НООСФЕРА

а қ ы л – п а р а с а т  с ф е р а с ы – биосфера дамуындағы, адамның рухани шығармашылығы шешуші мағынаға ие болатын ерекше кезең.Н. ұғымын ХХ ғ.20 ж.  француз философы, Э. Ле Руа енгізді. В. Вернадскийдің Ле Руа биосфера дамуындағы биохимиялық процесстердің маңызын негізге ала отырып өз еңбектерінде биосфераның Н–ға эволюциялануын дамытты. Ол, заттың жандануы мен адами мағына алуын,“жердің” геологиялық дамуының заңды кезеңдерін білуі және адамның бұдан кейінгі эволюциясы ой мен рух шешуші маңыз алатын дәуірмен байланысты деп пайымдайды. Араға ондаған жыл салып Н. теориясы В.И.Вернадский мен Тейяр де Шарденің іс жүзіне бір кезде жасалған жұмыстарында өз дамуын тапты. Екі ғалым да дүниетанудың бастау тұсы Адам, өйткені адамның пайда болуы ғарыштың заттық эволюция процессімен байланысты дегенді негізге алады. Олар адамның пайда болуын сананың қуатты концентрациясымен, оның өз–өзімен тұйықталуымен байланыстырады, өйткені мұндай қалып дүниеден адамды ерекшелендіретін жеке тұлғаның негізінің пайда болуына бастайды деп есептейді. Бүкіл адамзат бірыңғай тұлғаға біріккенде Н–ның жасалуы аяқталады. Бірақ эволюция әрі қарай жалғаса, жүре береді. Шарден пікірінше  Н–ның бұдан арғы эволюциясы адамзаттың Құдаймен қосылуымен қорытындыланатын сапалы өзгерістерге әкеледі. Вернадский ғылыми білімнің пайда болуы мен дамуын тіршілік иесі эволюцияның негізгі векторы деп танып жоғары бағалады.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *