт қол бастар,
Шешен адам сөз бастар.
Құсты жисаң — бүркіт жи,
Қыс тонынды түлкі етер,
Бір жақсымен дос болсаң,
Азбас, тозбас мүлкі етер.
Бір жаманмен дос болсаң,
Күндердің күні болғанда,
Жүмле ғаламға күлкі етер.
Қатынасы биік көлдерден
Қатынасы биік көлдерден
Қатар түзеп қу ұшар,
Алға сап тіз оқ ата көрмеңіз,
Қандыауыздан сыйлы жебе сайламай
Атаның ұлы ер жігітке
Арту-арту бел келер,
Оқтан қатты сөз келер.
Алға сап жауап бермеңіз,
Арғы түбін ойламай!
Жапырағы жасыл жаутерек
Жапырағы жасыл жаутерек
Жайқалмағы желден-дүр,
Шалулығы белден-дүр,
Төренің кежігуі елден-дүр,
Байлардың мақтанбағы малдан-дүр,
Ақ киіктің шабар жері майдан-дүр,
Кешу кешмек сайдан-дүр,
Батыр болмақ сойдан-дүр,
Жалаңаш барып жауға ти,
Тәңірі өзі біледі,
Ажалымыз қайдан-дүр!
Ағынды сулар, аймақ көл
Ағынды сулар, аймақ көл,
Тасыса, төңбек келтірер.
Дұспанға белінді шешіп инанба,
Инантып тұрып өлтірер.
Жақсы да келер бұ көпке,
Жаман да келер бұ көпке.
Төңірегін жиғанда,
Сыймайды екен бір кепке.
Жағаға жақын қонғанда,
Жайылып сулар алмас па?
Жаманға дос болғанда,
Жазымда басың қалмас па?
Жат туғанды өз еткен
Жақсының ғұмыры аз-ақ болмас па?!