Жент

Қазақтың ең бір әдемі де қуатты ұлттық тағамдарының бірі жент. Жентті даярлау тәсілі қарапайым да жеңіл. Ол үшін ең алдымен сөктен жасалған жармаға жылқының сүр болған шикі майын немесе қолдан шайқап, бүйенге тұздап салынған сары май, қант, мейіз, өріктің, жаңғақтың дәндерін қосып араластырып, келіге түйіп, жанышады. Дайын болған жентті ыдысқа салып, сол бойда дастарханға қоя беруге болады. Жұдырықтай ғана жент жеген адам ұзақты күн жүрегі сазбай тоқ жүреді. Ол, әсіресе, күні бойы өрістегі мал соңында жүрген ауыл адамдарына өте тиімді. Әрі дәмін жоймай ұзақ сақталатын тағам.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *