грек. gгарһіке, gгарһо –жазамын) – бейнелеу өнерінің бір жанры. Г–да сызықтар, штрихтар, ашық және қара (қоңыр) дақтардың арақатынасы шешуші рөль атқарады. Сондай–ақ, заттардың ең негізгі белгілері таңдап алынады. Г–ға гравюраның барлық түрлері (литография, линогравюра, ксилография), плакаттық, сатиралық сурет түрлері жатады. Бейне қарындашпен, көмірмен, бормен, қаламұшпен тікелей қағазға түсіріледі немесе арнайы өңделген тақталарға (гравюра) немесе таска (литография) бедерленіп, қағазға содан басылады, кейде баспалық–мех. әдіс арқылы көбейтіледі. Бейнелеу кұралдарының карапайымдылығымен әрі көп таралыммен басып шығаруға ыңғайлылығымен Г. бұқаралық байланыс, ақпарат саласында (плакаттар, пошта маркалары, экслибристер, газет–журналдар), кітаптарды, әдеби шығармаларды безендіру үшін, әр түрлі тақырыпқа карикатура, шарж, жалпы нобай, композиц. эскиздер салу үшін, т.б. заттарды көркемдеуде кеңінен қолданылады. Г–да акварель, гуашь, пастель пайдаланылады. Қазақстандык Г–лық суреттердің ежелгі (палеолит дәуірі) үлгілеріне Балқаш, Түркістан, Маңғыстау, т.б. жерлерде жартастарға салынған суреттер жатады. Қазіргі заманғы қазақ бейнелеу өнеріндегі Г. 1930–50 жж. аралығында қалыптасты. Ә.Қастеев («Қазақстан», пейзаждар сериясы 1930–60), В.И. Антощенко–Оленев (І.Жансүгіровтің пор–треті, 1958), Е.А. Говорова («Тау тасқыны», 1959); Қ.Қожықов («Тал түс»,1960); Е.М. Сидоркиннің автолитограф. сериялары («Қазақтын ұлттық ойындары», 1963); М.Қисамединовтың «Махамбет» (1973), «Құрманғазы» сериялары, т.б. суретшілер шығарм. Қазақстан Г–сының дамуына елеулі үлес қосты.