мәдениет

(араб тілінде «маданият» – қала деген мағынаны білдіреді) – адамдардың рухани және материалдық игілігін, әлеуметтік болмысындамыту, көркейту,сақтау мен жаңарту жөніндегі қызметі және осы кызметтің жемістері мен нәтижелері. Әлеум. болмыс адамсыз тірлік етпейді, оның табиғаттан айырмашылығы да осында. Ежелгі гректер күтімді, қолмен өңделген М. әлемін және күтімсіз, өндеусіз, жабайы әлемді айырғаныосыған негізделген. Осы айырмашылық жасанды, өнерлі мен табиғи, өнерсіз нәрселердің қарама–қарсылығынан да байқалады. Философия тұрғысынан мәселе М–тің анықтамасында емес, адамзаттың әлеум. болмысын сақтау ісіндегі жетілу нұсқаларын анықтауда. Мұндағы ең басты нәрсе  жаңарудың нақты кескіндерін суреттеуде, олардың өзара байланысын табуда. Мәдениеттану жағынан келсек, әрбір нақты М. әлеум. болмыстың жандануы мен жаңаруының белгілі баспалдақтары ретінде көрінеді. Бұл тұрғыда М–тің ең басты мәселесі адамзат болмысының жандану мен өзгеріске түсуінің, немесе жаңару нұсқаларының арақатынасы. Бұл мәселенің жалпыға бірдей әмбебап шешімі жоқ. Егер адамзаттың ертедегі   қауымдастықтарына  басты қалып ретінде әлеуметтік ұйымның өзгерместігін қамсыздандыратын дәстүр көрінсе, одан кейінгі кездері жаңарудьң маңызы артады, ал соңғы онжылдықтарда әр түрлі дәстүр мен түрлі жаңашылдықтың өзара кірігуі басты бағытқа айналғандай. М. – халықтың мыңдаған жылдар бойындағы шығарм–ғы, онда қауым мен жеке адамның рухани ізденісі, халықтың даналығы мен адамгершілік нышандары жинақталады. Адамзаттың рухы мен келбеті, оның ерік бостандығы мен тарихи зейіні, филос. жүйелері мен рәміздік таңбалық өсиеттері, орын толмайтын шығындары мен өмірлік сабақтары, діні мен тілі, мұраты – осының бәрі М–пен біте қайнасқан. М–ке берілген көптеген анықтамаларды альтернативтік (баламалык) деп атауға болады. Адамдық арақатынастың бәрі белгілі бір мәдени деңгейде басталады, ал осы сыртқы ортаны өзгертуге бағытталған мақсатқа сәйкес әрекеттің нәтижелері адамдық мәндік күштердің заттандырылған көріністері болып табылатын М. туындыларында (материалдық немесе рухани) жүзеге асады.Демек, М. дегеніміз – адамның өзін–өзі, қоғамдық, әлеум. қатынастарды жасау процесі. Материалдық М–ке адамның заттық пішінге түскен руханилығы, табиғи объект мен оның материалы заттарға, қасиеттер мен сапаларға айналған түрі және адам арқылы ғана болатын, демек, мәдени мақсатқа сәйкес міндеті және өркениеттік рөлі бар шығарм. Қызметінің  нәтижелері жатады. Рухани М–ке қарағанда материалдық М. табиғи объектілердін сапала–ры мен белгілеріне және адам материалдық заттарды, жейтін тамақ және өмір сүру үшін қажет басқа да жабдықтарды жасағанда негізгі мате–риал немесе шикізат ретінде пайдаланылатын заттар түрлеріне, энергия және ақпаратқа тікелей тәуелді.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *