Қазақстан Республикасы кітап мұражайы

Алматы қаласында орналасқан. Басты мақсаттары: тарихи және мәдени заттар мен ескерткіштерді, белгіленген ғылыми жүйе және жіктеу бойынша экспонатталған Қазақстанның ежелгі дәуірден бүгінгі күнге дейінгі қолжазбалары мен жарияланған кітаптарын жинау, жинақтау, сақтау, зерделеу және насихаттау; іздеу, ғылыми–зерттеу, экспозициялық, ағартушылық және баспа жұмысы. 2006 жылғы 1 қаңтардағы жай–күй бойынша мұражайда 51,3 мың кітап тіркелген. Олардың 5213 мыңнан астамы сирек кездесетін, ескі кітаптар мен қолжазбалар. Ғимараттың жалпы көлемі 490,6 шаршы метр.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *