обал және  сауап.

  Көшпелі қазақ мәдениетінде адалдық өзіне берілген бүкіл игіліктердің қадірін білуге шақыратын, ысырапшылдықтан берекесіздіктен сақтандыратын жамандықтан тиятын ұғым түсінігінің моральдық реттеуші қызметі жоғары болған және бұл ұғымдар діни мазмұннан бастау алған. О. — жақсы нәрсенің қадірін біл, оны тастама, ластама  түбінде кесірліктің  зардабын  тартасың деген ұғымды білдіреді. Бұл — қоршаған ортаға зиян келтіруге, жамандық жасауға, яғни жандыны жәбірлеуге, жансызды бүлдіруге болмайды деген сөз. Мәселен, біреуге қиянат жасау — О. Нанның түйірін аяққа басу, не оны рәсуа ету де – О. «Судың да сұрауы бар» дегендей тамақты босқа ысырап ету, соны жасау үшін төгілген терді, қажырлы еңбекті бағаламау деген сөз. Көргенсіздік пен әдепсіздіктің осындайлардан шығатынын түсіну қиын емес. О. Ұғымы–сауап болар іске қарама–қарсы мағынаны білдіреді. Сондықтан, “Обал–сауапты білу тіркесінде екеуі қатарласы қолданылып адамның жақсы–жаманды ажырата білуін көрсетеді”. О.  ұғымы біреуге қиянат жасаған жағдайдың бәрінде де орын аласа, сауап — бұл айналадағы жанды–жансыздың бәріне бірдей жақсылық жасауға, қамқорлық көрсетуте байланысты айтылатын ұғым. Мәселен, құстың ұясын түзеу, жетім–жесірге қарайласу, аяқ астындағы нан қалдықтарын көтеріп алу — бұл С.іс

О. мен Сауап  ұғымдары қазақ ырымдарында жан–жақтыкөрініс тапқан,мәселен,   «Қазақ шашты далаға тастамайды, жерге көмеді. Құс шашты ұясына салса  –  бас ауруға шалдығады, бас айналғыш болады, ұмытшақтық, жеңілтектік дертке шалдығады деп пайымдайды». О. мен С. нормалары ауызекі мәдениетте киелілік түсінігімен астас келеді. Оның негізінде анималистикалық, тотемистік және фетишистік көне нанымдар да жатыр.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *