ЗЕРДЕ

мақсатты әрекетке бағытталған,парасат адам танымының негізін құрайтын пайым ретінде көрініс. Ол заттардың объективті құрылымын, заңды байланыстарын білдіретін, ойлаудың ең жоғарғы түрі. Заттардың бүтіндей құрылымын жүйелі түрде көрсететін теориялар З. танымының жемісі. Логика мен методология З. танымы тәжірибесінің филос. қорытындысы қызметін атқарады. З. тұлғаның рухани әлемінің қалыптастыратын өзіндік санасының құралы, өз өмірін ой елегінен өткізу тәсілі, демек парасатты ой мәнділіктерінің қуаты, қызметі болады.

Ұйымдастыру саласында З. адам өмірінің қайнар көзі, нормативті бастау, ретке келтіруші әрекет ретінде алға шығады. Мұнда З. қызметі көпшіліктің өзара ұйымдаспаған қызметін саналы реттеушіге айналады, қоғамдық құрылымдар жасаудан көрініс табады.

Еңбек қызметіндегі әмбебап шығармашылық принцип ретінде З. материяны руханиой елегінен өткізген, оны көптеген түрлердегі заттарға айналдыра алатын адам қабілеті ретінде көзге түседі. Жетілген еңбек құралдары, епті қолдармен жұмыс істейтін конструктор, шебер, суретші З–сіне игерілуі керек материалдық болмыс қарсы тұрады. Философия түріндегі З–нің көптеген көріністерін қорытындылаған адам, өзін жан иесі ретінде бүтіндей жетілдіру үшін, оның барлық шығармашылық қуатын толық пайдаланады. Сондықтан да, антика философиясында З. мен  философия тең өлшемде құдайдың берген сый ретінде қарастырылды. Қазақ ұғымында З. тікелей тұлғаға байланысты қолданылады, зерделі жан, яғни парасатты адам ұғымын береді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *