ҚАЗАҚ ӘН–БИ АНСАМБЛІ

вокалдық–хореографиялық ансамбль. 1955 ж. ұйымдастырылды. 1989 жылдан «Салтанат» деп аталды. Ансамбльді алғаш ұйымдастыру шылар: реж.–хореограф Л.Д. Чернышева, комп. Б.Байқадамов, балетмейстер А.Бекбосынов, т.б. болды. Негізгі мақсаты – қазақтың ән және би өнерін, сондай–ақ, әлем халықтарының, композиторларының шығармаларын насихаттау. Ансамбль репертуарында Қазақстан композиторлары М.Төлебаев, Б.Байқадамов, Л.Хамиди, С.Мұхамеджанов, Н.Ті–лендиев, Е.Рахмадиев, Ғ.Жұбанова, Б.Жұманиязовтың шығармалары және украин, чех, неміс, жапон, венгр, араб халыктарының ән–хорлары мен би сюиталары бар. Қ. ә.–б. а. Баку, Вильнюс, Киев, Санкт–Петербург, Мәскеу, Рига, Таллин, Тбилиси, АҚШ, Германия, Венгрия, т.б. шет елдерде гастрольдік сапарларда болып өнер көрсетті. Қазақстанның еңб. сің. ұжымы деген құрметті атақ берілді (1967). Әнші–орындаушылары С.Әлімходжаева, Ж.Бекболатов,  Р. Галимниязова, Р. Есламғалиева, Р. Құрбанова, Ә. Ысмайлов, Р. Үмбетбаев, т.б. болды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *