ойын сауық

өнер, еңбекпен келетін өнеге; ереже бойынша жүзеге асатын өнер; адамдық еркіндік пен азаттыққа оттық; түрлі қасиеттері тоғысатын, қабілеті озатын өнерлілерге еліктеу; адам бойындағы ширақтық пен шеберлікті көп алдында қасиеттейтін, қызығы мол той–думан; адамдар арасындағы қарым–қатынас әдебін қалыптастыратын мәдениет мектебі. Әсемдікке қызығып салтанат  құрмайтын ел, тамашада сауығып серпілмейтін ұрпақ, ойынға әуестеніп бәсекелеспейтін бала жоқ.

О.с.–ның тарихы тереңде, көне дәуiрден басталады. Қашанда адам ойнап–күліп көңiл көтерген, халық сауық құрған. Айталық, тас дәуiрiнде қалыптасқан –“таяқ жүгiрту”, “асық”, “ақсүйек”, темiр дәуiрiнде тараған – “қарагие”, “садақ, бергi феодалдық дәуiрдегi, яғни үйсiн, қаңлы хандығы кезiндегi – “ақбайпақ”, “алтыбақан”, “арқан тартыс”, “белбеу тастау”, “жасырынбақ”, “көршi бұғынай”, “айдапсал” т.б. ойындарды   бүгiнде бiлетiндер де, бiлмейтiндер де аз емес. Қыпшақтардың тайпалық одақтары түрiк қағанатына қосылғанда хан жақсы ма, ханды қара басты, “шалма”, “қарамырза”, “сайыс”, ат үстiндегi “тартыс”, “аударыспақ”, “балтам тап”, “аударыспақ”, “көк бөрi тарту” сияқты О. түрлерi таралған. Ұлттық ойынымыздың тарихы туралы  Рашид–ад дин, Низами әл–Мулк, Мосуди, Махмұд Қашқари, Мхаммед Хайдар Дулати сынды ғұламалар пiкiрлерiн қалдырған. Батыстың ХIII ғасырдағы саяхатшысы Марко Поло Жетiсу жерiндегi үлкен жиында “Қыз қуу” ойыны мен “Қыз бөрi” ойынын көргенiн естелiктерiнде тамашалап баяндайды.

Халқымызда қозғалмалы ойындардың түрi кең таралған.  Мамандар қозғалмалы ойындарды төрт топқа бөледi:

  1. Табиғи заттарды қолданып ойнайтын ойындар: “асық”, “бестас”, “лек жалау”, “сиқырлы таяқ”, “бақай пiстi”, “жылмаң2 т.б.; 2. Жануарлар бейнесiн елестетiп ойнайтын ойындар: “соқыр теке”, “түйе–түйе2, “ақ байпақ”, “көк сиыр” және т.б.; 3. Мүлiктiк бұйымдарды қолданып ойнайтын ойындар: “шалма”, “бөрiк жасырмақ”, “түйiлген шыт”, “тақия теппек”, “белбеу тастау”, “орамал тастау”, т.б.; 4. Құрал–жабдықсыз ойнайтын ойындар: “айгөлек”, “ақсерек–көксерек”, “шымбике”, “мәлке тотай”, “тоқтышақ”, “шертпек”, “жасырынбақ”, “бұғынай”, т.б. Ұлттық О.–с.–тар – ұрпақ пен елдiктiң елшiлiгi, халықтың әдет–ғұрпының көрiгi, әр перзенттiң жүрегiндегiжігер;  дене шынықтыру мен өнегелiк түрi, адамды сыйлау, сауық құру, елдi өзара табыстыру әрекетi.

Халықтық О–дар бiртiндеп дәстүр мен еңбек мерекесiне айналды. Халықтық О–дар бiрде әдет–ғұрып негiзiнде тамыр жайды, бiрде жасөспiрiмдердiң қозғалмалы О–дары ретiнде өрiс алды.  Наурыз – нағыз О–с., көптік шеру мен өнер тоғысқан халықтық мерекенiң думанды салты. Наурыз мерекесінде үлкен мен кiшiнiң, еркек пен әйелдiң, ақын мен бишiнiң, ауылдағы мен қаладағылардың әдет–ғұрпы, салт–дәстүрі және жарыс өнерлері бір–бірімен үйлеседі. Кейде О–дың аттары, атаулары өзгерiп жатса да, олардың ойналу мазмұны мен тәртібі сақталып қалған, сүйтiп әдептiң түрлерiн қалыптастыруға септiгiн тигiзген. Мысалыға, ақсүйек ойынының басқа түрiк тiлдес елдерде “орда”, “тоқтышақ” сияқты атауы да бар немесе “лек жалау” О–ның “шiлiк”, “қарыс ағаш”, “шілдiк” және т.б. түрлерi бар. Бұл О–ды әуелi балалар ойнаса, кейiннен оған жiгiттер мен ересектер де қосылған.

О– барысында адам: а) еркін, болмыстан қысым сезінбейді, ол сыртқы әлем заттарымен де, адам қабілетімен де еркін қатынаста болады; ә) адамдық және әлеуметтік қатынастарды жасайды, әрі игереді; б) адамаралық, ұрпақаралық қатынастар жүйесіне енеді. О. – ұрпақтар өмiрiн үйлестiрудiң дәстүрлi,  әркiмге қолайлы және ән–бимен өрнектелген сауық түрi,көңіл көтеретін думанды жиын той. Қазақ күнделікті тұрмыстағы жетістікті мадақтап, кем–кетікті әзіл–қалжыңмен мінеп қана қоймай, тамашадағы, махаббаттағы, жорық–жарыстағы үлгілерге еліктеп, жиі сауық құрды. Осыдан О. – күлкі және әзіл деген түсінік кең таралды. Шаруашылықтан бос кезде той–думан жиi атқарылды.

Елі мен жерін сүйген жан ғана ойыншыл, өнерпаз, сауықшыл болды, өнерімен көптің ықыласын жаулайды. Адам О. арқылы а) тіршіліктің қуаты мен суатын, ритмі мен үндесушілігін, айбыны мен игілігін өз болмысына аударады; ә) ересек өмірге дайындалды; б)  өзін салтанатты өмірге сайлады, мерекелі күн мен үмітке баулыды. Соның ішінде тәндік, жандық, парасаттылық, моралдық, рухани құндылықтардың қабысуы, жеңіске жетуі айқын білінеді.

О.–адам тіршілігі мен тынысының қажеттілігі; адамды, ел–жұртты жаттыққа жiбермедi, тұтастыққа тартты. О.–с.–та адам табиғатпен табысты, тынысын кеңейте алды, ұнатқандарымен жақындасты. Табиғи көркемдiкке қызығу, оны тамашалау көшпендiлердiң жас кезiнен қанына сiңген қасиет. О.–с. көп нәрсені ұқтырды, көп нәрсеге куә етті.

О.–с. – ақыл мен жiгердiң тартысы, қозғалыстағының таласы мен жарасуы, мықтылар мен ептiлердiң жеңiсi; әзiл–әңгiмесi мен әдебi жарасқандардың сәндiлiгi мен сенiмдiлiгi; тапқырлықтың, ептiлiктi үйрену, батылдықпен үйлесу; нақты мақсатқа ұмтылу, жүйелi әрекеттi ұйымдастыру, нақты әдiстi ұту. О.–с. жамағаттың белдесуi, бәсекелесуi, бауырласуы немесе айтысуы, аңдысуы, айқасуы; шабуылдан қорғану, шабытты қолдану, мұндай бәсекелi қатынаста тазалық, тұралық, татулық жоғары бағаланды; өмiр сүрудiң қолайлы, дәстүрлi, тартымды, өтiмдi жолдары уағыздалды.

О.– еңбектiң заты мен құралына орай түрленген, жетiлген; қазақтың әдет–ғұрпына үнемi және айқын ықпал еткен. О.– бiржағы, дене қозғалысы, шыныққан дененiң шеберлiгi, бiржағы, көңiл көтеру, дем алу, бас қосып бiрлесу, әдет–ғұрыпты жалғастыруға үндесу. О.–адамдар арасындағы қарым–қатынасты емін–еркін таратудың ықпалды түріне, әдеп үлгісін өндіру мен таратудың жүйесіне лайықты.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *