Алматы қаласында орналасқан, Халықаралық Бакалавриат стандарттарын Қазақстандағы білім беру жүйесіндегі оқытудың ең үздік элементтерімен үйлестіру арқылы жәнеұсынған үш тілдің бірін таңдауға құқық бере отырып, жоғары сапалы білім беруді қамтамасыз етеді. Мектептің негізгі мақсаты –студенттерге дұрыс та толыққанды өмір салтын жүргізуге көмектесу, оларды басқа халықтардың мәдениеті мен дәстүрлерін бағалауға және құрметтеуге, сондай–ақ әлемдік қауымдастық тағдырына қатысты өз борышы мен жауапкершілігін сезінуге баулу.
Мектептің бағдарламалары мен іс–тәжірибесі келесі тұжырымдарға негізделген:
–Студентті дамыту. Біртұтас білім беру студенттердің әлеуметтік, парасаттылық, физикалық және эстет. жағын дамытады және өз кезегінде үлкен өмірге, құбылмалы әлем жағдайындағы өмірге дайындалуға көмектеседі. М–та студенттер келесі дағдылар мен қабілеттерді дамытады: қамқорлық, бұлжымастық, қоғамға үлес қосу, өзін қоршаған адамдарға, басқа қоғамдарға және тұтас әлемге құрмет көрсету.
–Әлеуметтік және мәдени кіріктіру. Мектеп қауымдастығы мәдени ерекшеліктер мен адам құқығын жоғары қояды. Халықаралық Бакалавриат бағдарламасы бойынша барлық студенттер біртұтас халықаралық қауымдастықтың бір бөлігі болып табылады, мұнда алуан түрлі мәдениетті түсіне білу, оларға құрмет білдіру, сондай–ақ төзіммен қарау қарым–қатынасын дамыту ісі жатыр. «М.»қазақ тілінің маңызын, оның мәдениетін жақсы түсініп, сондай–ақ оныңәрі қарай дамуына ат салысады.
–Білім алу және оқыту әлеуеті. Сапалы білім беру әрбір студентке жекелей білім беруге, алынған білім мен іс–тәжірибенің маңыздылығына қарай бағытталады. Студенттің алған білімі мен тәжірибесі өзінің әлеуетін толық деңгейде дамытуға әрі қарай ынталандыратын болады.
–Перспективті оқу жоспары. Ең жақсы мектеп жоспарлары студенттердің жеке қабілеттерін ескере отырып, олардың талаптарына жауап беретін көптеген құрылымдық әдістерді өзіне қамтиды. Мектептің оқуға жасалған қадамдары бәрін білгісі келу, шығарм. мүмкіндіктер, күрделі және арандатушы шытырман мәселелерді шешуге бағытталған парасаттылық дағдыларды, сынау және өз бетінше ойлану қабілетін дамытады.
–Жоғары білікті және оптимистік көңіл–күйдегі ұжым. Халықаралық «М.» мектебінің барлық мұғалімдері жоғары білікті, олар студенттерге өз әлеуетінің толық ашылуына көмектеседі, олардың таланттарын мектепте, біртұтас қауымдастықта дамытуға ықпал етеді. «М.» мектебінің пердагогикалық ұжымы өзінің кәсіби дамыту жағынан үзбей жұмыс істеп келеді.
–Мектеп қауымдастығы. Халықаралық «М.» мектебі факультеттерді, мектеп қызметкерлерін, отбасылар мен студенттерді өзіне қамтитын, өз кезегінде жауапкершілігі мол азаматтың машықтары мен алар орнын дамытатын күшті және ынтымақты қауымдастық болып табылады. Ата–аналар мен қауымдастықтың атсалысуы мен ынтымақтастығы белсенді түрде үзбей іздестіріліп отырады.
–Сенімділік. Мұғалімдер, әкімшілік, студенттер мен ата–аналар бірлесіп жұмыс істей отырып, студенттердің білім алу мақсаттарына ортақ күштерін бағыттайды.
–Мүмкіндіктер мен қорлар. Студенттерге қауіпсіз және ынтасын оятатын оқыту ортасын ұсынады, мұнда олар академиялық бағдарлама, атлетика және бейнелеу өнері сияқты оқу бағдарламаларының алуан түрімен танысады.