қуыршақтар арқылы сахналық ойын көрсететін ұлттық өнер мекемесі. Қазақ жеріндегі қуыршақ театры ұлттық ойындардан бастау алған. Ертеден келе жатқан «Ортеке» ойыны осының айқын дәлелі. Ағаштан жонылып жасалған киік немесе ат мүсіншесін сылдырмақтап жіп тағып, домбыра тартқанда жіптің бір ұшын ішекті шертер саусаққа іліп билететін болған. Өлкелік қуыршак театры Алматы қ–нда 1935 ж. 10 қазанда Қазақстаннын ХАК–нын бұйрығы бойынша, балалар арасындағы мәдени жұмысты жақсарту максатымен құрылған. 1938 ж. театрға респ. қуыршақ те–атры дәрежесі берілді. Театрдың қалыптасуына Қ.Бадыров, С.Телғараев, В.О. Гасюк, Ю.Г. Рутковский, П.И. Поторока, т.б. көрнекті театр қайраткерлері еңбек сіңірді. Қазақ және орыс группалары қатар жұмыс істеді.