ҒҰН ДӘУІРІНІҢ ЕСКЕРТКІШТЕРІ

Қазақстан, Орт. Азия, Бат. Сібір, Орал мен Еділдің оңт. өлкелеріндегі түрлі жәдігерлерді және IV–V ғ–ларға Еуропаға барған ғұндардан калған қабірлер мен көмбелерді қамтитын ғылымдағы жиынтық ету. Шығыстағы тарихи ғұн мәдениетінін таза сипаттағы ескерткіштері бұл өлкелерге тән емес. Жергілікті қаңлы, үйсін, сармат, т.б. мәдениеттердің ескерткіштері тараған. Бұларға шығыстық ғүн элементтері қосылып, кей өлкелерде «кеңқол» тәрізді аралас сипаттағы ескерткіштер тобы пайда болған. Жалпы, шығыстық элементерден, әсіресе, қару–жарақтағы, қыш ыдыстағы, жекелеген бұйым түрлеріндегі ықпалдарды айтуға болады. Жерлеу ғұрпында да өзгерістер байқалады. Оларды А.Бернштам, Ю.Заднепровский, С.Сорокин,К.Ақышев,И.Қожамбердиев, А.Максимова, М.Қадырбаев, Б.Нұрмағамбетов, Л.Левина, В.Могильников, И.Засецкая, М.Мошкова, О.Обельченко, т.б. зерттеді. Кеңқол ескерткіштері Шу мен Таластың жоғ. алқаптарында ашылды, олардың кейбір ықпалдары Оңт. Қазақстандағы Жамантоғай, Шәушіқүм, Бөріжар зираттарынан байқалады. Сонымен катар, ғұн әсері бар Жетіасар мәдениетінің (Арал маңы),   Құлажорға  (Шығ.   Қазақстан), Қорғантас (Орт. Қазақстан) кезеңдерінің ескерткіштері зерттелуде. Жетісудағы Қарғалы, Теңдік зираттарынан көптеген сәнді алтын бұйымдар, Ақтастағы қоныс пен зираттан құнды деректер алынған. Батыс өлкелердегі сармат тайпаларының соңғы кезеңдеріндегі ескерткіштерінде шығыс ғұндар ықпалы байқалады. Қазақстаннан бастап Қара т., Дунай, Карпатқа дейін тараған IV–V ғ–ларға жататын ескерткіштер ерекше топты  құрайды.   Айрықша белгілері – полихромды стильмен жасалған бағалы бұйымдар. Олар шығыс ғұндарының мәдениетінде жоқ, кейін қалыптасқан дәстүрге жатады. Асыл тастар, түсті шынылар орнату, сіркелеу (зернь), сым кептеу (скань), бөгетті эмаль және алтын–күмістеу тәсілдерін колданып жасаған сәнді бұйымдар Қазақстанда (Бурабай, Қарағаш, Қанаттас, Батыр), одан әрі батысқа қарай Еуропа жерлерінен көптеп табылды. Шығыс ғұн ескерткіштері мен Еуропаға барған ғұндарға қатысты ескерткіштердің арасындағы тікелей  сабақтастық ғылымда дәлелденбеген. Кейбір байланыстар тек жекелеген бұйымдардан ғана байқалады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *