негізінен етті және сүтті тағамдардан тұрады. Ет жыл бойғы азық–түлік өнімі болған, оны пайдалану жазда біраз бәсеңдеп, қыста айтарлықтай ұлғайып отырған. Сүт өнімдері де соншалықты кең қолданыста болған: биенің сүтінен – қымыз, түйенің сүтінен – шұбат; қой мен ешкінің сүтінен – құрт (кептірілген ірімшік) дайындалған. Сиырдың сүтінен сондай–ақ айран, қатық, – бидай, тары немесе күріш қосылған ашыған сүт көже дайындаған. Астық және өсімдік өнімдері көбінесе жартылай отырықшы аудандарда пайдаланылған. Қ–дың ерекше құрметтейтін тағамы бесбармақ болып табылады. Құрметті қонақты ерекше әдіспен дайындалған қойдың басымен сыйлайтын болған. Ол басты бөліп, қонақтарға, үлкендерге, балаларға, жақын және алыс туыстарға деген қарым–қатынастың ежелгі қазақ дәстүрлеріне негізделген ерекше салтын ұстана отырып, оны басқа қонақтарға таратып беретін болған. Етті сорпаға пісірілген жайылған нан бөліктерімен бірге береді. Бұл тағамға қосымша ретінде еттің сорпасы беріледі, ол ағаш немесе шыны тостағандарда ұсынылады. Дастарханға міндетті түрде бауырсақ салынады. Тағамға дәмдеуіштер, әдетте қара бұрыш пен қалампыр қосылады. Шай ет тағамдарының алдында ішіледі. Еуропалық көріністердегіден ерекше сусын барлық ас–шаймен және тәтті–дәмділермен бірге ұсынылады. Әдетте сүтпен немесе кілегеймен бірге құйылады. Тамақтың соңынан қымыз беріледі. Қазіргі Қ. тағамдары тек қана дәстүрлі қазақ тағамдарынан ғана емес, сонымен қатар өзбек, ұйғыр, татар, орыс, украин, корей және т.б. тағамдарынан тұрады. Көкөністен, жемістерден, балықтан, теңіз өнімдерінен көптеген тағамдар, әр түрлі кондитерлік өнімдер дайындайды.