КІНӘ

адамның моральдық борышын атқармауынан, адамгершіл жанашыр сезімін орындамаудан туындаған мінез–құлықтық жай–күйі. Кәмелетті де белсенді адам қоғам алдында өз мінез–қылықтарына жауапкершілікпен қарауға тиісті, сондықтан өзіне жүктелген міндет пен жауаптылықтан жалтармай, елде қабылданған адамдық құндылықтарды елеусіз қалдырмайды. Адам ақыл–парасат пен ерік–жігеріне  сүйеніп, өзінің мінезі мен іс–әрекет үлгісін таңдайды.  Адамның әдейі (ықтиярымен) жасаған немесе  лажсыздан (еріксізден), абайсызданкүнделікті тұрғысына жасаған қылықтары сараланады. Кесепатқа, жамандыққа ұшырататын қызғаншақтық, ашкөздік, ызақорлық сияқты адамның осал жақтары К–ні қоздырмаса кемітпейді. К–ні лезде сезіну бар немесе оны  ұғыну ұят сезімінен, ар азабынан, опынудан білінетін ұзақ жетілу жолы бар К. бағалаудың моральдық және құқықтық нормалары қалыптасқан. Моральда бір адамның кінәсын басқалардың кемшілігімен ұштастыра жазғыру ықтимал. Заңдық тұрғыда К. құқықтық нормаларды бұзған, қылмыс жасаған адам тап болатын жағдайды білдіреді. Құқықтық талап Кінә–ліні жауаптылыққа тарту үшін және соттың тиісті жаза белгілеуі үшін негіз болып табылады. К–ніңң моральдық және заңдық мағынасын діндегі  к.–ті талқылау, бағалау желісінен ажырата саралау абзал. Діни моральда К. адамға әуел бастан тән, Адам–ата мен Хауан–ана жасаған бастапқы күнәның салдары деп танылады. К. көбіне күнәдан басталады. Қазақ күнәнің жеті түрін айрықша атап отырған. Олар: Күншілдік, Қызғаншақтық, Тәкаппарлық, Ашушаң–ызақорлық, Жалқаулық, Қанағатсыздық, Сезім құштарлығы. К–дан арылудың тәрбиелік маңызы зор. К–ны мойындаудан жастың бойында моральдық тұтас сезім, құлықтық қалыптасу айқындалады.  Алайда педагогикалық тәжірибе жазалаудың нәтижесінде К–лік сезімі міндетті түрде пайда бола бермейтінін көрсетеді. Мұның себебі балада құқықтық сананың қалыптасуы босаң, кемшіл болуы мүмкін,  қылықты жазалаудың бір жолына баса көңіл аудару ықтимал. Содан бала өзінің теріс қылығының салдарын моральдық, құқықтық тұрғыдан тереңірек, нақты ұғына бермейді. Оның үстіне, жазалау дәрежесі мен туындайтын жаңа сезімнің тереңдігі арасында тікелей байланыс, тәуелділік бола бермейді.  Бұл орайда ұрып–соғып тәрбиелемек дөрекіліктің нәтижесі ойдағыдай оң бола бермейді. Құлықтық жаза (жақсы көрмей қою, сөйлеспей қою және т.б.) баланың өзін–өзі ұғынуына әсерді нығайтуға, жиілетуге бағытталуы қажет. Мұсылман мәденеиетінде жалған сөз таратуды, жақсылыққа қол үшін бермеуді, имандылыққа жығылмауды  үлкен К–ға жатқызады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *