ҚОҒАМ

адамдардың арасында қалыптасатын сан–алуан байланыстар мен қарым–қатынастардың жиынтығыжан–ұя, ру, тайпа, халық, ұлт секілді әлеуметтік ұйымдасу формалары. Жер бетінде өмір сүріп жатқан саналы адамдар  бір–бірімен бірігіп, сан–қилы қарым–қатынастарға түсіп Қ–ды құрайды. Қ. ұғымының орнына көп жағдайда оған мән–мағынасы жағынан жақын категориялар қолданылады. “Ел” және “Қ.” категорияларын салыстырсақ, біріншісінің географиялық Қ. басымды. Мысалы, Қазақ елі – Азия құрылығының ортасында, мұхиттардан алыс орналасқан ел. Ал “мемлекет” пен “Қ–ды” салыстырсақ, ол мұхиттағы айсбергкебалауға болады. Судың бетіндегі көрінетіні  алып мұздың кішкентай ғана бөлігі – ол мемлекет болатын болса, су астындағысы – Қ.Қ. өміріндегі сан–алуан қарым–қатынастардың ең негізгілерін ғана мемлекет заң арқылы ретке келтіре алады, қалғандары әдет–ғұрып, моральдық, эстет., т.б. әлеуметтік нормалардың негізінде қалыпқа келеді. Сонау көне заманнан бері созылып келе жатқан үрдіс – Қ–дағы рухани, саналы байланыстарды негізгі деп есептеу. Өйткені, бір қарағанда Қ–ның жануарлар тобырынан айырмашылығы – оның мүшелерінде рухтың пайда болып, сол қоғамға тигізетін зор әсерінде болса керек. Қ. өмірінде өмір сүріп жатқан нақтылы адам басқалармен саналы қарым–қатынасқа түседі. Ол өз алдына неше–түрлі мақсат–мұраттар қойып, оларды Қ–дық өмірде іске асыруға тырысады.  Яғни, идея әрқашанда алда, соңынан ол іске айналады. Олай болса, Қ.  өмірін анықтайтын әрбір Қ. мүшесінің белсенді ұстанымы, қайрат кетірлігіжәне көшбасшыұлы тұлғалардың саналы іс–әрекеті.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *