ҚАЗАҚ МУЗЫКАСЫ

музыкалық өнердің ұлттық саласы. Қазақ халқының ұлт болып құрылу кезеңінде өзіне тән муз. дәстүрі дүниеге келді; соның нәтижесінде бай музыка мәдениеті қалыптасты. Ән мен күйлерде халық өнерінің әр кезеңдегі тіршілік–тынысы өзінің көркем көрінісін тапты. Музыка рухани өмірден, қоғамдық қатынастардан, күнделікті тұрмыстан үлкен орын алды. Қ. м. музыка фольклоры және музыка тарихы салаларына жік–теледі. Алғашқы салаға суырып–салмалық негізде туған эпик. жанрлар – жыр, толғау, терме, желдірме және лирик. әндер мен айтыс өнері, екіншісіне көне түркі дәуірінен бергі кезеңдегі музыка үлгілері мен тарихи–мәдени мәліметтер енеді. Дәстүр тұрғысынан келгенде қазақ даласының түрлі аймақтарында олардың бәрі бірдей сақтала бермеген. Сыр бойы, Атырау алқабында –эпос, Жетісуда – терме, Орт. Қазақстанда кең тынысты лирик. әндер басым дамыған. Қ. м–ның үлкен бір арнасы – қобыз, сыбызғы, домбыра күйлері (қ. Қазақ музыка аспаптары). Қ. м–ның өзіндік ерекшелігі – синкреттілігі. Поэзия мен муз. мақамның бірлігіне негізделген ән–жырлардың келе–келе дараланып, екі түрлі өнер арнасына жіктелгені мәлім. Бірі – ән өнері, екіншісі – күйшілік. Осы негізде XIX ғ–да қазақ даласында екі түрлі халықтық кәсіби–муз. дәстүр қалыптасқан. Бірі – Ықылас, Сарымалай, Құрманғазы, Дәулеткерей, Қазанғап, Сейтек, Сүгір, Тәттімбет, т.б. өнерпаздар бастаған күйшілер тобы болса, екіншісі – Біржан, Ақан, Мұхит, Мәди, Жаяу Мұса, Естай, Үкілі Ыбырай, Абай, Нартай, Майра, т.б. сал–серілерден арқау алатын әншілік өнер. XIX–XX ғ–да айрықша дамыған домбыра күйлері өз кезегінде екі түрлі нақыштық ерекшелігімен дараланды (қ. Күй). Бірі – кең ауқымды төкпе, екіншісі – шертпе күй үлгілері. Әрине, қазақ халқының муз. мәдениетін сөз еткенде домбыра күйлерін бұл екі дәстүрмен ғана шектеуге болмайды. Ел арасынан шыққан кәсіби күйшілердің өз үні, өз мәнері, орындау ерекшеліктері бар. XIX ғ–дың аяқ шенінен бастап Қ. м. шет ел және орыс саяхатшыларының назарына ілікті. А.В. Затаевич қазақтың муз. фольклорын жинап, оларды нотаға түсіріп, жүйелеуде үлкен қызмет атқарды. Алайда, Қазақстанда   кәсіби   музыкаөнерінің туып, қалыптасуы, 30–жылдардан басталады. Осы кезеңде А.Жұбанов, Қазақстанға шақырылған Е.Г. Брусиловский, Б.Г. Ерзакович, т.б. музыка мамандары кәсіби музыка өнерінің негізін қалады. Жұбанов халық аспаптары оркестрін ұйымдастырып, халық композиторларының өмірі мен шығар–мғын зерттеді. Брусиловский «Қыз Жібек», «Жалбыр» секілді алғашқы қазақ операларын жазды. И.Н. Надировтың «Терең көл» (1939), А.А. Зильбердің «Бекет» (1940), В.В. Великановтың «Тұтқын қыз» (1939), Брусиловскийдің «Ер Тарғын» (1937) опералары Қ. м–ның кезекті жетістіктері болды. 2–дүниежүз. соғыс жылдары қазақ комп–лары «Гвардия алға» (Брусиловский, М.Төлебаев), «Абай» (Жұбанов, Л.Хамиди), «Біржан – Сара» (М.Төлебаев) секілді күрделі туындылар берді. Опера жанрымен қатар композиторлар «Сарыарқа» (Брусиловский), «Абай»(Жұбанов),»Қазаксимфониясы»(Великанов),»Ризвангүл»(Қ.Қожамияров), «Жайлауда» (Қ.Мусин) атты симф. шығармалар (поэма), «Коммунизм оттары», «Кеңестік Қазақстан» атты кантаталар жазды. Брусиловский мен Ғ.Жұбанова оркестр мен жеке муз. аспапқа арналған концерт жанрында да елеулі еңбек етті. Қ. м–н шетелдіктерге алғаш таныстыру–шылардың бірі Ә.Қашаубаев болды. Ол 1925 ж. Парижде, 1927 ж. Майндағы Франкфуртте (Германия) өн шырқады. 60 – 70 жылдары Қазақстан композиторлары С.Мұхамеджанов «Айсұлу» (1964), Е.Рахмадиев «Алпамыс» (1972), Жұбанова «Еңлік– Кебек» (1975), Қожамияров «Садыр Палуан» (1977) атты опералық шығармалар жазды, М.Сағатов балет жанрында еңбек етті. Брусиловский бесінші, алтыншы, Қожамияров біріші, екінші, Жұбанова «Жігер» атты симфонияларын жазды. Рахмадиев «Дайрабай», «Құдаша думан» симф. күйлерін ұсынды. Қ. м. үшін бұл күй жанрының өзіндік жаңалығы болатын. 60 – 70–жылдарда ән жанрында жемісті еңбек еткен Б.Байкадамовтың, Ә.Еспаевтың, М. Маңғытаевтың, Ш. Қалдаяқовтың, Ә. Бейсеуовтің, Т.Базарбаевтың, Е.Хасанғалиевтің шығармалары халық ілтипатына бөленді. Кейінгі жылдары опера, симфония, балет саласында – С.Мұхамеджанов («Ақан сері – Ақтоқты»), Б.Жұбаниязов («Махамбет»), Жұбанова, Рахмадиев, С.Кибирова («Үш торай»), А.Серкебаев («Мой брат Маугли»), С.Еркінбеков («Мәңгі алау»), аспаптық–камералық және вокалдық музыкада – Ж.Дәстенов, Маңғытаев, Сағатов, Ж.Тұрсынбаев, Т.Мұхамеджанов, т.б. композиторлар жемісті еңбек етті.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *