ЖАҚСЫ АДАМ

рухани жетілу жолындағы адам. Ж.а.–ға  ақылды А. өзіндік ойы, өзіндік мақсаты, өзіндік бағыты бар, кез келгеннің жетегінде кетпейтін салқынқандылық, тұрақтылық, мінезділік  байсалдылық — ізгі қасиет. Ж.а–ның қасиеттері үлгі болып, жұртты жаман мінез, жат қылықтан жирендіреді. ”Сараңның жұрт түгілі өзіне де дәрмені жетпейді”, “Топасқа қылығы да қырсық болып жабысады”, “Ұятсыздан үйдей пәле шығады”. Ж–ға  жат қылықтар, атап айтқанда – өтірік айтып, дандайсу, ішкілікке салыну, нәпсіге құмарту, іштарлық, күншілдік пен бас араздық, бұзық жолға түсу, босқа күйіп–пісіп, ашушаң болу, адамның өзін–өзі ұстай алмауы және тағы басқалары еш уақытта опа бермейді. а.  бұларды бойына дарытпау үшін, қам жеп, ылғи да сақ жүреді. Ж. а. жеке басымен қоса, от басының да берекесін ойлап жүреді. Бақытты болу, асыл мұратқа жету жақсы қасиеттерсіз жүзеге аспайды. Бақытқа жету үшін ол аянбай еңбек етіп, өз бойына адамгершілік қасиеттерді егіп отыруы тиіс. Ж.а. өзінің ақыл–парасатымен қатар сезім дүниесінің де яғни өз көңіл–күйінің де қожасы болғаны жөн

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *