Тұсау кесу

Бала қаз тұрып, қабырғаға сүйеніп, аяғын басуға енді талпына бастаған шақта «тез жүріп кетсін» — деп, тұсау кесу рәсімін жасайды. Ауыл – үй адамдарын шақырып, ас – су дастархан мәзірін даярлайды. Олардың ішінен аяқ алысы ширақ, тез жүгіргіш адамды таңдап, соған тұсау кесуді тапсырады. Ол баланың екі аяғына ала жіп байлап, қайшы не пышақпен жіпті кеседі де, баланың қолына жетелейді:

Қаз-қаз балам, қаз балам.

Қадам бассаң мәз болам

Күрмеуіңді шешейін

Тұсауыңды кесейін

Қаз баса ғой қарағым,

Құтты болсын қадамың

Өмірге аяқ баса ғой,

Асулардан аса ғой.

-деп әндетіп әрі- бері жүргізеді. Осылай жиылған жұрт тұсау кесер рәсімін- әңгіме дүкен құрып, көңілді шашу кешке айналдырады. Кейіннен бала есейгенде оның жүрісіне қарап, «тұсауын бәленшекең кескен еді, соған ұқсап тез жүргіш болып өсті» деп, ата- аналары мақтаныш етіп отырады.

«Ауылдастың аты озғанша, көршілілестің тайы озсын»демекші, «Әлгі көршіміздің сары баласы кешегі үлкен тойдағы жаяу жарыста озып келіпті Ана жолы » «Тұсау кесерінде» Есекеңнің  күрең жорғасының күміс үзеңгісінің астынан өткізгенін көріп едік дер еді көпшілік.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *