апталық әдеби, мәдени газет. Қазақстан Жазушылар одағының органы ретінде бірінші саны 1934 жылдың қаңтарында жарық көрген. Алғашқы редакторы Б.Майлин. 1940– 54 ж. газеттін шығуы тоқтатылып, 1955 жылдың қаңтарынан қайта шыға бастады. «Қ. ә.» өнер сүйгіш оқырман қауымның рухани жан дүниесін байытып, эстетик. талғамын тәрбиелеуде елеулі рөль атқарды. Газет беттерінде қазақ акын–жазушыларының өлең, жыр, дастандары, әңгіме, очерктері, роман, повестерінен үзінділер; байырғы мәдени қазынамыздың ел аузында жүрген асыл үлгілері, көне тарихымызға қатысты деректер мен архол.–этногр. мұралар; қазақ әдебиетінің өткені мен бүгіні және келешегі жайлы байыпты әдеби–сын мақалалар; елдегі елеулі мәселелер, қоғамдық–саяси, әлеум.–мәдени оқиғалар жөнінде публиц. өткір ой–толғаулар, дүние жүзі классиктерінің үздік туындыларынан аудармалар жария–ланды. Сонымен бірге, оқу–ағарту, білім, ғылым саласындағы әр алуан көкейкесті мәселелерді сөз етеді. Кино, театр, сымбат, қолөнерінің келелі тақырыптарынан кеңінен толғап, белгілі әдебиет, өнер қайраткерлерімен сұхбат жүргізіп, олардың жаңа шығарм. туындыларын оқырмандарға таныстырып отырады