Мәшһүр-Жүсіп (Адамжүсіп) Көпейұлының хронологиялық кестесі

Мәшһүр-Жүсіп (Адамжүсіп) Көпейұлының хронологиялық кестесі

Мәшһүр -Жүсіптің әкесі — Көпжасар
(1816 — 1889)

1816 жылы Мәшһүр Жүсіптің әкесі Көпжасар Қызылтауда дүниеге келген. Көпей 18 жасынан 42 жасына дейін 22 жыл жат жерде барлық жастық – жігіттік шағын өткізген.
1834 жылы 18 жасында Қызылжарға барып, медіресеге оқуға түседі.
1834 — 1856 жылдары Бұхар, Ташкент, Түркістан, Қоқан жақта жұмыс істеген.
1856 жылдары елге қайтып келеді де Желтау, Шоқпар маңайындағы Күйеушоқы деген жерді қоныстанады. Сол уақытта мал басы: сиырдың алды 200-ге, қойдың саны 500-ге жеткен.
1858 жылы қыс ішінде Қызылтауға Ашамайтасқа көшіп келіп 4 жыл тұрады.
1861 жылы Көпейдің 45 жасында Қызылтауда «Тауық жұты» болып, мал қырылып, Баян қаласына көшіп келеді. Мәшһүр – Жүсіп ол уақытта 3 жаста болады.
1861 жылы Захар Гришков деген орыстың үй – жайын сатып алып қала сыртынан үй салмақшы болады.
1861 – 1865 жылдары үй салынып біткенше Қызылағаш, Бұзаутас деген жерді мекен қылады.
1865 – 1870 жылдары Қамар хазіретпен жолдас Көпей ұзақ уақыт Баянауыл қаласында тұрақтап қалады.
1889 жылдары өмірінің ақырына дейін Баянауылда тұрады.
1889 жылы 73 мүшелінде қайтыс болып, Баянаулаға жерленген.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *