Қазақтардың дәстүрлі шаруашылығы

көшпелі және жартылай көшпелі мал шаруашылығы (қой өсіру, негізінен қылшық жүнді және құйрықты тұқымдар, ірі қара мал), соның ішінде жылқы өсіру және түйе өсіру. Қ.–дың қоныстанған аумағының басым бөлігінің аридты сипатына байланысты егін шаруашылығы негізінен қосалқы болған, ал су ресурстары мол жерлерде тіпті суармалы егіншілік шаруашылық болып табылған. Қ. малды қорада бағу үшін жем–шөп дайындамаған. Мал жазда да, қыста да ашық жайылымда жайылған. Бұл көшпелі жүйенің бірегейлігі Қ. күн мен көк шөптің артынан көшкендігінде: жазды олар солтүстік ендіктерде өткізген (шұрайлы жайылымдары көп, салқын климатты жерлерде), ал қысты – тау етектері мен жартылай шөлейтті оңтүстік аймақтарда (жер бедері аңызақ желден қорғайтын және жайылымдардағы қар қабаты қалың емес жерлерде) өткізетін болған. Ресейдің қол астына кірген соң және жайылымдық жерлер мен су қоймаларының біртіндеп қысқаруы халықтың әлеуметтік межеленуіне және олардың біртіндеп отырықшылануына алып келді.

Кеңес кезеңінде, большевиктер қолдан тудырған жаппай ашаршылық пен ауқымды қуғын–сүргіннің нәтижесіндегі үлкен құрбандықтарға (шамамен 50% байырғы тұрғындар қаза болды), сонымен қатар Ұлы Отан соғысындағы еңбекке қабілетті ерлердің көптеп қаза болуына қарамастан Қазақстан Ресей империясының артта қалған елінен дамыған өндірістік республикаға айналды. Қолданбалы өнердің ежелгі түрлерінің біріне металдарды көркем өңдеу: ұсталық іс, сүйекпен, күміс және алтындармен әшекейленген ыдыс–аяқ, зергерлік бұйымдар, қару–жарақ, ер–тұрман, сонымен қатар ат әбзелдерін, киім–кешек әзірлеу жатады. Көшпелі дәстүрлі үй – киіз үй, атқа арналған ер–тұрман, салт атты шайқас өнері, ұлттық кілем өрнектері, күміс және алтын әшекейлер өрнектері – көшпелі мәдениеттің теңдессіз туындылары екендігі белгілі. Киіз үй киізбен қапталған ағаш қаңқаға (кереге) негізделеді.

Шаңырақ — киіз үйдің ең жоғарғы бөлігі, ол ошақтан шыққан түтіннің шығуына және киіз үйдің ішкі бөлігіне жарық түсіруге арналған. Температураны сақтап тұру және желдету қайырмалы түндікпен қамтамасыз етіледі, оның өлшемін шаңырақтың киізден жасалған жабынымен реттеуге болады, ол екі немесе одан да көп қабаттан тұруы мүмкін. Дұрыс құрылған киіз үйде жазда салқын, қыста жылы болады. Оны бұзуға және құруға бір сағаттан кем уақыт кетеді. Киіз үйдің ортасында қазан–ошақ орналасады. Киіз үйдің басты әшекейі киіз кілемдер (текемет) мен жүн кілем бұйымдар болып табылады. Сонымен қатар киіз үйдің іші әр түрлі ою–өрнекті, құрақты, кестелі, өрілген таспалармен байытылған. Қарапайымдылығы мен тиімділігі, құрудың жеңілдігі мен жылдамдығы, құрылысының мінсіздігі мен жоғары тасымалданғыштығы киіз үйді көшпенділердің аса қажетті үй–жайына айналдырды. Қазіргі уақытта киіз үйлер музейлердегі, театрлар мен басқа да көпшілік орындарында сәндік бұйым ретінде жиі қолданылады. Ұлттық мейрамдардың кезінде алаңдарға тігіледі.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *