Дима, Вася және Юра үшеуі орманға бармақ болды. Оларға шешелері самса әзірлеп берді. Балалар самсаларын қағазға орап, қалталарына салды. Ал Юраның шешесі кішкене құмыраға бал құйып берді де:
- Балаларға балым бар деп мақтанба, — деп ескертті ұлына.
- Орманда самсаларыңды жеп болған соң, қарның ашады, сонда оңаша бір жерге отырып, өзің ғана же.
Юра балы бар құмыраны да қалтасына салды. Баллар орманға келді, бір алаңға демалуға отырды. Қарындары ашып, самсаларын шығарып, жей бастады.
Сол кезде Юраның қасына бір ара ұшып келіп, Шалбарына қонды да, өрмелеп барып қалтасына кіріп кетті. Одан кейін тағы да екі – үш ара ұшып келді. Біраздан кейін аралардың бәрі де Юраның қалтасына кіре берді.
Дима мен Вася таңғалып:
- Сенің ана қалтаңдағы не? – деп сұрады.
Юра қалтасындағы бал салған құмыраны суырып алды да, көк шөпке лақтырып жіберді. Аралар құмыраға қарай ұшты. Юра басы салбырап жерге қарады. Ал Вася мен Дима:
- О, қалтаңдағы бал екен ғой!…. – деп күлді.