ҚАЗАҚТЫҢ КӘСІБИ ФИЛОСОФИЯСЫ

әлемдік философияның принциптері мен заңдылықтарын меңгеріпХХ ғ. екінші жартысында қалыптасқан ғылыми жүйесі. мемлекеттік университетте, Москва мемлекеттік және басқа одақтық республикалардың университеттерін бітірген кәсіби маман философтар білімнің де, шығармашылық ізденістің де кәсібилік деңгейін көтерді; философияның теориялық және әдіснамалық проблемаларын кеңінен зерттейтін ғылыми институт жұмыс істеді. Республикалық философтар қауымдастығының  қарастырған проблемалары ауқымды, әр алуан, оның нәтижесі толымды және тиянақты. Алғашқы шығарм. топ диалектикалық логиканың ұғымдық–категориялық негіздері мен теориялық принциптерін жемісті зерттеді (Ж. Әбділдин, А. Қасымжанов, Ә. Нысанбаев, М. Орынбеков, М. Сәбит, Қ. Әбішев, А. Хамидов және т.б.); Әл–Фарабидің есімі мен ілімін әлемге паш еткен шығармашылық топ қалыптасты (А. Машани, А. Қасымжанов, М. Бурабаев, С.Сатыбекова, Г. Құрманғалиева және т.б.): ғылымның философиясы мен методологиясы әр салада, әр деңгейде сарапталды (Ж. Әбділдин, Қ. Рахматуллин, Ә. Нысанбаев, А. Косиченко, Р. Қадыржанов, М. ИзотовА. Асаров т.б.); қоғамның әлеуметтік–этникалық және саяси мәселелері ХХ ғ. ыңғайына орай талқыланды (Д. Кішібеков, Б. Амантаев, Н. Сарсенбаев, М. Аженов, В. Черняк, А. Тұрғымбаев т.б.); ұлтымыздың болмысы, идеясы, құндылықтары, олардың әлемдік мәдениеттегі орны көрсетілді (Н. Жанділдин, Д. Кішібеков, М. Сужиков, Ә. Нысанбаев, А. Айымбетов, А. Айталы, С. Ақатай, С. Темірбеков, Г. Малинин, Т. Ғабитов, М. Хасанов, Ғ. Есім, Ж. Молдабеков, Н. Байтенова, С. Нұрмұратов, Н. Шаханова, Д. Раев және т.б); қазақ философиясының дүниетанымдық және тәрбиелік маңызы, халықтың өзіндік санасы әр қырынан философиялық сараптаудан және қарқынды талдаудан өтуде (А. Қасабек, О. Сегізбаев, Ж. Алтаев, С. Орынбеков, Ғ. Есім, Ж. Молдабеков, Т. Ғабитов, С. Нұрмұратов, Т. Рысқалиев, Ғ. Нұрышева және т.б.);  халқымыздың және философияның этикалық және эстетикалық ағымдары  Ғ. Ақмамбетов, Б. Қазыханова, Қ. Нұрланова, А. Тайжанов еңбектерінде ұлттық сипат алды; шетел философиясының өзекті мәселелері, соның ішінде батыс бағдарын Ж. Әбділдин, Г. Соловьева, Б. Нұржанов, Ә. Нысанбаев, Р. Қадыржанов, ал шығыс дәстүрін зерттеуде – А. Қасабек, А. Хамидов, Ж. Молдабеков өз үлестерін қосты; дін, ислам және еліміздің рухани мәселелерін әр кезеңде Қ. Шүлембаев, А. Артемьев, Б. Құдайбергенов, А. Косиченко, Ғ. Есім жаңа деңгейде көтерді, ал түрік мұсылман философиясы концептуалды деңгейде нәтижелі зерттелуде (Ә, Нысанбаев, Д. Кенжетай, Н. Аюпов, Т. Ғабитов, Н. Байтенова). Осы аталынған философтардың басым көпшілігі «Мәдени мұра» бағдарламасы бойынша әлемдік философияның 20 тт., қазақ халқының философиялық мұрасының 20 тт., аль–Фарабидің 10 тт. дайындауға және баспадан шығаруға тікелей атсалысты.  Қазақтың философиялық ой–санасында  әлеуметтік, антропологиялық және гуманистік бағдар (Ә. Нысанбаев, Д. Кішібеков, М. Изотов, және т.б. еңбектерінде) жаңа идеялық  арнасы мен өрнегін тапты. Қазақ философтары қоғамдағы құбылыстарды түсіндіргенде, олардағы қайшылықтардың шешімін табу жолында  өзара түсіністік пен өзара сыйластық идеясын жетекші принцип ретінде қабылдады. Жаһандану процесінде адамның әлемге қатынасының қандай деңгейі, қандай сипаты тұлғаны және жалпы қоғамдық ортаны дамытуға, жетілдіруге себепкер болатындығы көптеген зерттеулерде тұжырымдала бастады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *