Әжесін қайсысы жақсы көреді?

Қанат пен Болат әжесінің жанында ойнап отыр. Бір кезде Қанат әжесін құшақтап:

— Әжем менікі, мен әжемді жақсы көремін, — деді. Болат Қанаттан қалыспай, әжесінің екінші жағына шығып:

— Әже сенікі емес, әжем менікі, мен жақсы көрем. Мен сияқты әжемнің басын қатырмаймын, —  деп таласады.

Әже немерелерінің егесіне риза болып отырады. Бір кезде қарттың көзі бұлдырап, қысылып, диванға қисая кетті.

Қанаттың зәресі ұшып, бақырып жылап жіберді. Болат Абыржымай, үлкен кісіше телефонға барып, «жедел жәрдем» шақырды. Ақ халатты дәрігер келіп, әжесіне ине шаншып, дәрі берді. Әжесі басын көтеріп, дәрігерге алғыс айтты.

Дәрігер Болат пен Қанаттан:

— Телефонмен «жедел жәрдемді» шақырған қайсыларың? – деп сұрады.

  Менмін, — деді.

  Ақылды бала екенсің, — деді дәрігер. 

  Әжеңді жақсы көреді екенсің. 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *