адамдардың белгілі бір қоғамдастығына тән, нақгылы тарихи–мәдени ортада қалыптасқан мінез–құлықтардың және іс–әрекеттердің біркелкі сипатын білдіретін ұғым. Д. мәдени бірегейленумен және тұлғаның өзін–өзі белгілі бір мәдени ортада сезіну деңгейімен байланысты. Адам баласы тумысынан құндылықтар жүйесін (отбасылық, топтық, этн., мемл., өркениеттік, т.б.), көбінесе, бәз қалпында, дайын күйінде қабылдайды. Еркін таңдау қабілеті, негізінен, шығарм. қарымы, жасампаздык дарыны мол тұлғаларға тән. Осыған орай, ең алдымен, этн. сананың (яки рәміздер, мифтер, мұраттар, салт–дәстүрлер, т.б.) тұрақтылығын, дүниетанымының әмбебапты болатындығын ескерген жөн. Д. «біз және біз емес» деген ажыратушы оппозицияға негізделеді. Д–ді оған табиғаты ұсақтау мәдени архетип пен ұлттық мінезқұлықтан ажырата білген жөн. Өзгермелі ортада тұлғалық тұрақтылықты жүзеге асыратын мәдени архетип тылсымдық, бейсаналы сипат ие–ленеді. Ал таңбалардың, рәміздер мен мағыналардың пайымдалған жүйесін құрайтын Д. саналы талқыға түсіп отырады. Ұлттық мінез–құлық мәдени архетиптермен бірге адамдардың қайталанбалы, табиғи, этнопсихол. ерекшеліктері арқылы көрініс табады. Д. әр түрлі адамдардың дүниедегі заттар мен құбылыстарды біркелкі таңбалар мен рәміздер арқылы бейнелей алу қабілетімен ерекшеленеді. Осы біркелкілік адами қоғамдастықтардың ортақ табиғи–тарихи ортада қалыптасуымен де, мәдени сабақтастық нышандарымен де тікелей байланысты бола–ды. Мыс, еуразиялық ¥лы Даланы қоныстанған көшпелі халықтар ұрпақтарының Д–інде көптеген ортақ белгілер бар.