Сараңның төбеті де тазы болар

Кессе қан шықпайтын сараңдығымен әйгілі қала әмірі Насреддинге:

  • Сенің тамаша аңшы екеніңдң естіп едім. Маған бір жүйрік тазы тауып берші, — деп өтініш айтты.

Насреддин уәдесін беріп, бірнеше күннен кейін семіздіктен түгі жылтыраған дүр төбетті жетектеп келді. Әмір таңқалып:

  • Мен жіптіктей болып жараған құмай тазы сұраған едім. Мына майтабан доңыздай домаланған жүнді барағыңды не істеймін?! – деді.
  • Саспаңыз, тақсыр, — деді Насреддин, — бұл төбет сіздің үйде бір апта жүре тұрса, жаратпай – ақ тазы сияқты жіптіктей болып қалар ….

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *