МҰРАҒАТ МУЗЕЙ,

Мұражай – архив – тарихи маңызы бар құжаттар сақТалатын мемлекеттік арнаулы мекеме. Мекемелердің ескі құжаттарын сақгайтын бөлімі немесе жеке тұлғаның өмірі мен қызметіне байланысты жинақталған жәдігерлер жиынтығы да М. деп аталады. Жазба деректерді жинастырып сақтау ісі тұңғыш рет Мысырда, Қытайда, Ежелгі Грекияда, Римде, т.б. елдерде мемл. дәрежеде қолға алынды. Қазақстанда дербес М.–тың пайда бо–луы Бөкей Ордасы мұрағатымен байланысты (XVIIIғ.). Қазақстандағы М. жүйесі (респ., салалық, аймақтық, т.с.с.) негізінен, XX ғ–дың 20–30жылдары қалыптасты. Ұлттық М. ісінің бастауында А.Байтұрсынов, С.Сейфуллин, М.Жолдыбаев сынды қоғам мәдениет қайраткерлері тұрды. Қазіргі М–тарда дәстүрлі қағаз құжаттардың түпнұсқаларымен және көшірмелерімен қатар фото–киноматериалдар, дыбыстық және бейнежазбалар, ақпараттың барлық жәдігерлер түрлері сақталады. М–тарда мәңгілік мерзімге сақталып, қорғалатын тарихи деректер мемлекеттің ішкі–сыртқы жағдайы, экон., саяси–идеол. қатынастары туралы құжаттар Ұлттық байлықтың бір бөлігі болып табылады. Тәуелсіз Қазақстан М–ның қызметіне халықар. байланыстардың артуы оң ықпалын тигізіп отыр. Қазақстан мұрағатшылары «Ғасыр соңындағы мұрағаттар: өткен жолды бағалау және болашаққа көзқарас» тақырыбымен Мұрағаттардың Халықаралык Кеңесі өткізген М–тың халықар. 13–конгресіне (Пекин, 2–7. 09. 1996 ж.) қатысты.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *