– ғасырлар бойы қуатты империялар мен мемлекеттер пайда болып, күйреп, қайтадан жанданған Еуразия құрлығының ежелгі өркениет жері. Оның аумағынан Шығыс пен Батысты байланыстыратын маңызды сауда жолдары өткен. Елдің аумағында өмір сүрген ежелгі тайпалардың тарихи–мәдени бірлестіктері көптеген ғасырлар бойы Қ. этносының қалыптасуының негізі болып табылды (сақтар, үйсіндер, ғұндар, қаңлылар, түркілер, қыпшақтар, Қазақ хандығы). Еуразияның түркі тілдес халықтары, соның ішінде Қ. да туып, өмір сүріп жатқан жер әр уақыт кезеңіне сәйкес әр түрлі аталған: Тұран, Оғыздар даласы, Дешті Қыпшақ, Түркістан. Ортағасырларда Түркі қағанатының, Алтын Орданың құрамында болған қазақ ру–тайпалары XV ғасырдың орта тұсында өздерінің төл мемлекетін – Қазақ хандығын құрды. Алайда XVIII ғасырдың екінші жартысынан бастап ресей империясына тәуелді болып қалады. XX ғасырдың соңындаҚ. өздерінің тәуелсіз мемлекетін құрудағы тарихи мүмкіндікке ие болды. Ежелгі дәстүрлерді, әдет–ғұрып пен салтты, тарихи–мәдени құндылықтарды қайта жаңғырту идеясы жас мемлекет үшін ерекше маңызға ие бола бастады.