ЗИЯЛЫЛЫҚ

(ағл. сөзі intellectualism – интеллигенттік) – кәсіби түрде ой еңбегімен, шығармашылықпен, мәдениетті дамыту, таратумен (ғылым, өнермен шұғылданатындар, заңгерлер, инженерлер, дәрігерлер, журналистер және т.б.) айналысатын адамныңқасиеті. Адамның жоғарғы мәдениетін, ақыл–парасаты мен адамгершілігінің жиынтығын біріктіретін З. тұлғаның ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтарды тарихи тұрғыдан түсініп, бағалай білуі, әлемдік және ұлттық мәдениет туындыларын талғампаздықпен белсенді игеруі, ізгілік және әділеттілік сезімдерінің молдығы, басқа жанға, жалпы адамзат баласына сүйіспеншілігі, өзге ой–пікірге төзімділігі және т.б. қасиеттерінен аңғарылады. ХХ ғасырдың басында қазақ зиялыларының бір тобы қазақ қоғамының саяси мәдениетінің қалыптасуының негізін қалады.

Интеллигенция жөнінде көптеген теориялар бар. Егер шығыстық дәстүрде зиялы қауым деп белгілі патша айналасында топтасқан аздаған ойшылдары, ақындары бар сарай қауымы есептелсе, Батыста бұлай деп өзін тек ой, өнер жұмыстарына, рухани ізденіске арнаған топты атаған. Батыста зиялыны интеллектуал десе, Ресейде интеллигенция деген. Орыс интеллигенциясы әрдайым қарапайым халық жағында болып, өзін билікпен ымырасыз күресте қалыптастырған. Қазақ даласындағы Алаш қозғалысының өкілдері де сондай болған. Кеңес дәуірінде кеңес үкіметіне берілген партиялық интеллигенция пайда болды. Бұл таза идеологиялық, қолдан жасаған құбылыс еді. Қайта құру дәуірінен бері кеңес интеллигенциясының ең үздіктерінің Батысқа көшуі басталды. Қазіргі посткеңестік интеллигенция өзінің бұрынғы қадірлі мәртебесін орнықтыруға талпынуда.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *