(лат.sacrum– қасиетті)–киелілігі құндылыққа, мінәжатқа жататын нәрселер. Теологияда Қ–ті Құдайға бағынышты болу мен иеленеді. Қ–нің символы ретінде қасиеттеу рәсімі, яғни күнделікті тіршілікке Тәңірлік, трансцендентті мағына беретін рәсім бай көрсетеді. Қасиеттеудің жүйесі: қоғамға тән ойлар құрамынан; осы ойлардың абсолютты ақиқаттығына сендіретін психологиялық тәсіл мен иландыру құралдарынан; арнайы таңбалар жүйесінен; арнайы ұйымнан;осындай арнайы жүйені қалыптастыруға көп уақыт кетеді, ол өзіне өткен және жаңа пайда болған дәстүрлерді сіңіреді. Қ. дәстүрдің және қасиеттеудің өміршең жүйесінің арқасында дін немесе идея қоғамның барлық кеңістігіне тарап, әлеуметтік топтармен қатар барлық буындарды біріктіреді. Таңдаулы объект қ–телген кезде қоғам нақты болмыстан гөрі, оның шынайлығына көбірек сенеді. Сондықтан қ–теу рәсімін идеологияның ең басты құралы деп санауға болады.