немістер

(өз атауы – дойче) – Германия Федеративтік Республикасының байырғы халқы. ГФР–да (80 млн–ға жуық, 2004), сондай–ақ Америка, Австрия, Африка, Азия елдерінде де тұрады. Жалпы саны 86 млн. адам (2004). Антропологиялық жағынан еуропоидтық нәсілдің атлант–балтық тобына жатады, орта еуропоидтық нәсіл өкілдері де бар. Неміс тілінде сөйлейді.

XVIII – XIXғасырлардағы соғыстар, эконом. күйзелістер Н–дің біраз бөлігін басқа елдерге қоныс аударуға мәжбүр етті. 1870 – 71 ж. Бисмарк барлық Н. жерін біріктіргеннен кейін, елде өндірістік қатынастар дамыды. Н–дің ұлт болып топтасуы аяқталды. 1–дүниежүзілік соғыспен 2–дүниежүзілік соғыс кезінде Н. зор шығынға ұшырады. 1949 ж. Германияның бұрынғы жерінде саяси–әлеуметтік жүйесі бір–біріне қарама–қарсы екі мемлекет құрылды. 1990 жылдан бастап, екі мемлекеттің қайта бірігуінен кейін ГФР өкіметі шет елдердегі (Балқан елдері, ТМД т.б.) Н–дің тарихи отанына қайтуына жағдай туғызды.

Мәдениеті.Дәстүрлі кәсіптері – егіншілік пен мал шаруашылығы. Балық аулаумен де айналысады. Ұлттық қолөнерінде ұсталық, зергерлік, көзешілік, ағашқа әр алуан бедер салу, кесте тігу дамыған. Табиғи–климаттық, ұлттық, шаруашылық жағдайларға байланысты тұрғын үйлердің төрт түрі қалыптасқан.Олар жергілікті жағдайларға сай кірпіштен, ағаштан, саз балшықтан, арасына ағаш тіреулер бекітіліп тұрғызылған.

XVI – XVII ғасырларда қалыптаса бастаған ұлттық киім үлгілерін ХХ ғасырдың ортасына дейін сақтады. Ауыз әдебиетінде шванка (қысқаша күлдіргі әңгіме) айту кең орын алған. Көне замандардан келе жатқан аңыз–әңгімелер, ертегілер, балладалар сақталған. Ұлттық билері мен әндерінде көршілес халықтар шығармаларының ықпалы байқалады.

Қазақстанда 1990 жылдарға дейін 1 миллиондай Н. тұрды. Олар 2–дүниежүзілік соғыс басталғанда республикаға күштеп көшірілген болатын. Дегенмен олардың Қазақстанға келу тарихы одан да ертерек. Н. Қазақстанға тұңғыш рет XVIII ғасырда әскери құрамалар қатарында келді. Олардың едәуір бөлігі Балтық бойы губернияларынан еді. Сібір шекара шебінің басшылары қызметін атқарған 13 адамның көпшілігі немістерден шыққан генералдар болатын. Олар Х.Т. Киндерман, И. Крафт,Д. Риддер, К.Ф. Фрауендорф, Г.Г. Вейрман, И. Шпрингер, И. Клапъе де Колонг, Г.Э. Штрандман, Г.И. Глазенап және басқалары еді. Түркістан өлкесінің генерал–губернаторы К.П. фон Кауфман да, Торғай облысының әскери губернаторы Л.Ф. Баллюзек те, Дала өлкесінің генерал–губернаторы М.А. фон Таубе де Н. ұлтынан еді.

Н. жергілікті халықтың тарихы мен географиясын және этнографиясын зерттеудің бастамашылары бола білді. Дәрігерлер, мұғалімдер, тау–кен инженерлерінің арасында да неміс ұлтының өкілдері аз болған жоқ. Н. негізінен Омбы, Петропавл, Семей, Өскемен, Жәмішев сияқты тағы басқа да шекара шебіндегі әскери бекіністерде тұрды. XVIII ғасырдың аяғына қарай Қазақстандағы н.–дің саны 400 адамға жетті. Қазақ жеріндегі Н. санының арта түсуі ХІХ–ХХ ғасырлар тоғысына сәйкес келеді. Қоныс аударып келген Н. негізінен егіншілікпен айналысты, өндеуші өнеркәсіп салаларында жұмыс істеді. Н. сонымен қатар мұнай кен орындарын игеруде, алтын, мыс өндіруде, кен өнімдерін өндеуде белсенділік танытты.

Н–дің өздерінің жеке ғибадатханалары және мектептері болды. Олардың арасында өзін–өзі басқару дәстүрі күшті сақталған еді. Н–дің елді мекенінде халық әлдеқайда ауқатты тұрды. Олар жинақылығымен, еңбек сүйгіштігі және адалдығымен ерекше көзге түсті. Өздерінің ұлттық тілін, дінін, әдет–ғұрпы мен салт–санасын, дәстүрлерін берік сақтауға тырысты. Н. өздері қауым болып жинақы қоныстанды. Олардың көпшілігі (55 пайызы) сауатты еді. Әлеуметтік сословие тұрғысынан алғанда 1897 жылы Н.–дің 85 пайызын шаруалар құрады.

1897 жылы Қазақстандағы және онымен шекаралас қалалардағы Н–дің жалпы саны 7 мың адамға жуықтады. Олардың көпшілігі Ақмола облысында, Омбы қаласына жақын Ақмола облысының аумағындағы Преображенский, Романовский, Канкринский сияқты поселкелерде тұрды. Олардың ендігі бір елеулі тобы Сырдария облысында да қоныстанды. Столыпиннің аграрлық реформасы кезінде немістердің Еділ бойынан, Қара теңіз жағалауынан ағылып келуі күшейе түсті. Сондай–ақ Н. қазақ даласына сонау Германия мен Австрияның тікелей өзінен де қоныс аударып келді. Кейінгі жылдары көпшілігі тарихи отанына кетті. Қазіргі уақытта 300 мыңға жуығы қалды. Олардың ұлттық–мәдени орталықтары жұмыс істейді. Неміс тілінде газеті шығад

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *