Қазақстан Республикасы жергілікті халқының атауы.Қазақтардың жалпы саны 15 млн. адамнан асады. Олардың ішінде Қазақстанда тұратыны 10 млн. адамнан артық.Қ. диаспоралары жақын және алыс шетелдердің көптеген елдерінде бар: Қытайда – 1500 мың, Ресейде – шамамен 700 мыңдай, Моңғолияда – 137 мың, Түркияда – 120 мың, Ауғанстанда – 20 мың, Иранда – 10 мың, Еуропаның әр түрлі елдері мен АҚШ–та – шамамен 4 мыңдай адам. Барлық Қ.–дың үштен бір бөлігінен астамы өздерінің этникалық отанының шегінен тыс жерлерде өмір сүріп келеді.
Қазақ тілі– Қазақстан Республикасының мемелекеттік тілі.алтай тілдік отбасының түркі тобының қыпшақ тармағына жатады. Жақын туыстас түркі халықтарының тілдерінен айырмашылығы – өзіне тән ерекшелігі диалектілердің жоқтығы болып табылады. Оған себеп номадизм феноменінің ықпалымен – бүкіл Дала белсенді қозғалыста және тайпаралық қарым–қатынаста болған. Жабық, жеке, дара өмір сүру үшін объективті жағдайлар болмады – сондықтан Ертістен Еділге дейінгі ұланғайыр аумақта біртұтас тілдік нормалар болған. Қазіргі уақытта Қ.т. Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі болғандықтан оны қайта өрлету және дамыту мемлекеттік бағдарламасы әзірленіп, іске асырылып келеді.
1999 ж. халық санағына сәйкес, қ–дың 99,4%–ы қ. т.–ін, 75%–ы – орыс және 0,7%–ы – ағылшын тілдерін меңгерген. Қ.–дың да, барлық түркі халықтарының сияқты бұрынғы өткен заманда өздерінің ежелгі, төл графикасы – руналық жазбасы болған. Ол ерекше (негізінен, сызықтық жазбалар) белгілер түрінде болып келген. Руналық әліпби 72 руналық белгімен берілетін 28 әріптен тұрады. Номадизмнің арқасында қ. т. ежелгі түркі тіліне жақын болып қалған және руналық ескеткіштерді аудару мәселелерін дұрыс шешуге мүмкіндік береді. Ұлы далаға исламның келуімен (VIII—X ғғ.) Қ.–дың арасында араб графикасы тарай бастайды. Сауат ашудың негізгі ошақтары мешіттердің жанындағы мектептер мен медреселер болды. ХХ ғ. 20–жылдарының аяғында жазу латын графикасына, ал 40–жылдары кириллицаға көшірілді.