ДҰҒА

діни тұрғыдан алғанда – Жаратушыдан қажетін сұрау, жақсылықты болдыру, не жамандықты қайтару мақсатында Жаратушыдан медет тілеу деген мағынаны білдіреді. Жаратушыға Д. етудің мәнісі – пенденін Құдірет иесіне деген мұқтаждығын білдіру, қажеті өтелу мақсатында Жаратушысына мінәжат ету. Д. ету, яғни Жаратушыдан қажетін тілеу – діндегі елеулі орын алатын ғибадаттың түрі.

Діни сенімде Жаратушыға көп дұға етуші Жаратушы мейріміне ие болады. Д. күнә мен қатерді жойып, тозақ азабынан құтқарады. Үнемі зікір ету, яғни Жаратушыны еске алып дұға жасау – адамның бүкіл болмысын жамандықтан, ластықтан сақтайды. Ислам дінінде жамағатпен отырып Д. ету амалы – қиямет күні қайғы–қасіреттен қорғайды. Шын жүректен шыққан, ықыласпен жасалған Д. – қиямет күні Жаратушының тандаулы пенделеріне арналған жәннаттың есігін ашуға себепші болады. Жаратушының пенделеріне әзірлеген нығметтерінің ең абзалы – Жаратушыны еске алып, Д. еткендердің несібесі. Үнемі Д–да болғандардың тіршілігі әрқашан қауыпсыз және тыныш болады.

Исламдағы Д–ның шарттары: дәретті болу, дұғаны Жаратушыға мақтау, Пайғамбарымызға (с.ғ.с.) салауат айтумен бастау, тілекті үш қайтара айту, қыблаға бет қарату, екі қолды иық тұсына көтеріп, алақаның жаю, орташа дауыспен дұға ету, дұғаны Пайғамбарымызға салауат айтумен аяқтау, Д–да Жаратушының есімдері мен сипаттарын тілге алу, алдымен өзі үшін тілек ету, шын көңілмен тілеу, Д–да әдептілік шегінен шықпау, аят пен хадисте көрсетілгендей Д. ету, жаратушыдан қажетін жалықпай тілеу.

Д. адам баласының ішкі жан–дүниесін рахат сезімге бөлеп, жан тыныштығын береді. Жаратушыға жалынып, жалбарыну – Д–ның негізгі мәні. Жалынып, жалбарынудын бірнеше көріністері болады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *