ҚАЗАҚ АРХИТЕКТУРАСЫ

сәулет өнері – ғимараттарды, құрылыстар мен ескерткіштер кешендерін жобалау, салу, оларға уақыт талабына сай эстетикалық сипат беру өнерінің ұлттық саласы. Материалдық игілікті жасаудың басты саласы ретінде Қ– а. қоғамның өндірістік–экон. дамуына, ғылым және техника жетістік–терімен жарақтануына, оны жасаушылардың дүниетанымдық–эстет. талғамына тығыз байланысты жағдайда өркендеді. Қазақстан жерінде кұрылыс салу жоғ. палеолит дәуірінде пайда болды. Қаратаудағы, Баянауылдағы, Ұлытаудағы, Маңғыстаудағы үңгірлер мен адам тұрақтары шағын топтар болып өмір сүрген, бірігіп, еңбек еткен алғашқы қауымдық құрылыстар аншылардың, кейінірек ертедегі рулық қауымдарды құрған адамдардың тіршілік жайын сипаттайды. Бұл дәуірден ортасында дөңгелек ошағы бар, тастан немесе топырақтан қаланған, аласа қабырғалы, төбесі сырықтармен жабылған алғашқы тұрғын үйлердің (Орт. Қазақстандағы Тамды, Бөрібас, Дамсы тұрақтары) іздері сақталып қалған. Қола дәуірі тұрақжайлары тұрғын және шаруашылық бөлігі болып, қоршаумен екіге бөлінген (бұлар шамамен шаруашылыққа қосымша құрылыстармен бірге дөңгелене орналасқан) тік бұрышты жеркепелер тобынан құралды. Ошақтың үстіндегі орт. кеңістік бөренелермен жабылды, қабырғалары тақта тастан қаланды немесе топырақтан соғылды (Оңт. Қазақстандағы Атасу, Бұғылы тұрақжайлары). Кейінірек дөңгелек пішінді үйлер, төбесі түйетайлы етіп жабылған тік бұрышты құрылыстар (қыстаулар) пайда болды. Сонымен қатар, қабір үстіндегі кұрылыстардын пішіндері мен түрлері сараланып бөлінді. Қола дәуірі сәулет өнерінің үлгісі өңделмеген тақтатастан қаланған Дың ескерткіштері кездеседі (Екі дың ғимараттары). Тас ғасырының бейіттері күмбезбен көмкерілген және айналасы дөңгелене қоршалған, ортасында тас мүсіндері бар сәулетті кешендер түрінде жасалған.  Қабір үстінде көлденеңі 30 м–ге жететін үлкен қорғандар (Қарағанды обл. Ақсу–Аюлы кешені) жиі салынған. Одан кейінгі дәуірлердегі кешендер тақтатастармен тік бұрышты етіп коршалды, кіре берісте галереялар салынды, төбесі бағаналармен (Беғазы, Қарағанды обл.) жабылды. Б.з.б. IV ғ–да құрылыста төбе–ні күмбездеп жабу тәсілі, сондай–ақ, оның алуан түрлері – цилиндр, сопақ, кеспек тәрізді түрлері кеңінен қолданылды.

Қаланың жоспарлау құрылымы мен бекіністері үш кезең бойында қалыптасты. IX–X ғ–ларда Қ. а.–нда бүкіл Орталық Азиядағы сияқты, зор сапалық өзгерістер болды. XI–XII ғ–ларда ол гүлдену шегіне жетті. Бұл кезеңнің қалалары 3 жеке құрылымнан түрды: қамал (цитадель), шаһристан, рабад. Кұрылысқа күйдірілген кірпішті қолдана бастау – сәулет ісінің ілгері дамуына жол ашты. Ғаныш ерітіндісін қосып күйдірілген кірпіштің өте берік болуы ғимарат төбесі құрылымын жетілдіруге, үйлердін аумағын ұлғайтуға жағдай туғызды. Ерте орта ғасырлар кұрылыстарындағы шаршы пішінді күмбездердің іргесі дөңгелек пішінді күмбездерге ауысуы сатылы–аркалы белдеулер аркылы жүзеге асырылды.

Түркістан қ–ндағы Қожа Ахмет Ясауи кесенесі XIV ғ–дың аяғы мен XV ғ–дың басында салынған бірден бір ескерткіш болып табылады. Бұл тамаша ескерткіште Қазақстан мен Орта Азия халықтарының көпғасырлық кұрылыс өнерінің жетістіктері    пайдаланылған.    Қазақтың халықтық сәулет өнерін дамытуда ескерткіштің маңызы зор болды.

XV–XVIII  ғ–ларда Қазақстанның далалы аймақтарында салынған діни және мемориалдық ескерткіштер 3 негізгі топқа бөлінеді: 1) күмбезді мазарлық; 2) қоршаулар (сағана там, төртқұлақ там); 3) қабір үстіндегі ескерткіштер және қабір үстіндегі ұстындар (үштас, бестас, қойтас, құлпытас, т.б.). Мазарлар композициясына қарай: мұнаралы, порталды–күмбезді, орт. білікті; жабу түріне қарай: сфералық немесе барабаны бар яки барабаны жоқ, шатырлы (сопақша), күмбезді болып бөлінеді. XV–XVIII  ғ–лардағы мұнаралы құрылыстарға Қызылорда обл–ның Шахнияз, Қармақшы ата мазарлары, Оңт. Қазақстан обл–ның Созақ ауд–ндағы мазарлар, т.б. бірқатар ескерткіштер жатады. Олар тік бұрышты немесе көп қыр–лы іргетасқа қойылған биік көп қырлы барабан аркылы сопақша немесе ұя тәрізді күмбезбен жабылған. XIX ғ–дың аяғы мен XX ғ–дың басында Қ. а. онан әрі дамыды. Ғимараттар мен құрылыстардың жаңа түрлері тұрғызылды, қала жоспарлау мен салудың соны тәсілдері белгіленді, өткен кезеңдердегі монументтік сәулет өнерінің дәстүрлері қайта жанданды, жаңа материалдар мен құрылымдар, ғимараттарды көркемдеп, сәндеудің архит. пішіндері мен құралдары пайда болды. 1927 –29 ж. Респ. жоспарлау к–тінің арнаулы комиссиясы ауылға арналған тұрғын үйлердің, қоғамдық ғимараттардың, баска да шаруашылық–тұрмыстык үйлердің бірсыпыра типтік сұлбасын, бас жоспарларын жасады.

Қ. а–ның үлкен жетістігі «Қазақстан» қонақ үйі. Бұл – еліміздегі жер сілкінетін аймақта орналасқан көп қабатты (25 қабат) алғашқы ғимарат. Республика сарайының архитектурасы бүкіл бір кезеңнің жетістігі болып саналады. 70–жылдардың соңы – 80–жылдардың басында Қазақстан қалаларында жаңа Мәдениет сарайлары мен үйлері, басқа да мәдени ойын–сауық мекемеле–рі: Рудный қ–нда Кеншілер сарайы, Петропавлда обл. драма театры

(арх. А.А. Козачинский; инж. А.Зай–цев), Алматыда цирк ғимараты (арх. В.З.Кацев, Слонов, С.Б. Матвеев, М.В. Плохотников), Аркалықта Кеншілер сарайы, Астанада Жастар сарайы (арх. А.Полянский, К.Миронов; инж. Ц.Нахутина), Павлодарда Трактор жасаушылар сарайы, Алматыда мақта–мата комбинатының Мәдениет сарайы (арх.: А.А. Пет–рова, З.Мүстафина, Г.Жақыпова; инж. Г.Стулов, Б.Никишина), Қазақ акад. драма театрының ғимараты (арх. О.Баймырзаев, А.Қайнарбаев, М.Жаксылықов) салынды. Бұл кезеңде Қ. а–нда негізінен монументтік сән өнері көрініс тапкан елеулі сапалык өзгерістер болды. Қазақстан егемендігі мен тәуелсіздігінің нығаюы Қазақстан мемлекеттілігінің нығаю процесі Түркістан, Семей, Атырау, Қарағанды, Қостанай, т.б. қ–лардағы архит. және мемор. ескерткіштерде көрініс тапты. Алматы қ–нда салынған Президент резиденциясы (1995) мен Республика алаңында орналасқан Тәуелсіздік   монументінің   (1996) орны айрықша. Алматы қ–ның бет–бейнесінде тәуелсіздік алған жылдары салынған бес жұлдызды «Анкара» (авт. Бижан Туберг, Түркия) және «Рахат–Палас», «Астана» қонақ үйлері мен т.б. кұрылыстардың өзіндік орны бар. Елордасының Астана қ–на ауысуы архитекторлар алдына жана міндеттер қойды. Бірінші кезекте іске асырылған жобаларға Орт. алан аумағындағы Президент  резиденциясы мен Мин. каб–нің әкімш. және Парламент ғимараты, сондай–ак, Ішкі істер мин–нін ғимараты, Қаржы мин. кешені, «Самал» тұрғын үйлер  ауд., аэропорт, Есіл өз. аймағындағы архит. кешен жатады. Соңғы кезеңдерде бұл аймақтарда жаңа Үкімет үйі, «Сити маркет» сауда орталығы, Спорт сарайы,  Ұлттық мұражай,  Еуразия ун–тінің ғимараттары, Океанариум, «Думан» ойын–сауық кешені, «Астана–Бәйтерек» кешені, т.б. салынды. 2000 ж. ЮНЕСКО шешімімен Түркістан қ–ның 1500 жылдығы атап өтілді. Осы күнге орай әлемге танымал Қожа Ахмет Ясауи кесенесі кайта жөндеуден өткізілді. Сонымен қатар, «Яссы» қонақ үйі, ¥лы жібек жолын символдық тұрғыдан көрсететін «Керуен» ескерткіш кешені ашылды. Жиырма жылдық тәуелсіздік кезеңінде Қазақстанның көптеген қалалары мен аудандарының, әсіресе Алматы және Ақмола облыстарының архит. келбеті айтарлықтай өзгерістерге ұшырады. Ірі–ірі әкімш. ғимараттары мен тұрғын–үй кешендері пайда болды. Мемориалдық құрылыстардың арасында жаңа ескерткіштер және ғылым мен техника, тарих пен мәдениет кайраткерлері тұрған үйлерге тақталар мен құлпытастар қойылды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *