ҚАЗАҚ МУЗЫКА АСПАПТАРЫ

халық арасына көп тараған ұлттық музыкалық аспаптар. Олар ғасырлар бойы ұрпақтан–үрпаққа мирас болып келе жатқан мәдени мұра. Қ. м. а–ның өзіне тән үні (әуенділігі мен саздылығы), орындаушылық дәстүрі бар. Мұның аттарын халқымыздың жыр–аңыздары мен дастандарынан, XV–XIX ғ–дағы орыс және шет ел саяхатшылары мен ғалымдарының еңбектерінен кездестіруге болады. Ертеде аспаптарды ағаштан ойып, түрлі өсімдіктерден, малдың терісі мен сүйегінен, мүйізі мен қылынан жасаған. Музыка аспаптарын халыққа хабар бергенде, аңды үркіткенде, ән–күйлер орындағанда, бақсылар сарнағанда пайдаланып отырды. Қ. м. а. үрмелі (саз, қос, қамыс және мүйіз сырнайлар, сыбызғы, ұран, керней), ішекті (жетіген, шертер, 2 және 3 ішекті домбыралар, қобыз), шалып ойнайтын (шаңқобыз), ұрмалы (даңғара, дауылпаз, шыңдауыл, дабыл, асатаяқтың бірнеше түрлері) болып бірнеше топқа бөлінеді. Қ. м. а–ның үнін жақсарту мақсатымен  Алматы қ–нда Алматы консерваториясының (қазіргі Қазақ ұлттық консерваториясы) жанынан шеберханалар ашылды. Қазақ–тың халық аспаптар оркестріне домбыра мен қобыздың алғашқы үлгілерін (жаңадан жасатып) ұсынған проф. А.Жұбанов болды. Шеберлер Қ.Қасымов, А.Ермеков, Э.И. Романенко, О.Бейсенбаев, А.Ауқадиев, т.б. муз. аспаптардың алғашқы үлгілерін жасады. Қ. м. а–ның көптеген түрлері Мәскеу, Санкт–Петербург, Алматы, Семей, т.б. қа–лалардың мұражайында сақтаулы.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *