индивидтің әлеуметтену және әлеуметтік бейімделу процесі аясында өмірлік тәжірибемен астасып бекітілген тұлғалық құрылымның ішкі элементтері, адамның өмірлік мақсаты үшін маңызды нәрсені маңызды еместен айқындау, алшақтату (шектеу), оларды жүзеге асыруға қолайлы тәсілдерді іріктеу желісі. Қ.б. жақын уақытта немесе болашақта адам тіршілігіне қолайлы, қажетті жағдайларды бағалаудың жоғары деңгейін құрайды. Оған нақты жағдайға сәйкес әрі индивидтің кейінгі өмірін болжауға лайықты жауапты шешімдерді қабылдау маңызды. Қ.б. тұлғаның тұтастығы мен тұрақтылығын қамтамасыз етуге қажет сананың қызметін, іс–әрекеттің ыңғайын анықтайды, оның мотивациялық ұйытқылығы нақты объектіге немесе қызмет пен қатынас түрлеріне жеткізетін мақсатты ұйымдастырады және бақылайды. Қ. б–дың қағидалары қайшылықсыз және тұтас болса, онда ол тұлғаның тұрақты әрі дербес болуына ұйытқы. Онсыз адамның дұрыс баға бере алмауы, дұрыс шешім таба алмауы әбден мүмкін. Қ.б. адамның түрлі мәдени кеңістікте өзін ұстай және көрсете алатын, мәдениеттің түрлі талаптарына бейімдеткізетін мүмкіндігіне назар аудартқызады. Мұндай талаптарды тек адамдардың субъектаралық қатынастары шеңберінде дұрыс ұғынуға болады. Қ.б. ұғымдық және теориялық негіздерін қалаған У. Томас, М. Вебер, Знанецкий ілімдері қазақ жерінде өз өресін табуда. Қазақстандағы ынтымақ пен достықтың нығаюы Қ.б–ды тоғыстыратын Халық Ассамблеясының жемісті жұмыс істеуінде, ұлттық тілдің еркін дамуында, мәдени мұраны бірлесе зерттеп, олардың құндылығын бірдей қабылдауға және пайдалануға қолдау жасайтын салиқалы ұлттық саясаттың жүргізілуінде