Жыландар

Жазда саяхатқа шығып, жеміс – жидек терген кезде жыландарды көріп қаласыңдар. Сол мезетте олар шығады деп қорқасыңдар. Жылан не шағады? Жылан өздігінен шақпайды. Жаздың ыстық күндерінде жылан денесі күнге қызып, сергек болады. Ал жауын – шашынды, бұлтты күндері жуасып, жайбырақат жүреді. Жыландар нашар көреді. Сол себептен қимылды, дыбысты сезгенде жасырынып қалуға тырысады. Міне сол сәтте жыланды адам да, жануарлар да байқамай, оған жағындай береді. Сонда жылан өзін қорғағысы келіп, төнген қауіпке қарсы әрекет жасайды. Сөйтіп, ол адамды немесе жануарларды шағады.

Жыланның адамға пайдалы жақтары да бар. Ғалымдардың зерттеуі бойынша жылан уынан неше түрлі дәрі жасалады. Тіпті жылан уынан жылан шаққан адамға қолданылатын дәрі де әзірленеді.

Республикамызда жыландар саны азайып барады. Сондықтан 1968 жылдан бері Қазақстанда жыланның қандай түрін болса да өлтіруге тиым салынады. Тіпті улы жыландарды өсіруге арналған питомниктер де бар. Кушка, Бішкек, Ташкент қалаларында орналасқан питомниктерде жылан уы алынады. Жыланның шипалық әсерін халық ежелден білген. Қазақ арасында суық тиіп ауырған адамға жыланның басын қайнатып берсе, ертедегі Римге жыланның басын ұнтақтап жасаған дәрі көп ауруларға емге пайдалананған.

Медицина эмблемасында тостағанда оралған жыланның ыдысқа уын құйып жатқанын бейнелеуі – оның емдік қасиетінің белгісі.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *