бишінің қозғалысы мен дене қимылы арқылы көркем образды бейнелейтін ұлттық сахна өнері. Қазақтың халықтык би өнері ерте заманнан қалыптаскан, халқымыздың аса бай ауыз әдебиетімен, ән–күйлерімен, дәстүрлі тұрмыс салтымен біте қайнасып келе жатқан ел мұрасы болып табылады. Қ. б. халықтың тіршілік–тынысын, адамның табиғатқа көзқарасын, дүниетанымын айшықтайтын өнер ретінде өркендеді. Қ. б–нің кейбір кимыл–қозғалыстары, бақсы–балгерлердің ойындары арқылы қалыптасқан. Қ. б. өнері синкреттік түрде дамыды. Ежелгі билердің канондық түрлері бізге жетпеген. Бірақ жиын–тойларда жұрт көңілін аулайтын күлдіргіш–қуақылардың өнерлерінде, ұлттық ойындар мен салт–жораларда би қимылдары мол қолданылды. Қ. б. өнерінің кәсіби деңгейге көтеріліп, сахна төріне шығуы, Қазақ муз. театрының (қазіргі Қазақ акад. опе–ра және балет театры) шығарм–ғымен тығыз байланысты. Халық бишісі Ысқақ Быжыбаев Мәскеу қ–нда өткен КСРО халыктары билерінің Бүкілодақтық фести–вальдарына қатысып, 1936 ж. екінші жүлдені, 1940 ж. бірінші жүлдені иеленді. Қазақ халқының алғашқы кәсіби бишісі Ш.Жиенқұловадан бастау алған би өнері бірнеше ұрпақтың рухани байлығына айналды. Жиенқұлова – 1936 ж. Мемл. филармония жанынан би ансамблін құрды. Халық биінің тез қарқынмен дамуына 1955 ж. құрылған Қазақ ән–би ансамблі зор үлес қосты. 1989 ж. құрылған «Салтанат» би ансамблі М.Төлебаев, Б.Байқадамов, Л.Хамиди, С.Мұхамеджанов, Н.Тілендиев, Е.Рахмадиев, Ғ.Жұбанова, т.б. композиторлардың шығармаларына қойылған билер сахнада бейнеленді. Қазақтың фолькл.–этногр. билерінің кәсіби сахнаға шығуында «Алтынай» би ансамблінің рөлі зор болды. Ансамбль репертуарынан, аңыз–ертегілерге, салт–дәстүр мен еңбек тақырыбына, ойын түрлеріне қойылған ұлттық би өнерінің алуан үлгісін көруге болады. Қ. б–нің кәсіби сахнаға шығуында, әр кезеңде, А.Ибрагимов (Ардобус), А.Мартиросянц (А.Александров), Ә.Ысмайлов, Д.Әбіров, З.Райбаев, Б.Аюханов, Ж.Байдарлин секілді балетмейстерлер еңбек сіңірді.