ҚАЗАҚТАНУ

Қоғамы мен әлеуметтің дамуын адам сапасының ішкі табиғатына, ел дәстүрі мен ұлттың өзіндік санасына қатысты  пайымдайтын кешенді көзқарасты Еліміздің егемендігі қазақты танудан, қазақ болудан және қазақтыққа жараудан құралмақ, осы кезеңдергетарихи, әлеуметтік және мәдени тұрғыдан беретін бағалаудан қуат алмақ. Халқымыздың болмыстық, әлеуметтік және субъективтікезеңдері еліміздің рухани мәдениетінің мәртебесін көтермелейтін өлшемдер, ұлтымыздың  өркениеттік арқауын ширататын бағыт–бағдарлар.

Ұлттық болмыстың табиғатын дұрыс түсіну үшін, ұлттық идеяның, ұлттық мүдденің және ұлттық дамудың этномәдени тәжірибелерін,олардыңөзектілігін  көре білу шарт.  Осы үштіктің – ұлттық идеяның, этномәдени тәжірибенің, тарихи–мәдени қозғалыстың бастауын, олардың өзіндік бағдарын зерттейтін білімдер жүйесі әрі олардың танымдық және мәдени мәйегін межелейтін этнометодологиялық концепцияны қалыптастыру да қажет. Этномәдени тәжірибе Қ. Х.–ың онтологиялық, әлеуметтік, антропологиялық мәселелерін қамтиды,этнометодологиялық концепция Қ. Елінің тарихи бастаулары мен рухани әлемін қарастырады, оның саяси–практикалық  мәселелерін шешуге бағытталған. Қ–нудың мазмұны тарихи–мәдени кезеңдердің өзара ықпалында қалыптасады, елдегі еркіндіктің, естіліктің, ерліктің сапалық өлшемдерінен құралады.

Тәуелсіздігін алған жас республикадағы Қ. ұлттық сана–сезімді, ұлттық намысты, ұлттық мүддені қалыптастырудың бастауына және оның әдістемелік құралына жатады; Қ–дың тарихы мен өмір–салты туралы біржақты түсінік пен тар көзқарастардан арылудың бағытын құрастырады; жаңа дәуірдің, демократиялық қоғам мен нарықтық қатынастың мәдени өлшемдерін қазақ жеріне енгізудің  жүйесін ықшамдайтын кешенді ізденісті құрайды; еуразиялық идея мен өркениеттің ұлттық моделін қалыптастыруға рухани демеулікті ұйымдастыратын бет–бұрыстың бастауы.

Қ. дегенде алдымен: а) Қазақстан республикасының болашағын болжайтын, оның қоғамдық түрлену жүйесін  түсіндіретін кешенді көзқарасты, ә) тәуелсіз елдің ішкі және сыртқы эволюциялық жаңаруын саралайтын ұлттық сана–сезімнің түйіні мен жетілген дәрежесін, б) азаматтың ұлыстық, ұлттық үйлесімділігін қадағалау деңгейін, в) ұлттық мәдениеттің астары мен арқауын  өркениет өрісімен ұштастыратын  әдістемелі құрал деп ұғамыз. Қ. – тарихи, әлеуметтік, саяси, этникалық, көркем–әдеби, философиялық және т.б. көзқарастарды жинақтайтын дүниетанымдық–мәдени ұғым.

Қ–дың құндылығы – а) ұлттық қимыл–әрекетті реттейтін және жүзеге асыратын бағдарында; ә) ізгілік білімін толықтыруда және кісілік қасиеттің құнын арттыратын күйді қалыптастырып, топтастыруда; б) күнделікті қимыл–әрекетті әлеуметтік бағдармен үйлестіретін ерікте, сол ерікке өзіндік демеулік ендіретін әрекетте. Қ–дың нақты салалық, мәдени және тарихи объектілері: Қ–ң биологиялық құрылымы мен тіршілігі, әлеуметтік  бейнесі мен белсенділігі, ұлттық салт–дәстүрлері, кісілік қасиеттері, оның басқа халықтардан ерекше құндылықтары. Әңгіме а) білімнің, дәстүрдің, өнердің, саясаттың өзара ықпалдастығы, ә)  күрделі құбылысты басқару, б)  өзімізше өмір сүру тәсілі, в) ұлттық мәдениетті дамыту туралы болуда. Қ–дың өміршеңдігі оның болмыстық және танымдық қос бастауларында.

Қ–дың болмысы  – ұлттық мүдде мен қоғамдық сұраныстың қажетінен туындайды, үлттық мәдениет көріністері мен өркениетті қозғалыстар қарқынынан құралады. Қазақтың индивидуальды және этникалық болмысы географиялық, биологиялық, әлеуметтік өзгерістерден нәр алады. Қ. белгілі бір табиғи және рухани кеңістіктегі түрлі ұлыстар мен халықтар болмысынан тұтастық пен тұрақтылықты іздейді,  тіршіліктіктің тиянақты бағдарын қалыптастыратын этностың, ұлттың  тарихына, тіліне, ойлану жүйесіне, мәдениетіне, олардың ортақ және өзекті мәселелеріне  әдістемелерді жүйелейтін бағытты ұстайды.  Қ. ұлттық болмыстың көрінісін бейнелеу, түсіндіру, жасау, толықтыру; осы танымдық және практикалық жаңаруға қатысты бақылайтын жүйені және бақылаушы жүйені қамтиды; өзара салыстыру және сабақтастыру арқылы қазақты өзіне және өзгеге танытудың арнасын жетілдіреді. Ұлттық мүдденің қағидалары – өмірдегі бірлік пен бітім, ойдағы келісім мен көрегендік, тілдегі нақтылық пен дәйектік, мәдениеттегі жарасымдылық пен жетістік.

Қ. – адамтану, яғни ел азаматтарының қазақты тануы, қазақ болуына, қазақтыққа жарауына жол ашу, осы үлгілерді, өнегені жинақтау, саралау және тарату;  қазақтың өзін–өзі тану және өсіп–өну жолдары мен мүмкіндігін жинақтайды; өмірдің әлеуметтік және мәдени өлшемдерін үйлестіретін және сол қозғалысты қолдайтын бастама, осы ұстанымдардың әлеуметтік бағдарын және  мәдени ұстанымын марапаттайды. Қ– дың мәдени арқауы, а) адамның сезімдік еркіндігіне тұсаукесер, жан бостандығына шоқтық, б) адамның рухани және өндіргіш қабілетін қарқындатуға қызмет етеді, в) белсенді адам мен топтың өзіндік ерекшелігін сақтайтын тетік, г) мұра мен межеге жаңа көзқарасты, амал–әрекетті алға тарту.

Іргелі тұрғыдан қарастырсақ Қ.: а) ҚР–ң болашағын болжайтын, оның қоғамдық түрлену жүйесін  түсіндіретін кешенді көзқарас; ә) тәуелсіз елдің ішкі және сыртқы эволюциялық жаңаруын саралайтын ұлттық сана–сезімнің түйіні және жетілген дәрежесі; б) азаматтың ұлыстық, ұлттық үйлесімділігін қадағалауға мұрындық; г) ұлттық мәдениеттің астары мен арқауын  өркениет өрісімен салыстыруға ұйытқы. Қ–дың принципі – түрлі білімдердің көшірмесі емес, ұлттық мұра мен бейнені мүсіндейтін  кешенді де қосалқы тәсілдерді мәдениетпен үйлестірудің үлгісі мен бағыты. Ұлттық мәдениеттің адамзат өркениетіндегі орнын немесе мүмкіндігін анықтау – теориялық маңызды мәселе, тарихи тың бетбұрыс және практикалық өткір мәселе. Ұлтымыздың болмысы туралы тарихи, саяси,  экономикалық, әдеби–көркемдік және тағы басқа талдаулар ол туралы тұтас ұғымды қалыптастыра бермейді. Қ. – жалпы игілікке бағдар және  идеялық үлкен бетбұрыс.

Қазақстан үшін Қ. – жаңару философиясы, қазақтың өз тарихымен, тілімен, ділімен табысу идеясы, қазақ халқының өзін таныту тәсілі.. 1. Қ. идеясын ҚР тәуелсіздігін алғанда, қазақ ұлты тәуелсіз республикасын, өз мемлекетін құрғанда көпшілікке ашық жариялау тегін емес. Әлеуметтік–саяси мәселелер осы екі өлшем арқылы сарапталынды. 2. Қ–ң  мазмұны қазақтың тұлғалық тұтастығы мен  елдік егемендігінің дәрежесімен салыстыра анықталды. Қазақтың адамдық қасиеттері мен елдік болмысының арақатынасы қазақ халқының егемендігін қалыптастырды, оның туған жердегі беделін арттырды. 3. Қ. – атамекенінде өсіп–өнген азаматтың, өз елін сүйетін патриоттың кәмелетті жады және ар–намысы. 4. Қ. – осы үштіктің тарихи қалыптасу кезеңдері, өзара үйлескен ұлттық ділі, қазақи құндылығы, осы бағыттағы әлеуметтік белсенділік пен мәдени жетістердің өзара ықпалдастығы туралы білімдер жинағы.

Қ. проблемасын теориялық және тарихи тұрғыдан қарастырудың маңызы: а) талқылайтын проблеманы қоюдан және оны шешудің жолын белгілеуден, ә) ұлттық мәдениеттің жалпы негіздерін айқындаудан, б) қазақ болмысының болашақтағы орны мен рөлін анықтайтын талпыныстан, в) ұлттық идея мен қоғамдық сананың этностық қарым–қатынас шеңберіндегі қызметінен білінеді. Қ. – ғылыми және көркемдік зерттеудің маңызды объектісі. Оны адам өмірінің маңызды жағы және амалы ретінде  ұлттық бағдарға айналдыру – бірден–бір қажеттілік. Қ. Ілімі: а) Қазақстанның даму моделін жасаудың бастамасына жарамды. ә) білімдік саламен шектелуге, көзқарастағы идеялық және әдістемелі дағдарысқа қарсы; б) қоғамды, елді, ұлтты, оның азаматтық бағдарын зерттеудің мотивтік жолы мен қазақстандық моделін жүйелеу; в) ұлттық рух пен әлеуметтік–этникалық психологияның тигізер үлесін арттырады; г) еліміздегі әлеуметтік оптимизм идеологиясын қолдау; д) ұлттық мәдениеттің межесін сапалы талдау үлгісі мен үрдісі.

Қ–дың гносеологиялық, әдістемелік және мәдени шарттары өзара үйлеспегендіктен, адам болмысы туралы танымда қайшылыққа толы көзқарастар моделі қатар өрбіп, сыңаржақтылық аяқтан тартпақ. Қ. әр мамандық пен мәдениеттің өкіліне ашық жүйе, тарихи түсінік пен теориялық бағдардың үйлес, тұтас қалыптасуына демеулік.. Олай дейтініміз, Қ: а)  проблеманы адамгершілік және этномәдени өлшемдерімен саралайды; ә) ғылыми және мәдени жетістіктерді мұра, меже және әдістемелік үлгінің өрісі ретінде қарастырады; б) ғылыми тұжырымдарды этномәдени үйлестік санатында және өркениеттік өлшемнің  ыңғайында қолданады. 

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *