ҚАНАҒАТ

барға риза болу, місе тұту, нысаптан шықпау, нәпсіге ермеуден көрінетін,Қ. – адамның оң моральдық сапасын анықтайтын этикалық категория.Қ. ашкөзділікке жібермейді, біреудің дүние затына сұқтандырмайды, сұғанақтық жасаттырмайды. Қ–шыл кісі – барынша кішіпейіл, қарапайым, иі жұмсақ. Сондықтан да ол көпшіліктің көзіне түсе бермейді. Қ.— қолдағы барына, қол жеткізген табыстарына разы болу, шүкіршілік ету. Әрине, кейбіреулер мұны адамшылыққа жарасатын көркем сипат, өмірде ортаймайтын қазына деп түсіне бермейді. Қаншама мол байлығы болса да, оны Қ.  қылмайтындар да кездеседі. Мұндайларды жұрт көзі тоймайтын,Қ–ы жоқ адам дейді. Ондайлар “болған сайын болсам деп, толған сайын толсам деп”  ашкөздікке салынып, Алла тағаланың қанағат–нысабын  ұмытады, көбіне жалған сөйлеп, екі жүзділікке барады. Пайғамбарымыз:“Монтаны екіжүзділіктің белгісі үшеу дейді. Олар өтірік айту, уәдесінде тұрмау және аманатқа қиянат жасау”. Екіжүзділік — жарамсақ жағымпаздықпен егіз қозыдай. Адам қолындағы барының игілігін көріп, соған шүкіршілік қылса, өмірі де мәндірек, қызығырақ болар еді. Қ–сыз адам ашкөз келеді. Қ–сыздық– тойымсыздық, өзі тойса да, көзі тоймаушылық.  Бұл —  ерсі қылық, тәрбиесіздік пен мәдениетсіздіктің белгісі.

Қазақ халқы Қ–ты – жоқтықтың, кедейшіліктің белгісі деп есептемеген. Керісінше, ол зерделілік пен сабырлылық, тоқтамдылық пен ұстамдылық мінездің, абзал моральдық қасиеттердің үлгі–өнегесі ретінде танылатын этикалық құндылық деп біледі. Өйткені ол адамшылық жолдан тайдырмайды, аш көзділікке жібермейді, басқаның дүниесіне сұқтанудан арылтады, сұғанақтық жасатпайды, қызғану мінезін тежейді. Қ–шыл адам жұмсақ мінезді, жайлы, кіші пейіл, қарапайым болып, көптің құрметіне бөленеді. Қ. – баршаның бойына жарасатын көркем сипат, ешқашан солдыруға болмайтын рухани күш. Көп адамда кездесетін кесапаттық – Қ–сыздық пен мал және дәулетке масаттану. Осыны өз өмірлік тәжірибесінде көп көрген қазақ халқы: “Малым бар деп мақтанба, боран соқса қайтесің? Басым бар деп ойлама, ажал соқса қайтесің?” деп Қ–тыққа шақырады. Эпикурдың пайымдауынша, адамға рухани Қ–ты әкелетін білім болып табылды. Әл–Фараби: “Қ. – табиғаттың төл перзенті. Тағы да денсаулықты күзетеді” –деп айтады. Р.Хорезми: “Тапшылықта азға Қ. ете білгенің, өзіңе–өзің патша боп, еркін өмір сүргенің” –десе, Парсы ойшылы Қайқаус (Кабус): “Әрдайым өкінішті жағдайға тап болғың келмесе, Қ–ты бол, қанағатқа әдеттенсең, бостандықтағы денең ешкімнің де құлы болмайды. Қайыршы болсаң да, бұзақы болсаң да Қ–ты бол. Демек, тәркі дүние бұзық болса да, қанағатты бол” (Қабуснама) –деп көрсетеді. Әл–Ғазали моральдық көрсеткіштердің бірі – Қ.  болатындығын дәлелдейді. Оның пікірінше, Қ. – адамның қолындағы аз нәрсені жеткілікті тұтынуы, қал–жағдайына шағымданбауы. Азға Қ. қылған, аз жеген, аз ішкен, аз ұйықтаған адамның жүрегі жұмсарады, періштелерге ұқсайды. Дүниеде тек зәру қажеттіліктерін ойлап, соны орындауды Қ.  тұтқан адамдар түрлі қауіптен, қиындықтардан аман болады дегенді меңзейді.

 Қазақ халқының даналық сөздері: “Қ.– қарын тойғызады, Қ–сыз – жалғыз атын сойғызады”, “Қоя жесең, қой қалады, тарта жесең, тай қалады” –деген тұстарды көрсеткен. Абай: “Талап, еңбек, терең ой, Қ., рақым ойлап қой – бес асыл іс білсеңіз. Ақылды адам азғантайды Қ.  қылып, бақытты өмір сүреді, ал ақымаққа бәрін берсең де аз” –дейді. Бұл мысалдардан Қ. адами болмысыныңайналасындағы қорғаныс күші ретінде дәріптеледі. Қ. адам жаратылысына ғана берілетін, жаман әдеттерден сақтаушы имманенті субстанція Батыс философиясында Қ–шылдықты түсінгендер қатарына Диоген, Шопенгауэрді жатқызуға болады. М., Шопенгауэр, “мен философия арқылы үлкен байлық таппадым, тек қажеттіліктерді Қ–тандырудың мүмкіншілігіне ие болдым” – деп Қ.сезіміне бөленген.

 Қ.– нысапсыздық, нәпсіқұмарлық, екіжүзділік антиподы ретінде қарастырылады. «Қ. – барға риза болу, місе тұту, нысаптан шықпау, нәпсіге ермеу. Пайғамбарымыз: “монтаны екіжүзділіктің белгісі үшеу дейді. Олар: өтірік айту, уәдесінде тұрмау және аманатқа қиянат жасау”. “Екіжүзділік – жарамсақ жағымпаздықпен егіз қозыдай.. Адам қолындағы барының игілігін көріп, соған шүкіршілік қылса, өмірі де мәндірек, қызығырақ болар еді.

Қ–шылдық түсінігінің түркілік әлемде ерекше орын алғаны белгілі. Айталық, Жүсіп Баласағұн Одғұрмыш бейнесі арқылы бұл ұстанымды өз еңбегінің арқауы етіп алса, Қожа Ахмет Ясауи Қ –ты кісілікке жеткізетін басты жол деп сараптайды. Ақын–жыраулар бұл дәстүрді жалғастыра отырып, Қ.  түсінігі мазмұнына хандық дәуірге тән рухани бітімдерді үйлесімді қоса білді. Айталық, Асан қайғы жырларында қанағат кең пейілділікпен, нәпсіні тыйюмен, ақсүйектер мен батырларды ел мүддесінен алшақтамауға шақырумен. Қ. – әдептіліктің басты белгісі және негізі. Ол – адамның сана–сезімі мен іс–әрекетіндегі жақсы әдет, дағды. Қ. – адамның барына, өз еңбегімен қол жеткізген табыстарына разы болу, шүкіршілік ету қабілеті. Қ. – адамзатының ғана болмысына бітетін ішкі интенциялық қуаты, имманенті субстанциясы. Қ–ы әдетке айналдыру – игілікті іс болып табылады және адамның тұлғалық болмысының жетілуін көрсетеді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *