адам қабілетінің қабілетінің ерекше дамыған түрі. Д. адамның белгілі бір ғылым, өнер т.б. салаларда ерекше жетістіктерге жетуінен байқалады. Д–тың жалпы және нақтылы екі түрі болады. Ақыл–ойы ерекше дамыған адамның қай салада еңбек етсе де тындырымды іс атқарып, сапалы нәтижемен аяқтай білуі Д–тың жалпы түріне жатады. Ал дарындылықтың нақты түрі ғылымның, өнердің, т.б. қызметтердің жеке, белгілі бір саласында ерекше жетістікке жеткендердің еңбегінен көрінеді. Сәбидің ерекше қабілетін дер кезінде байқап, жетілдіре түссе шынайы Д. иесіне – талантқа айналады, ал дұрыс бағдар беріп, баулымаса, тәрбиелей алмаса, қабілеті өшіп, ерекше қасиет–қарымын жоғалтуы мүмкін. Психологтардың (Б.М. Теплов, Н.С. Лейтес, т.б.) зерттеулері бойынша, балалардың осындай ерекшеліктері жоғары жүйке қызметінің туабітті қызметіне (мидағы уақытша байланыстардың тез жасалып, берік орнығуы, қозу және тежелу процестерінің, алмасу қабілетінің молдығы, динамикалық стереотиптердің шапшаң жасалып, жақсы орнығуы, т.б.) байланысты екенін көрсетті.